ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының м.а. 2020 жылдың 25 маусымдағы № 211 ұсынысы негізінде Көктал ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Үржар ауданының Көктал ауылдық округінде ірі қара малдары арасынан пастреллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Көктал ауылдық округінің Көктал ауылында "Адам", "Аян", "Мұхит", "Ерсұлтан" шаруа қожалықтарының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Үржар ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 12 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылдың 04 мамырда № 7038 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 06 мамырда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктал ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көктал ауылдық округінің әкімі | Н. Садвакасов |