Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 шілдеде № 15344 болып тіркелді.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.07.2022 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамасын белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк түрде тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолымен куәландырылған осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электронды түрде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 29 маусымдағы
№ 194 бұйрығына
қосымша

Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды (бұдан әрі - кадрлар) даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.07.2022 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілікті арттыру – дене шынықтыру және спорт саласында бұрын алған кәсіби білімдерін, шеберліктерін және дағдыларын жаңартуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

      2) даярлау – дене шынықтыру және спорт саласында жұмыстардың белгілі түрін орындау үшін жаңа немесе өзгертілген кәсіби білімдерді, шеберліктерді және дағдыларды үйренуге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

      3) қайта даярлау – дене шынықтыру және спорт саласында басқа мамандықты игеруге немесе қосымша білімдерді, шеберліктерді және дағдыларды үйреніп алуға мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

      4) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      5) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

      6) оқыту ұйымы – кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша қызметті меншіктік нысанына қарамастан жарғыға сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;

      7) өтініш беруші – кадрларға даярлаудан, қайта даярлаудан немесе біліктілікті арттырудан өту мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту ұйымына өтініш беріп дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;

      8) тыңдаушы – білім беру ұйымында қосымша білімнің және дайындық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

      9) тыңдаушылардың қорытынды аттестациясы (бұдан әрі – аттестация) – олардың оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында өткізілетін шара.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.09.2018 № 268 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібі

      3. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды оқыту ұйымы өткізеді.

      4. Кадрлар даярлаудан, қайта даярлауды және біліктілікті арттырудан бес жылда бір рет жұмыстан қолдарын үзіп, өтеді.

      5. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мына курс нысандарында өтеді:

      1) қысқамерзімді (кемінде 36 сағат);

      2) ұзақмерзімді (кемінде 108 сағат).

      Курстар сабақтар түрінде өткізіледі. Бір сабақ - бір академиялық сағат (45 минут).

      6. Оқыту ұйымы күнтізбелік оқу жылына курстардың кестесін, оқу жоспарын, оқу бағдарламасын жасайды және бекітеді, оны дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлесімді жүзеге асыратын орталық атқару органымен келіседі. Келіскеннен кейін оқыту ұйымы дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға курстар кестесінің көшірмесін жолдайды және өзінің ресми сайтына орналастырады.

      7. Практикалық сабақтарды өткізу үшін оқыту ұйымы республикалық немесе өңірлік спорт федерацияларына жаттықтырушы-оқытушылардың кандидатуралары сұратылатын, оған қоса оқу бағдарламаларын қоса бере отырып, жаттықтырушы-оқытушылардың кандидатураларын ұсыну туралы сұрату жібереді.

      Теориялық сабақтарды өткізу үшін жалпы пәндер бойынша оқытушыларды іріктеуді оқыту ұйымы өздігінен жүргізеді.

      Оқыту ұйымы оқытушылармен, жаттықтырушы-оқытушылармен қызметтерді ұсынуға азаматтық-құқықтық шарт жасасады.

      8. Кадрларды оқыту оқу жоспарына және бағдарламасына сәйкес бекітілген курстар кестесі бойынша жүзеге асырылады.

      9. "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға қабылдау үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) курстарды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн бұрын www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі-Тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1 – қосымшасына сәйкес нысандағы өтініммен (бұдан әрі-өтінім) жүгінеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кіретін мемлекеттік қызметті көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына ("электрондық үкімет" порталы арқылы қызмет көрсетуді ескере отырып), Бірыңғай байланыс орталығы және көрсетілетін қызметті берушілерге ұсынады.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      9-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.07.2022 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      9-3. Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының "Е-лицензиялау "Мемлекеттік деректер базасының" (бұдан әрі - ЕЛ МДҚ) бірыңғай көліктік қолымен куәландырылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Ескерту. 9-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      9-4. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 9-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.07.2022 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10. Оқыту аяқталғаннан кейін игерілген білімдерін бақылау мақсатында тест түрінде емтихан өткізіледі.

      Тестілеудің нәтижесі сұрақтардың жалпы санынан елу пайыздан аса дұрыс жауаптар жиналған болса – оң, ал тест сұрақтарының жалпы саны елу пайыздан кем болса – теріс деп бағаланады.

