Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29156 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2022 жылғы 16 тамыздағы
№ 56 Бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 124-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау тәртібін айқындайды.".

      2. "Инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 2 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22036 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанында:

      5-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 36-1) тармақшасында көзделген көгалдандыру екпелерін суару үшін сапалы ауыз суды пайдалану;

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 40-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның суару кестесін келісуімен бассейндік аумақтық инспекциялар;".

      3. "Табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22039 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Тариф өзгерген кезде табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын оның өзгеруі туралы табиғи моноплоия субьектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тарайтын бұқаралық ақпарат құралдарында, өз интернет-ресурсында не уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімдерде тиісті ақпаратты орналастыру жолымен хабардар етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Табиғи монополия субъектісі тұтынушыға есепке алу құралын "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабы 2-тармағының 30) тармақшасына сәйкес орнатады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Табиғи монополия субъектісі тұтынушыға есепке алу құралын "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабы 2-тармағының 30) тармақшасына сәйкес орнатады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүктерді контейнерлермен тасу, бос контейнерлерді тасу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілері саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Тариф өзгерген кезде табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын оның өзгеруі туралы табиғи монополия субьектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тарайтын бұқаралық ақпарат құралдарында, өз интернет-ресурсында не уәкілетті органның немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімдерде тиісті ақпаратты орналастыру жолымен хабардар етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімде тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгергені туралы хабардар етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімде тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгергені туралы хабардар етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мұнай мен мұнай өнімдерін кейіннен порттан шыға отырып, танкерге/танкерге құбыржолдар арқылы ауыстырып тиеу үшін кеменің теңіз портына кіруі үшін көрсетілетін қызметтер (кемеге кіру) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып жүргізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Шартты жасасуға, өзгертуге, бұзуға немесе оның қолданысын ұзартуға байланысты мәселелерді шешу кезінде Тараптар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін басшылыққа алады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімде тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгергені туралы хабардар етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімде тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгергені туралы хабардар етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімде тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгеруі туралы хабардар етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын желіге беруді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында белгіленген мерзімде тиісті ақпаратты орналастыру арқылы оның өзгеруі туралы хабардар етеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимыл тәртібі бар қызметтер көрсетудің үлгілік регламентінде:

      28, 29, 30, 31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Жүктеме бейіні электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің тұтынуын (сальдо – ағыны) сағаттық өлшеу болмаған кезде тұтынудың сағаттық мәндерін айқындау үшін пайдаланылады. Тұтынушыда тұтынудың сағаттық өлшемдері (сальдо – ағын) болмаған кезде не осы жүйелердің (аспаптардың) қандай да бір уақытша істен шығуы (жұмыстағы іркілістер) туындаған кезде электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімсіздіктерінің шамасы жүктеме бейіні пайдаланыла отырып айқындалады.

      29. Жүктеме профилі телеметрия деректері негізінде қалыптастырылады. Телеметрия деректері болмаған кезде жүктеме бейіні статистикалық ақпараттың, өткізілетін маусымдық сағаттық бақылау өлшемдерінің, тұтынушының жұмыс режимінің басқа параметрлерінің негізінде қалыптастырылады, тараптар тоқсан бойынша келіседі және тараптардың келісімі бойынша тоқсан ішінде түзетіледі. Келісілген бейіннің қолданылу мерзімі және оны өзгерту мен келісу шарттары теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартта айтылады.

      30. Тұтынушыда келісілген жүктеме бейіні болмаған кезде табиғи монополия субъектісі тұтынудың сағат сайынғы мәндерін айқындау үшін тұтынудың ұқсас құрылымымен не тұтынушының жыл сайын жүргізілетін сағат сайынғы бақылау өлшемдерінің деректері бойынша тұтынушының жүктемесінің үлгілік бейінін айқындайды және пайдаланады.

      31. Тұтынушы электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне ақы төлеуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары бекіткен тарифтер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) қатаң сәйкестікте жүргізеді.

      32. Тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тұтынушыларды және (немесе) уәкілетті органның ведомствосын немесе оның аумақтық органын оның өзгеруі туралы тиісті ақпаратты "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 19-тармағында көзделген мерзімдерде табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық органының интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабардар етеді.".

      4. "Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22057 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау тәртібін айқындайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кәсіпкерлік субъектілерін белгіленген қуаты 200 квт дейінгі электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындар тізбесін айқындау кезінде шығындар осы Қағидалардың талаптары ескеріле отырып қосылады. Шығыстар баптарын қалыптастыру "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық және авторлық қадағалауға, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған шығыстар жұмыстардың жоспарланған көлеміне сәйкес және тиісті нарық жұмыстарының бағалары туралы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми статистикалық ақпараты негізінде айқындалады;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады