ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 38/4-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4459 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);
2) Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 42/3-VI "Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 38/4-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6083 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
2. Осы шешім 2020 жылғы 6 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Геберт |
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |