Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты "Суық-Бұлақ" учаскесіндегі "Ахмер" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 115 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 8040 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі әкімінің 26.01.2021 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылдың 15 желтоқсандағы № 410 ұсынысы негізінде, Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты "Суық-Бұлақ" учаскесіндегі "Ахмер" шаруа қожалығында ірі қара малдары арасында қарасан індеті шығуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Үржар ауданының №2 аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады