Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 630 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қазанда № 12150 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 4 қыркүйек



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 3 қыркүйек
№ 630 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі) сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына бухгалтерлік есеп "Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) (бұдан әрі – Шоттар жоспары) негізінде осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары үшін шоттар жоспарындағы бірыңғай балансында жүргізіледі.

      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, шығару, есептен шығару, орнын ауыстыру, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру кезінде, бухгалтерлік есеп осы Нұсқаулыққа және Бухгалтерлік есеп жүргізу ережесіне сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын бухгалтерлік есепке алуды Комитет мемлекеттік материалдық резерв жүйесі қызметінің ерекшелігін ескере отырып жүзеге асырады.

      4. "Қысқа мерзiмдi активтер" деген 1-бөлімнің шоттарында жұмылдыру мұқтаждықтарына, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қабылдауға, нарыққа реттеушiлік ықпал етуге, босқындарға көмек және ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтардың қорлары есепке алынады.

      Материалдық құндылықтар, оларды сатып алу шығындарын негізге ала отырып айқындалатын, нақты құны бойынша есепте және қаржы есептілікте көрсетіледі.

      5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алудың негізгі міндеттері мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сандық және сапалық сақталуын есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

      6. 1319 "Өзге материалдар" шоты мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуға арналған.

      7. 1319 "Өзге материалдар" шотында материалдық құндылықтар мақсаты бойынша есепке алынады.

      1340 "Тауарлар" шотында кәдеге жаратылған тауарлар есепке алынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. 1319 "Өзге материалдар" шоты:

      1319-1 "Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары (оның ішінде ізгілік көмек көрсету)";

      1319-2 "Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары";

      1319-3 "Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арналған материалдық құндылықтар";

      1319-4 "Нарыққа реттеушілік ықпал етуге арналған материалдық құндылықтар" қосалқы шоттарына бөлінеді.

      1340 "Тауарлар" шоты:

      1340-1 "Кәдеге жаратылған тауарлар" қосалқы шотқа бөлінеді.


      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. 1319-1 "Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары (оның ішінде ізгілік көмек көрсету)" қосалқы шотында мемлекеттік резервтің оның ішінде ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар есепке алынады.

      10. 1319-2 "Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары" қосалқы шотында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметте пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары есепке алынады.

      11. 1319-3 "Төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға арналған материалдық құндылықтар" қосалқы шотында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi бірінші кезектегі жұмыстарды қамтамасыз ететін материалдық құндылықтар есепке алынады.

      12. 1319-4 "Нарыққа реттеушілік ықпал етуге арналған материалдық құндылықтар" қосалқы шотында нарыққа реттеушілік ықпал ету мақсатында қолданылатын материалдық құндылықтар есепке алынады.

      12-1. 1340-1 "Кәдеге жаратылған тауарлар" қосалқы шотында кәдеге жаратылған тауарлар есепке алынады.

      Ескерту. Нұсқаулық 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Шоттар жоспарына сәйкес төленген материалдық құндылықтардың сомасына 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының дебеті және 1080 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

      Шоттар жоспарына сәйкес жеткізілген материалдық құндылықтардың құнына 1319 "Өзге материалдар" шотының тиісті қосалқы шоттары дебетіне және 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазба жүргізіледі.

      Шоттар жоспарына сәйкес шығарылған материалдық құндылықтардың құны 1319 "Өзге материалдар" тиісті қосалқы шотының кредитіне және 7060 "Қорлар бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебетіне жазылады.

      Шоттар жоспарына сәйкес жеткізілген кәдеге жаратылған тауарлар құнына 1340-1 "Кәдеге жаратылған тауарлар" қосалқы шотының дебетіне және 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазба жүргізіледі.

      Шоттар жоспарына сәйкес шығарылған кәдеге жаратылған тауарлар құнының 1340-1 "Кәдеге жаратылған тауарлар" қосалқы шотының кредитіне және 7060 "Қорлар бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебетіне жазылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қаржы есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес материалдық құндылықтар Комитеттің балансында 020 "Қорлар" деген жолдың коды бойынша көрсетіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік материалдық резервке салынатын материалдық қүндылықтарды, олардың ыдысын Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы және сақтау пункттері оларды сатып алудың нақты құны бойынша есепке алады.

      Бұл ретте Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы және сақтау пункттері материалдық жауапты адамдар бөлінісінде мемлекеттік материалдық резервке салынған материалдық құндылықтардың және олардың ыдысының бөлек талдамалық (сандық-сомалық) есебін жүргізеді.

      16. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бухгалтерлік есебін Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымы және сақтау пункттері олардың негізгі қызметінің бухгалтерлік есебінен бөлек жүргізеді.

      17. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімдері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7197 болып тіркелген Казақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасына сәйкес белгіленеді.

  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық құндылықтарына
бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі
нұсқаулыққа қосымша

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары үшін
шоттар жоспары

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.01.2021 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Шот атауы

Шоттың нөмірі

Қосалқы шоттың атауы

Қ/ш нөмірі

1-бөлім

Қысқа мерзiмдi

активтер




Өзге материалдар

1319

Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары (оның ішінде ізгілік көмек көрсету)

1319-1



Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары

1319-2



Төтенше жағдайлардың салдарларын жоюға арналған материалдық құндылықтар

1319-3



Нарыққа реттеушілік ықпал етуге арналған материалдық құндылықтар

1319-4

Тауарлар

1340

Кәдеге жаратылған тауарлар

1340-1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады