БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 630 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қазанда № 12150 болып тіркелді, "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда, "Егемен Қазақстан" 2016 жылғы 16 шілдеде № 135 (28261) жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына бухгалтерлік есеп "Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) (бұдан әрі – Шоттар жоспары) негізінде осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары үшін шоттар жоспарындағы бірыңғай балансында жүргізіледі.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, шығару, есептен шығару, орнын ауыстыру, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру кезінде, бухгалтерлік есеп осы Нұсқаулыққа және Бухгалтерлік есеп жүргізу ережесіне сәйкес жүргізіледі.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. 1319 "Өзге материалдар" шотында материалдық құндылықтар мақсаты бойынша есепке алынады.
1340 "Тауарлар" шотында кәдеге жаратылған тауарлар есепке алынады.
8. 1319 "Өзге материалдар" шоты:
1319-1 "Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары (оның ішінде ізгілік көмек көрсету)";
1319-2 "Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары";
1319-3 "Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арналған материалдық құндылықтар";
1319-4 "Нарыққа реттеушілік ықпал етуге арналған материалдық құндылықтар" қосалқы шоттарына бөлінеді.
1340 "Тауарлар" шоты:
1340-1 "Кәдеге жаратылған тауарлар" қосалқы шотқа бөлінеді.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. 1340-1 "Кәдеге жаратылған тауарлар" қосалқы шотында кәдеге жаратылған тауарлар есепке алынады.";
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Шоттар жоспарына сәйкес төленген материалдық құндылықтардың сомасына 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының дебеті және 1080 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Шоттар жоспарына сәйкес жеткізілген материалдық құндылықтардың құнына 1319 "Өзге материалдар" шотының тиісті қосалқы шоттары дебетіне және 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазба жүргізіледі.
Шоттар жоспарына сәйкес шығарылған материалдық құндылықтардың құны 1319 "Өзге материалдар" тиісті қосалқы шотының кредитіне және 7060 "Қорлар бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебетіне жазылады.
Шоттар жоспарына сәйкес жеткізілген кәдеге жаратылған тауарлар құнына 1340-1 "Кәдеге жаратылған тауарлар" қосалқы шотының дебетіне және 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазба жүргізіледі.
Шоттар жоспарына сәйкес шығарылған кәдеге жаратылған тауарлар құнының 1340-1 "Кәдеге жаратылған тауарлар" қосалқы шотының кредитіне және 7060 "Қорлар бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебетіне жазылады.
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қаржы есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес материалдық құндылықтар Комитеттің балансында 020 "Қорлар" деген жолдың коды бойынша көрсетіледі.";
көрсетілген Нұсқаулыққа қосымшада Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары есепке алу үшін шоттар жоспары мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
1340 | Тауарлар | Кәдеге жаратылған тауарлар | 1340-1 |
". |
2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |