Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 03.08.2021 № 6/7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қазандағы № 17/8-VI "Сот шешімімен Шемонаиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5270 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің қолданылуы 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Геберт |
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |