Бөрлі аудандық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 20 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 ақпанда № 6014 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Акцияларының 100% мемлекеттік пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) Бөрлі аудандық коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) дивидендтерінің (кірістерінің) көлемі таза табысының 10% көлемінде белгіленсін.

      2. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) дивидендтердің (кірістердің) белгіленген көлемінің аудандық бюджетке толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз етсін.

      3. Мемлекеттік органдар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің иелігінде қалған таза табыс бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамыту және жетілдіру мақсатында тиімді пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Муканова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ихсановқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Сатканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады