"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6), 47), 48) және 65-5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтыру енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
министрдің міндетін атқарушы | Н. Дауешов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
министрдің міндетін атқарушы 2021 жылғы 17 ақпандағы № 44 бұйрығына қосымша |
Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9947 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
10, 11, 12, 13 және 14 -тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына түсу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаның "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан- әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса, еркін нысандағы өтінішті береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Стандартында баяндалған.
11. Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды кеңсеге немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап 4 (төрт) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың осы Стандартында және осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарына толықтығын және сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштің көшірмесіне күні мен тегін көрсете отырып, қабылданғаны туралы белгі қояды, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
13. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
осы Қағидаларға 1-қосымша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтардың осы Тізбенің (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
осы Тізбенің 2-қосымшасына сәйкес осы Қағидалардың 1-1-қосымшасымен толықтырылсын.
2. "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, мүгедектерге арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларында (бұдан- әрі – Қағидалар):
10, 10-1, 10-2, 10-3 және 10-4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"10. "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Спорттық-сауықтыру топтарына және спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлық топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы бойы жүргізіледі.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне түсу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан- әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса, еркін нысандағы өтінішті береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Стандартында баяндалған.
10-1. Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
10-2. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды кеңсеге немесе портал арқылы тапсырған сәттен бастап 4 (төрт) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың осы Стандартында және осы Қағидалардың 9-1 және 11-тармақтарында көзделген талаптарына толықтығы мен сәйкестігін тексереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштің көшірмесіне күні мен тегін көрсете отырып, қабылданғаны туралы белгі қояды, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
10-3. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді, порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды.
10-4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
30-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;
осы Қағидалардың 2-қосымшасы осы Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
осы Қағидалардың 3-қосымшасы осы Тізбенің 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
3. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15344 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларында (бұдан- әрі – Қағидалар):
9, 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"9. "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға қабылдау үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) курстарды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан- әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінімді береді.
9-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес Стандартында баяндалған.
9-2. Өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде оның көшірмесіне күні мен кеңсе қызметкерінің тегі көрсетілген қабылдау туралы белгі қойылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 1-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы қолхат береді.
9-3. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі және күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтінімнің көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
осы Қағидалардың 1-1-қосымшасы осы Тізбенің 5-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
осы Қағидалардың 1-2-қосымшасы осы Тізбенің 6-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
4. "Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20438 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 22 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларында (бұдан- әрі – Қағидалар):
16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. ЖАО әкімдігі тұрғынжайды беру туралы қаулыны қабылдағаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушымен тұрғынжайды пайдалану шарты (бұдан әрі – шарт) жасалады.";
осы Қағидалардың 2-қосымшасы осы Тізбенің 7-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
осы Қағидалардың 3-қосымшасы осы Тізбенің 8-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
"Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) сағат. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00 – ден 18.30 – ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Құжаттар оқуға түсушілердің ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қабылданады: |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)___________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы: _____________________________________ ___________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны ____________________
Алдым: _____________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)
әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________
"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе портал арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) сағат. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Жеке тұлғаларға тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00 – ден 18.30 – ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Спорттық-сауықтыру топтарына және спорт түрлері бойынша бірінші оқу жылының бастапқы даярлық топтарына құжаттарды қабылдау оқу жылы бойы жүргізіледі. |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектерге арналған спорт мектептері:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)___________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы: _______________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны ____________________
Алдым: ____________________________________________ _________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)
әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________"
"Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) сағат. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің тегі мен күні көрсетілген қабылдау туралы белгісі бар өтінімнің көшірмесі немесемемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Жеке және заңды тұлғаларға тегін. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00 – ден 18.30 – ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықталған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы курстарды өткізу басталғанға дейін 14 (он төрт) күнтізбелік күн бұрын көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді. |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(атауы және заңды мекен-жайы)
көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда, атап айтқанда Сіздің қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау"мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)___________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаушы: ________________________________________ ________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны ____________________
Алдым: _____________________________________________ ________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)
әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________"
"Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1 кезең: көрсетілетін қызметті берушінің тұрғынжаймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдауы – 3 (үш) ай; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғынжайды пайдалану шарты. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00 – ден 18.30 – ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Организм функцияларының тұрақтыбұзылуы бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен жүргізеді. |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының № ____ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда жоқ және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атауы:
1)___________________________________________________________;
2)___________________________________________________________;
3)___________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
_________________________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы:______________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Телефоны ____________________
Алдым: __________________________________________ _________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)
әкесінің аты (болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________"