Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 14.12.2021 № 17-1 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 21-2 "Теректі ауданының ауылдық округтері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5196 тіркелген, 2018 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Осы шешім халық саны екі мың адамнан көп ауылдық округтер үшін оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.".
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Кенжегулов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Батыров |
Теректі аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Нургалиев |