Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-745/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 8048 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 14-251/VIII шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 10.04.2024 № 14-251/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 05.10.2022 № 18-302/VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 05.10.2022 № 18-302/VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      Ескерту. 1- тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 05.10.2022 № 18-302/VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Үржар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 46-510/VI "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінің айқындау Қағидасын бекіту туралы"( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6343 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтық құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 6 желтоқсанында, "Пульс времени/Уақыт тынысы" газетінде 2019 жылдың 12 желтоқсанында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      сессия төрағасы К. Сатмухамбетов
      Үржар аудандық мәслихатының хатшысы К. Карашев

  Үржар аудандық мәслихатының
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 57-745/VI шешіміне
қосымша

Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 05.10.2022 № 18-302/VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі Үржар ауданының жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Үржар ауданында тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 26.04.2023 № 2-30/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Абай облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 01.12.2023 № 7-182/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 26.04.2023 № 2-30/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалану шығыстарына ақы төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгiлеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 01.12.2023 № 7-182/VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысы-мен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Урджарском районе

Решение Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 22 декабря 2020 года № 57-745/VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 28 декабря 2020 года № 8048. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата области Абай от 10 апреля 2024 года № 14-251/VIII.

      Сноска. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата области Абай от 10.04.2024 № 14-251/VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок решения в редакции решения Урджарского районного маслихата области Абай от 05.10.2022 № 18-302/VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула в редакции решения Урджарского районного маслихата области Абай от 05.10.2022 № 18-302/VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Урджарском районе согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Урджарского районного маслихата области Абай от 05.10.2022 № 18-302/VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу решение Урджарского районного маслихата от 15 ноября 2019 года № 46-510/VI "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6343, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 6 декабря 2019 года, в газете "Пульс времени/Уақыт тынысы" от 12 декабря 2019 года).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      председатель сессии К. Сатмухамбетов
      Секретарь Урджарского районного маслихата К. Карашев

  Приложение
к решению Урджарского
районного маслихата
от 22 декабря 2020 года
№ 57-745/VI

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Урджарском районе

      Сноска. Приложение в редакции решения Урджарского районного маслихата области Абай от 05.10.2022 № 18-302/VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств Урджарского районного местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в Урджарском районе, в жилище которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Доля предельно допустимых расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) в размере 5 (пять) процентов.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Урджарского районного маслихата области Абай от 26.04.2023 № 2-30/VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Урджарского района области Абай" (далее - уполномоченный орган).

      Сноска. Пункт 2 в редакции решения Урджарского районного маслихата области Абай от 01.12.2023 № 7-182/VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" от 24 апреля 2020 года № 226 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20498).

      Сноска. Пункт 3 в редакции решения Урджарского районного маслихата области Абай от 26.04.2023 № 2-30/VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Жилищная помощь на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, определяется как разница между суммой оплаты расходов на пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в государственном жилищном фонде и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонда, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченной семьи (граждан) на эти цели, установленным местными представительными органами.

      При назначении жилищной помощи принимается норма площади полезной площади на одного человека в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально-защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с Приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      Сноска. Пункт 5 в редакции решения Урджарского районного маслихата области Абай от 01.12.2023 № 7-182/VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" и/или на веб-портал "электронного правительства" (далее – Государственная корпорация), согласно Правилам предоставления жилищной помощи, утвержденным постановлением Пра-вительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год малообеспеченным семьям (гражданам).

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня в порядке, определенном местными представительными органами.