Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты "Суық-Бұлақ" учаскесіндегі "Ахмер" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 115 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 13 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 қаңтарда № 8383 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2021 жылдың 12 қаңтардағы № 05 ұсынысы негізінде Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты "Суық-Бұлақ" учаскесіндегі "Ахмер" шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 115 "Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты Суық-Бұлақ" учаскесіндегі "Ахмер" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылдың 25 желтоқсандағы № 8040 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 28 желтоқсанында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады