Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 53/5-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 7200 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 38/4-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4459 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);

      2) Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 42/3-VI "Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 38/4-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6083 болып тіркелген, 2019 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).

      2. Осы шешім 2020 жылғы 6 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Геберт
      Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы А. Боровикова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады