Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 тамыздағы №52-1 "Бөрлі ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібі, шекті толтырылу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикет жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6335 тіркелген, 2020 жылы 7 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"4. Осы шешім 4–қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.";
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
төраға | Н. Муфтеева |
Мәслихат хатшысы | А. Куликешев |
Бөрлі аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 26 қарашадағы № 55-4 шешіміне қосымша |
|
Бөрлі аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 4 тамыздағы № 52-1 шешіміне 1-қосымша |
Бөрлі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы
орындар және олардың шекті толтырылу нормалары
№ | Елдi мекен | Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар | Шекті толтырылу нормалары |
1. | Ақсай қаласы | Абай даңғылының басы - Абай даңғылы (Жібек жолы көшесінің қиылысынан Теміржол көшесінің қиылысына дейін), Теміржол көшесі (Абай даңғылының қиылысынан С.Датов көшесінің қиылысына дейін) | 200 адамнан аспайтын |
2. | Ақсай қаласы | "Қарашығанақ" дене шынықтыру - сауықтыру кешені ғимаратының алдындағы алаң, Халықтар достығы көшесі | 500 адамнан аспайтын |
3. | Ақбұлақ ауылы | Абай көшесінде орналасқан алаң (Абай көшесі) | 100 адамнан аспайтын |
4. | Ақсу ауылы | Достық көшесінде орналасқан алаң (Достық көшесі) | 100 адамнан аспайтын |
5. | Достық ауылы | Абай көшесінде орналасқан алаң (Абай көшесі) | 100 адамнан аспайтын |
6. | Бумакөл ауылы | Мектеп көшесінде орналасқан алаң (Мектеп көшесі) | 100 адамнан аспайтын |
7. | Бөрлі ауылы | "Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарсы алаң ("Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарсы алаңнан бастап Чапаев көшесінің соңына дейін) | 150 адамнан аспайтын |
8. | Жарсуат ауылы | орталық алаң – Абылай хан көшесі (орталық алаңнан мәдениет үйіне дейін) | 100 адамнан аспайтын |
9. | Кеңтүбек ауылы | орталық саябақтағы жазғы сахна - Ынтымақ көшесі (Тәуелсіздік көшесі - "Азат етуші жауынгерлер" саябағынан орталық саябақтағы жазғы сахнаға дейін) | 100 адамнан аспайтын |
10 | Қанай ауылы | "Жастар" саябағы (Достық көшесі) | 100 адамнан аспайтын |
11 | Қарақұдық ауылы | Абай көшесінде орналасқан саябақ (Абай көшесі) | 100 адамнан аспайтын |
12 | Қарағанды ауылы | Тарасенко көшесінде орналасқан алаң, Қазақстан көшесі ("Қарағанды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан бастап Тарасенко көшесімен мәдениет үйіне дейін) | 100 адамнан аспайтын |
13 | Приурал ауылы | Куриленко көшесінде орналасқан саябақ (Достық көшесі - "Приурал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан бастап Куриленко көшесімен мәдениет үйіне дейін) | 100 адамнан аспайтын |
14 | Пугачев ауылы | орталық саябақ – Жастар көшесі (Жастар және Жеңіс көшелерінің қиылысындағы орталық алаңынан бастап мәдениет үйінің алаңына дейін) | 150 адамнан аспайтын |
15 | Успен ауылы | Бейбітшілік көшесінде орналасқан алаң (Тәуелсіздік көшесі - "Успен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан бастап Бейбітшілік көшесімен мәдениет үйіне дейін) | 100 адамнан аспайтын |