Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.02.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16588 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Ақтау теңіз айлағы" арнайы экономикалық аймағы:
1) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;
2) былғары және оған қатысты өнімдер өндіру;
3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
5) өзге де металл емес минералды өнім өндіру;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) дайын металл бұйымдарын жасау;
8) машиналар мен жабдықтарды жасау;
9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
10) негізгі фармацевтикалық өнімдер және препараттар өндіру;
11) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
12) электр моторларын, генераторлар, трансформаторлар, электр таратқыш және бақылау аппаратурасын жасау;
13) электр өткізгіштерді және электр өткізгіш аспаптарын жасау;
14) жобалау-сметалық құжаттамаға шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
15) "AKTAU RESORT HOTEL" көпфункционалды кешенін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салу және пайдалануға беру;
16) деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдармаларды) орналастыру және осымен байланысты қызметтер; веб-порталдардың қызметі;
17) аквадақыл.
4. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы:
1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау, бағдарламалық қамтылымды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;
2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);
3) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды жасау;
4) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген, осындай жұмыстарды жүргізу туралы қорытынды болған кезде ақпараттық технологиялар, телекоммуникациялар және байланыс, электроника, аспап жасау, жаңартылатын энергия көздері, ресурс үнемдеу және табиғат пайдалану саласында, жаңа материалдар жасау және қолдану, мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
5) мәтіндерді өңдеуге арналған машиналарды, көшіру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторларды, кассалық аппараттарды, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналарды жасау, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электрондық есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтарды жасау;
6) электр-және радио элементтерді, таратушы аппаратураны, дыбыс пен бейнені қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратураны жасау;
7) электрондық, өлшейтін, оптикалық, жарық беруші аспаптарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мамандықтар тізбесі бойынша инновациялық технологиялар саласындағы білім беру қызметі;
9) жаңа материалдарды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;
10) тұрмыстық электр аспаптарын: тоңазытқыштар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналар жасау;
11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
12) біріккен университет ауруханасын салу және пайдалану (клиника);
13) университеттік аурухана (клиника) шеңберінде көрсетілетін медициналық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі;
14) Жүктерді қоймаға қою және сақтау;
15) Жүктерді көліктік өңдеу;
16) өзге де көліктік қосалқы қызмет;
17) киімнен басқа, мата емес тоқыма бұйымдарын шығару;
18) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге химиялық өнімдер өндірісі;
19) негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі;
20) фармацевтикалық препараттар мен медицициналық материалдар өндірісі;
21) резеңке санитарлық-гигиеналық және медициналық бұйымдар өндірісі;
22) электр өлшеуіш құралдарының өндірісі;
23) физикалық зерттеулер үшін құралдар өндірісі;
24) медициналық-хирургиялық аспаптар өндірісі;
25) сәулелендіретін, электромедициналық және электротерапиялық жабдық өндірісі;
26) медициналық құралдар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі;
27) өзге маталар өндірісі;
28) арнайы киім өндірісі;
29) күн электр станциялармен электр энергиясын өндіруі.
Ескертпе:
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру талабы қызметтің мынадай түрлері:
1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етілімді (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;
2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.
5. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы:
1) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару;
2) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын шығару;
3) үлбірден және теріден тігілетін киімді қоспағанда, киім шығару;
4) иіру, тоқу және әрлеу өндірісі;
5) киімнен басқа, тоқыма емес бұйымдар шығару;
6) кілемдер мен кілем бұйымдарын шығару;
7) ағаш қоймалжыңын және целлюлоза шығару;
8) қағаз және қатырма қағаз шығару;
9) теріні илеу мен өңдеуді, үлбірді өңдеу мен бояуды қоспағанда, тері өнімін шығару;
10) жазу қағазы бұйымдарын шығару;
11) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
12) кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру;
13) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
14) шойын құю;
15) болат құю;
16) құрылыс металл конструкциялары мен олардың бөлшектерін өндіру ("кілтке дейінгі" блокты-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады);
17) өзге де металл цистерналарды, резервуарлар мен контейнерлерді өндіру ("кілтке дейінгі" блокты-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады);
18) машина жасаудың негізгі технологиялық процестері;
19) электр қозғалтқыштар, генераторлар мен трансформаторлар өндірісі;
20) электр таратушы және реттеуші аппаратуралар өндірісі ("кілтке дейінгі" блокты-модульдік шешімдерді дайындау үшін пайдаланылады немесе сорғылармен және компрессорлармен жиынтықта жеткізіледі);
21) өзге де сорғылар мен компрессорлар өндірісі;
22) өзге де крандар, клапандар және шұралар өндірісі.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі