Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 26.01.2021 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылдың 15 желтоқсандағы № 410 ұсынысы негізінде, Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты "Суық-Бұлақ" учаскесіндегі "Ахмер" шаруа қожалығында ірі қара малдары арасында қарасан індеті шығуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының №2 аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | С. Калиев |