      11. Тестілеудің нәтижесі оң болған жағдайда тыңдаушыларға келесі құжаттардың бірі беріледі:

      1) біліктілікті арттыру кезінде – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік;

      2) даярлау, қайта даярлау кезінде – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлік.

      12. Тестілеудің теріс нәтижесін алған жағдайда тыңдаушыға осы Қағидарларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.

      Оқыту ұйымы кадрлардың даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтуінің қорытындылары бойынша есепті қалыптастырады және оны уәкілетті органға келесі есеп беру жылының 5 қаңтарына дейінгі мерзімге жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараумен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 17.02.2021 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.12.2021 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  ____________________________
(оқу өткізетін ұйымның атауы)
____________________________
____________________________
(өтініш беруші: жеке тұлға үшін
- аты, жөні, тегі (ол болған жағдайда);
заңды тұлға үшін - толық атауы)

Өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.07.2022 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы келесі кадрлар ________________________

                                    (даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру)

      өту үшін жіберіледі:

Р/с №

Тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)

Лауазымының толық атауы

Тақырыбы, спорт түрі

Кезеңі (курстың басталу және аяқталу күні)

Байланыс (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)

1






2






3






      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

_________________________________________

________________
қолы

(жеке тұлға үшін – аты, жөні, тегі (ол болған жағдайда), (жеке тұлға үшін – мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы; заңды тұлға үшін – заңды тұлға үшін – толық атауы, заңды мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы).

қолы және мөрі


  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау мен
олардың біліктілігін арттыру
қағидаларына
1-1-қосымша

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

"Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды портал арқылы тапсырған сәттен бастап – автоматты түрде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Порталда-мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін "Е-лицензиялау" Мемлекеттік деректер базасының бірыңғай көліктік қолтаңбасымен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке және заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www. gov. kz/ ent itie s/ msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға электрондық құжат нысанында сұрау салу.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы курстарды өткізу басталғанға дейін 14 (он төрт) күнтізбелік күн бұрын көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау мен
олардың біліктілігін арттыру
қағидаларына
1-2-қосымша

      Нысан

  __________________________
Көрсетілетін қызметті алушының
__________________________
тегi аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________________________
не ұйымның атауы
__________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 1-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.04.2020 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын

      басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру

      және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін

      арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (атауы және заңды мекен-жайы)

      "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға

      және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге

      қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет

      көрсетуден бас тартады.

      Жоқ және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың атауы:

      1)___________________________________________________________;

      2)___________________________________________________________;

      3)___________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы:___________________________________ ___________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Телефоны ____________________

      Алдым: _______________________________________ ____________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, (қолы)

      әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___"_________"

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

      _______________________________________

      (оқу өткізетін ұйымның атауы)

КУӘЛІК №___

      Осы куәлік _________________________________________________________ берілді,

      (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

      ол дене шынықтыру және спорт саласындағы біліктілікті арттыру бойынша курстан 2017 ж.

      "___" ____________ бастап "___" ________________

      __________________________________________________________ ____________ сағат

      көлемінде өтті.

      ____________________________                                          __________

      (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда)                  Мөр орны            (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы) 

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________

      _______________

      (берілген орны)

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына 3-қосымша
  Нысан

      _______________________________________

      (оқу өткізетін ұйымның атауы)

КУӘЛІК №___

      Осы куәлік _________________________________________________________ берілді,

      (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

      ол дене шынықтыру және спорт саласындағы біліктілікті арттыру бойынша курстан 2017 ж.

      "___" ____________ бастап "___" ________________

      __________________________________________________________ ____________ сағат

      көлемінде өтті.

      ____________________________                                          __________

      (Тегі, аты-жөні, (болған жағдайда)                  Мөр орны            (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы) 

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________

      _______________

      (берілген орны)

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

_______________________________________________________________ (оқу өткізетін ұйымның атауы) Анықтама

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.07.2022 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ___________________________________________________________________ берілді,

      (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

      ол дене шынықтыру және спорт саласындағы (даярлау немесе қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру) курстан 20___ жылғы "___"______ бастап "___" ________ дейн тақырыбы:

      _________________________________________________________________________

      сағат көлемінде өтпеді. ________________________________             __________

      (тегі, аты-жөні, (болған жағдайда) М.О.       (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы)

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________

      ______________

      (берілген орны)

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады