Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 38/4-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 16 шілдедегі № 42/3-VІ шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 шілдеде № 6083 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 53/5-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 12.06.2020 № 53/5-VI шешімімен (06.06.2020 бастап қолданысқа енгiзiледi).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 38/4-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4459 болып тіркелген, "Мой город Шемонаиха" газетінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі 17 нөмірінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 сәуірде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2016 жылғы 4 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеуде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Шемонаиха қаласы Вокзальная – Анатолий Иванов атындағы көшелерінің қиылысынан, Анатолий Иванов атындағы көше бойымен жоғары қарай Бауыржан Момышұлы көшесінің қиылысына дейін қозғалу, Бауыржан Момышұлы көшесінің бойымен Астафьев көшесінің қиылысына дейін қозғалу, Астафьев көшесінің бойымен төмен қарай орталық кіре беріс арқылы аудандық мәдениет үйінің аумағына қозғалу (Астафьев көшесі, 36).".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г. Андронова
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы А. Боровикова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады