Үржар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 03 сәуірдегі № 98 "Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының қолданылуын тоқтата тұру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 172 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 мамырда № 5966 болып тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 02.03.2020 № 85 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Үржар ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 03 сәуірдегі № 98"Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмысістейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5837, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылдың 16 сәуірде жарияланған) қаулының қолданылуы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатыла тұрсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдансын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Сарбаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Зайнулдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады