Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің 03.07.2020 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушысының 2020 жылдың 1 мамырдағы № 128 ұсынысы негізінде Көктал ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Үржар ауданының Көктал ауылдық округінде ірі қара малдар арасынан пастереллез ауруы пайда болуына байланысты, Көктал ауылдық округінің Көктал ауылында, "Адам", "Аян", "Мұхит", "Ерсұлтан" шаруа қожалықтарының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдансын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған оқиғаларға қолданылады.
Көктал ауылдық округінің әкімі | Н. Садвакасов |