Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Акцияларының 100% мемлекеттік пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Бөрлі аудандық коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) дивидендтерінің (кірістерінің) көлемі таза табысының 10% көлемінде белгіленсін.
2. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) дивидендтердің (кірістердің) белгіленген көлемінің аудандық бюджетке толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз етсін.
3. Мемлекеттік органдар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің иелігінде қалған таза табыс бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамыту және жетілдіру мақсатында тиімді пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ихсановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Сатканов |