Бөрлі ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібі, шекті толтырылу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикет жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 тамыздағы № 52-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 тамызда № 6335 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы бойынша арнайы орындарды пайдалану тәртібі айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы бойынша арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары айқындалсын.

      4. Осы шешім 4–қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 26.11.2020 № 55-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      сессия төрағасы В. Ан
      Мәслихат хатшысы А. Куликешев

  Бөрлі аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 4 тамыздағы
№ 52-1 шешіміне 1-қосымша

Бөрлі ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы
орындар және олардың шекті толтырылу нормалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 26.11.2020 № 55-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Елдi мекен

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Шекті толтырылу нормалары

1.

Ақсай қаласы

Абай даңғылының басы - Абай даңғылы (Жібек жолы көшесінің қиылысынан Теміржол көшесінің қиылысына дейін), Теміржол көшесі (Абай даңғылының қиылысынан С.Датов көшесінің қиылысына дейін)

200 адамнан аспайтын

2.

Ақсай қаласы

"Қарашығанақ" дене шынықтыру - сауықтыру кешені ғимаратының алдындағы алаң, Халықтар достығы көшесі

500 адамнан аспайтын

3.

Ақбұлақ ауылы

Абай көшесінде орналасқан алаң (Абай көшесі)

100 адамнан аспайтын

4.

Ақсу ауылы

Достық көшесінде орналасқан алаң (Достық көшесі)

100 адамнан аспайтын

5.

Достық ауылы

Абай көшесінде орналасқан алаң (Абай көшесі)

100 адамнан аспайтын

6.

Бумакөл ауылы

Мектеп көшесінде орналасқан алаң (Мектеп көшесі)

100 адамнан аспайтын

7.

Бөрлі ауылы

"Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарсы алаң ("Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарсы алаңнан бастап Чапаев көшесінің соңына дейін)

150 адамнан аспайтын

8.

Жарсуат ауылы

орталық алаң – Абылай хан көшесі (орталық алаңнан мәдениет үйіне дейін)

100 адамнан аспайтын

9.

Кеңтүбек ауылы

орталық саябақтағы жазғы сахна - Ынтымақ көшесі (Тәуелсіздік көшесі - "Азат етуші жауынгерлер" саябағынан орталық саябақтағы жазғы сахнаға дейін)

100 адамнан аспайтын

10

Қанай ауылы

"Жастар" саябағы (Достық көшесі)

100 адамнан аспайтын

11

Қарақұдық ауылы

Абай көшесінде орналасқан саябақ (Абай көшесі)

100 адамнан аспайтын

12

Қарағанды ауылы

Тарасенко көшесінде орналасқан алаң, Қазақстан көшесі ("Қарағанды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан бастап Тарасенко көшесімен мәдениет үйіне дейін)

100 адамнан аспайтын

13

Приурал ауылы

Куриленко көшесінде орналасқан саябақ (Достық көшесі - "Приурал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан бастап Куриленко көшесімен мәдениет үйіне дейін)

100 адамнан аспайтын

14

Пугачев ауылы

орталық саябақ – Жастар көшесі (Жастар және Жеңіс көшелерінің қиылысындағы орталық алаңынан бастап мәдениет үйінің алаңына дейін)

150 адамнан аспайтын

15

Успен ауылы

Бейбітшілік көшесінде орналасқан алаң (Тәуелсіздік көшесі - "Успен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан бастап Бейбітшілік көшесімен мәдениет үйіне дейін)

100 адамнан аспайтын

  Бөрлі аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 4 тамыздағы
№52-1 шешіміне 2–қосымша

Бөрлі ауданы бойынша арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      2 Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

      5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыжергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай – Заң) 2020 жылғы 25 мамырдағы 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, бейбіт жиналыстаруақытша тоқтатылады немесе мүлдемтоқтататылады, мұндай талапты орындау қажеттігі туралы бейбіт жиналыстарға қатысушыларды хабардар етеді.

  Бөрлі аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 4 тамыздағы
№52-1 шешіміне 3–қосымша

Бөрлі ауданы бойынша арнайы орындардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:

      жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;

      қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;

      шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

      3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

  Бөрлі аудандық мәслихаттың
2020 жылғы 4 тамыздағы
№52-1 шешіміне 4–қосымша

Бөрлі ауданы бойынша пикеттеу жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Бөрлі ауданы бойынша келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 100 метр қашықтықта пикеттеуді жүргізу шекарасы белгіленсін:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады