Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 6/7-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 тамызда № 23878 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Сот шешімімен Шемонаиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 16 қазандағы № 17/8-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5270 болып тіркелген);

      2) "Шемонаиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қазандағы № 17/8-VI "Сот шешімімен Шемонаиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешімінің қолданылуын тоқтату туралы" 2020 жылғы 12 маусымдағы № 53/6-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы М. Желдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады