Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қаңтарда № 22057 болып тіркелді.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.08.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 Бұйрықпен
  бекітілді

Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.08.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтініш беруші – белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғылары бар кәсіпкерлік субъектісі;

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және электр энергетикасы салаларындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау тәртібі

      3. Өтініш беруші Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен бекітілген Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21269 болып тіркелген) (бұдан әрі – Технологиялық қосылу қағидалары) сәйкес энергия беруші ұйымға кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосуға өтініш (бұдан әрі-Өтініш) береді.

      4. Энергия беруші ұйым технологиялық қосылу қағидаларының 6-тармағында көзделген өтініш беруші ұсынған құжаттар талаптарға сәйкес келген кезде 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш берушіге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға негізделген шығындардың қорытындысын (бұдан әрі – Қорытынды) береді.

      5. Белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі кәсіпкерлік субъектілерін электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) шығындар тізбесін айқындау;

      2) шығыстар баптарын бекіту.

      6. Кәсіпкерлік субъектілерін белгіленген қуаты 200 квт дейінгі электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындар тізбесін айқындау кезінде шығындар осы Қағидалардың талаптары ескеріле отырып қосылады. Шығыстар баптарын қалыптастыру "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.08.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі кәсіпкерлік субъектілерін электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындар тізбесі мынадай:

      1) материалдық шығыстардан;

      2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

      3) техникалық қадағалау;

      4) авторлық қадағалау;

      5) өндірістік жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу;

      6) құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған шығыстардан;

      7) материалдарды өндірушіден жұмыс орнына дейін тасымалдау шығындары;

      8) құрылыс машиналарын пайдалануға арналған шығындар, оның ішінде құрылыс машиналары мен тетіктерін басқарумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу шығыстарынан тұрады.

      8. Белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі кәсіпкерлік субъектілерін электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындар тізбесін айқындау кезінде өзіндік құнда қосу бойынша осы жұмысқа тікелей қатысты негіздеуші материалдармен расталған мынадай шығыстар ескеріледі:

      1) электр желілерін салуға арналған жобалау құжаттамасында ескерілген материалдық шығыстар, оның ішінде сатып алынатын бұйымдар, жанар-жағармай материалдарына арналған шығыстар. Бұл ретте, шығындар тізбесінде көрсетілген материалдардың құны осы материалдарды өндірушінің құнынан аспайды;

      2) бұл ретте, қолданыстағы заңнамада көзделген сатып алу рәсімдерін жүргізу арқылы өнім берушіден сатып алынған шығындар тізбесінде көрсетілген материалдардың құны, оларды жеткізуге арналған ілеспе шығындарды ескере отырып, осы материалдарды өндірушінің құнынан, егер өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында болмаса, осы материалдарды өндірушінің өкілдігіндегі материалдардың құнынан аспайды;

      3) техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық және авторлық қадағалауға, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған шығыстар жұмыстардың жоспарланған көлеміне сәйкес және тиісті нарық жұмыстарының бағалары туралы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми статистикалық ақпараты негізінде айқындалады;

      4) шығындар тізбесінде жұмысшылар мен желілік персонал тікелей құрылыс жұмыстарымен айналысатын бригадалардың (учаскелердің) жұмыскерлерінің құрамына қосылған кезде оны қоса алғанда, өндірістік жұмысшылардың, сондай-ақ жұмыс аймағы шегінде және объект маңындағы қоймадан монтаждау орнына дейін материалдар мен жабдықтардың орнын ауыстыруды жүзеге асыратын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар көрсетіледі.

      Құрылыс машиналары мен тетіктерді басқарумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу шығындары құрылыс машиналарын пайдалануға арналған шығындардың құрамына қосылады.

      Қорытындыда көрсетілген қажетті жұмыстардың тізбесінде қосалқы өндірістер, ұйымның қызмет көрсететін шаруашылықтары жұмысшыларының, күрделі емес жұмыстармен (уақытша ғимараттар мен құрылыстар салу бойынша жұмыстарды қоса алғанда) және үстеме шығыстар есебінен жүзеге асырылатын басқа да жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу, сондай-ақ материалдарды объект маңындағы қоймада көлік құралдарына тиеуді қоса алғанда, оларды тиеумен, түсірумен және объект маңындағы қоймаға дейін жеткізумен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу көрсетілмейді.

