Теректі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 21-2 "Теректі ауданының ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 шілдедегі № 43-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 шілдеде № 6324 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 17-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 14.12.2021 № 17-1 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 21-2 "Теректі ауданының ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5196 тіркелген, 2018 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Осы шешім халық саны екі мың адамнан көп ауылдық округтер үшін оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.".

      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Кенжегулов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Батыров
      Теректі аудандық мәслихатының
хатшысы
А. Нургалиев

О внесении изменения в решение Теректинского районного маслихата от 24 апреля 2018 года № 21-2 "Об утверждении регламента собрания местного сообщества на территории сельских округов Теректинского района"

Решение Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 23 июля 2020 года № 43-10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 24 июля 2020 года № 6324. Утратило силу решением Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 14 декабря 2021 года № 17-1

      Сноска. Утратило силу решением Теректинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 14.12.2021 № 17-1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15630) Теректинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Теректинского районного маслихата от 24 апреля 2018 года № 21-2 "Об утверждении регламента собрания местного сообщества на территории сельских округов Теректинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5196, опубликованное 18 мая 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Настоящее решение вводится в действие для сельских округов с численностью населения более двух тысяч человек по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и для сельских округов с численностью населения две тысячи и менее человек с 1 января 2020 года.".

      2. Руководителю аппарата районного маслихата (Б.Кенжегулов) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Т. Батыров
      Секретарь Теректинского
районного маслихата
А Нургалиев