      Мамандардың жалақысын есептеу жұмысқа тартылған мамандардың нақты санын ескере отырып жүзеге асырылады және энергия беруші ұйымның орташа айлық жалақысының мөлшерінен аспайды, сондай-ақ жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін салықтарды, жарналар мен жалақыдан аударымдарды қамтиды.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.08.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9 Қорытындыда келтірілген кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындар сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:



      мұнда:


– белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын технологиялық қосуға арналған шығындар сомасы, теңге;

- барлық материалдар құнының сомасы, теңге;

- барлық жұмыстар құнының сомасы, теңге.

- эскизді және эскиздік жобаны келісу мемлекеттік көрсетілетін қызметіне арналған шығындар сомасы.

  Кәсіпкерлік субъектілерінің
белгіленген қуаты 200 кВт
дейінгі электр қондырғыларын
энергия беруші ұйымдардың
электр желілеріне
технологиялық қосуға арналған
шығындарды айқындау
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға негізделген шығындардың қорытындысы ______________________________________________ №___ өтінішіне (Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (болған кезде), тегі немесе ұйымның атауы)

Қажетті материалдар тізбесі

Материалдар атауы

Саны
(дана, кг. (т.),
м. (м.2, м.3), л.)

1-бірліктің құны, теңге

Жалпы құны, теңге

1





2





3





4





5










Жиыны: Барлық материалдар құнының сомасы (S m)


Қажетті жұмыстар тізбесі

Жұмыстар атауы

Мамандардың (жұмысшылардың) және техниканың атауы және саны (дана)

Сағат саны

1 сағаттың құны, теңге

Жалпы құны, теңге

1






2






3






4






5












Жиыны: Барлық жұмыстар құнының сомасы S r , теңге


Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған негізделген шығындар құнының жалпы сомасы S z


      __________________________________             __________             _________

      (Аты, әкесінің аты (болған кезде), тегі             (қолы)             (күні)

      __________________________________________

      (ұйымның атауы және атқаратын лауазымы)

Об утверждении Правил определения затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2021 года № 4. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 января 2021 года № 22057.

      В соответствии с подпунктом 7-4) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 16.08.2022 № 56 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций.

      2. Комитету по регулированию естественных монополий в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Р. Даленов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 6 января 2021 года № 4

Правила определения затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 7-4) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях" и определяют порядок определения затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 16.08.2022 № 56 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих Правилах используется следующее понятие:

      1) заявитель – субъект предпринимательства, имеющий электрические установки с установленной мощностью до 200 кВт.

      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сферах естественных монополий и электроэнергетики.

Глава 2. Порядок определения затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций

      3. Заявитель подает заявление на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающей организаций (далее – заявление) в энергопередающую организацию в соответствии с Правилами технологического присоединения к электрическим сетям энергопередающих организаций, утвержденными приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № 327 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21269) (далее – Правила технологического присоединения).

      4. Энергопередающая организация при соответствии представленных Заявителем документов, предусмотренных пунктом 6 Правил технологического присоединения, требованиям в срок не позднее 10 (десяти) рабочих дней выдает заявителю заключение обоснованных затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций (далее – Заключение) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      5. Определение затрат на технологическое присоединение к сетям электроснабжения субъектов предпринимательства с установленной мощностью до 200 кВт, включает следующие этапы:

      1) определение перечня затрат;

      2) утверждение статей расходов.

      6. При определении перечня затрат на технологическое присоединение к сетям электроснабжения субъектов предпринимательства установленной мощностью до 200 кВт включаются затраты с учетом требований настоящих Правил. Формирование статей расходов осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности".

      Сноска. Пункт 6 - в редакции приказа Министра национальной экономики РК от 16.08.2022 № 56 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Перечень затрат на технологическое присоединение к сетям электроснабжения субъектов предпринимательства с установленной мощностью до 200 кВт из следующих расходов:

      1) материальных расходов;

      2) разработки проектно-сметной документации;

      3) технического надзора;

      4) авторского надзора;

      5) оплаты труда производственных рабочих.

      6) расходов на строительно-монтажные работы;

      7) расходы на транспортировку материалов от производителя к месту производства работ;

      8) затраты на эксплуатацию строительных машин, в том числе оплаты труда рабочих, занятых управлением и обслуживанием строительных машин и механизмов.

      8. При определении перечня затрат на технологическое присоединение к сетям электроснабжения субъектов предпринимательства с установленной мощностью до 200 кВт в себестоимости учитываются следующие подтвержденные обосновывающими материалами расходы, непосредственно относящиеся к данной работе по присоединению:

      1) материальные расходы, учтенные в проектной документации на строительство электрических сетей, в том числе покупные изделия, расходы на горюче-смазочные материалы. При этом, стоимость материалов, указанных в перечне затрат не превышают стоимость производителя этих материалов;

      2) при этом стоимость материалов, указанных в перечне затрат, закупленных у поставщика путем проведения процедур закупа, предусмотренных действующим законодательством, не превышают стоимость производителя этих материалов или стоимость материалов у представительства производителя этих материалов, если производитель не находится на территории Республики Казахстан, с учетом сопутствующих затрат на их доставку;

      3) технический и авторский надзор, а также разработка проектно-сметной документации осуществляются в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан". Расходы на технический и авторский надзор, а также разработку проектно-сметной документации определяется в соответствии с планируемым объемом работ и на основе официальной статистической информации уполномоченного органа в области государственной статистики о ценах на работы соответствующего рынка;

      4) в перечне затрат отражаются расходы по оплате труда производственных рабочих, включая рабочих, и линейного персонала при включении его в состав работников бригад (участков), занятых непосредственно на строительных работах, а также рабочих, осуществляющих перемещение материалов и оборудования в пределах рабочей зоны и от приобъектного склада до места монтажа.

      Затраты на оплату труда рабочих, занятых управлением и обслуживанием строительных машин и механизмов, включаются в состав затрат на эксплуатацию строительных машин.

      В перечне необходимых работ, указанных в Заключении, не отражается оплата труда рабочих вспомогательных производств, обслуживающих хозяйств организации, рабочих, занятых на некапитальных работах (включая работы по возведению временных зданий и сооружений) и других работах, осуществляемых за счет накладных расходов, а также оплата труда рабочих, занятых погрузкой, разгрузкой и доставкой материалов до приобъектного склада, включая их разгрузку с транспортных средств на приобъектном складе.

      Расчет заработной платы специалистов осуществляется с учетом фактической численности задействованных специалистов, и не превышает размер среднемесячной заработной платы энергопередающей организации, а также включает налоги, взносы и отчисления с заработной платы, выплачиваемые за счет средств работодателя.

      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным приказом Министра национальной экономики РК от 16.08.2022 № 56 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Сумма затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций, приведенных в заключении, определяются по следующей формуле:

     


      где:

     

– сумма затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт, тенге;

     

– сумма стоимости всех материалов, тенге;

     

– сумма стоимости всех работ, тенге;

     

- сумма затрат на государственную услугу согласование эскиза и эскизного проекта.

  Приложение к Правилам
определения затрат на
технологическое присоединение
электрических установок с
установленной мощностью до
200 кВт субъектов
предпринимательства к
электрическим сетям
энергопередающих организаций
  Форма

Заключение обоснованных затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций

      На заявление №___от ______________________________________________
      (Фамилия, имя, отчество (при его наличии) заявителя или наименование организации)

Перечень необходимых материалов

Наименование материалов

  Количество
  (шт., кг. (т.),
  м. (м.2, м.3), л.)

Стоимость 1-единицы, тенге

Общая стоимость, тенге

1





2





3





4





5










Итого: Сумма стоимости всех материалов (S m)


Перечень необходимых работ

Наименование работ

Наименование и количество специалистов (рабочих), техники (шт.)

Количество часов

Стоимость 1-часа, тенге

Общая стоимость, тенге

1






2






3






4






5












Итого: Сумма стоимости всех работ S r , тенге


Общая сумма стоимости обоснованных затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций S z


      _____________________________________________________ __________ _________
                        (Фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись) (дата)

      _________________________________________________________________________
(Занимаемая должность и название организации)