"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 10029 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық қызмет – пайдаланушыға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;
2) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтер жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
5) мемлекеттік қызметті көрсетудің қағаз нысаны – мемлекеттік қызметті алуға өтінішті берген сәттен бастап, оның нәтижесін бергенге дейін қағаз құжат айналымының процесін қамтитын қызмет көрсету нысаны;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
8) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
9) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
10) толық автоматтандырылған қызмет – оны көрсету процесінде қағаз құжат айналымын жүргізілмейтін қызмет;
11) ішінара автоматтандырылған қызмет – оны көрсету процесінде қағаз және электрондық құжат айналымының реттілігін қамтитын қызмет.
3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау, енгізу және есепке алу, көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы негізгі мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
4. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі
5. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;
2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге немесе тізілімнен шығаруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тастау;
4) тізілімнің мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) мәніне мониторинг жүргізу;
5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді өзектендіру (жаңарту).
6. Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
7. Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:
1) жыл сайын тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге түгендеу жүргізеді;
2) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде өзгерістерді және (немесе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды күнтізбелік жылдың 1 наурызынан және 1 қыркүйегінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.
8. Күнтізбелік жылдың 1 наурызынан немесе 1 қыркүйегінен кейін ұсынылған ұсыныстар өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың келесі жобасында қаралады.
9. Осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша ұсынылмаған тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралмайды, бұл туралы хабарлама жіберіледі.
10. Уәкілетті орган ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан және 1 желтоқсанынан кешіктірмей тізілімді басшының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен бекітеді немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
11. Тізілім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітіледі немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
3-тарау. Тізілім құрылымы
12. Тізілім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша әзірленеді.
13. Тізілім мыналарды көздейді:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;
2) көрсетілетін қызметті алушы (жеке және (немесе) заңды тұлға) туралы мәліметтер; мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы; көрсетілетін қызметті берушінің атауы;
3) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық нысанда көрсетілген жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы мен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын, стационарлық абоненттік құрылғыны, ақпараттандыру объектілерін көрсету;
4) "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық (толық немесе ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті/ ақпараттық);
5) мемлекеттік қызметті көрсетудің ақылы немесе тегін болуы;
6) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы.
14. Тізілімнің сыныпталуы мыналардан тұрады:
1) қоғамдық қатынастар салаларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді топтастыру болып табылатын бөлімдер;
2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді топтастыру болып табылатын кіші бөлімдер;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлері арқылы жүзеге асырылады.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейлерінің кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгі түріндегі сегіз таңбалы жеке жіктелген код беріледі.
Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:
1) бірінші бөлім – 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласының бөлімін білдіреді;
2) екінші бөлім – 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;
3) үшінші бөлім – 3 цифрдан тұрады және кіші бөлім ішіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реттік нөмірін білдіреді.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сыныпталған кодын уәкілетті орган береді.
17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны
Р/с № | Құрылымдық элемент | Қолданыстағы редакция | Ұсынылып отырған редакция | Негіздеме (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты | Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштерді қабылдауды және ресімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар | Ақылы болуы | оның ішінде: | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерінің нысаны | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі (болжанатын мерзімдер, құжаттар тізілімі және тағыда басқа) | Тізілімге толықтырулар енгізу негіздемесі (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда) | |
Құқықтық негіздеме | төлем мөлшері | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің құрылымы
Р/с № | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
Көрсетілетін қызметті алушы |
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) "электрондық үкіметтің" веб-порталы және ұялы байланыс абоненттік құрылғысын, стационарлық абоненттік құрылғыны, ақпараттандыру объектілерін* көрсету | Ақылы не тегін болуы | Мемлекеттік қызметті көрсету нысанын (электрондық (толық немесе ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде/ проактивті/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін, ақпараттық) |
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
* ақпараттандыру объектілері - "электрондық үкіметтің" шлюзінде, "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы
Бөлім | ||
Ішкі бөлім | ||
Атауы | ||
001 | Құжаттау | |
00101 | Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебені алу | |
00102 | Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес құқықтарды қамтамасыз ететін құжаттарды алу | |
002 | Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу | |
00201 | Жеке тұлғаларды тіркеу/ мәртебесін, тұрғылықты жерін, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және басқа деректерін ауыстыру | |
00202 | Шетелде болу | |
00203 | Қазақстан Республикасына келу | |
003 | Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу | |
00301 | Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
004 | Отбасы және балалар | |
00401 | Отбасын құру | |
00402 | Туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу | |
00403 | Балаға білім беру және бос уақыт | |
00404 | Баланы бағу және қамтамасыз ету | |
005 | Мүлік және зияткерлік меншік құқығы | |
00501 | Жылжымалы мүлік | |
00502 | Жылжымайтын мүлік | |
00503 | Зияткерлік меншік | |
00504 | Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
006 | Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау | |
00601 | Медициналық көмек | |
00602 | Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00603 | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы | |
00604 | Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
007 | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау | |
00701 | Халықты жұмыспен қамту | |
00702 | Халықты жұмыспен қамту саласында рұқсат құжаттарын беру | |
00703 | Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру | |
00704 | Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау | |
00705 | Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер | |
00706 | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
008 | Білім және ғылым | |
00801 | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім | |
00802 | Білім және ғылым саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00803 | Білім және ғылым саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
009 | Бизнес және кәсіпкерлік | |
00901 | Бизнестің немесе жеке кәсіпкерліктің басталуы | |
00902 | Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметінің тоқтауы | |
00903 | Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00904 | Өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруге рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00905 | Өнімдердің жекелеген түрлерін сатып алуға, өткізуге және сақтауға (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00906 | Кәсіпкерлік қызметті қолдау | |
010 | Туризм | |
01001 | Туризм саласындағы өзгеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
011 | Көлік және коммуникация | |
01101 | Автомобиль көлігі | |
01102 | Әуе көлігі | |
01103 | Теміржол және су көлігі | |
01104 | Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
012 | Қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін, табиғи ресурстарды қорғау | |
01201 | Қоршаған ортаны қорғау | |
01202 | Су ресурстарын пайдалану | |
01203 | Орман ресурстарын пайдалану | |
01204 | Жануарлар дүниесін пайдалану | |
01205 | Жер қойнауын пайдалану | |
013 | Ауыл шаруашылығы | |
01301 | Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
01302 | Ауыл шаруашылығы саласында рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
014 | Өнеркәсіп, индустрия және технология | |
01401 | Отын және энергетика | |
01402 | Технологиялар | |
01403 | Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01404 | Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
015 | Мұнай-газ саласы | |
01501 | Мұнай-газ саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01502 | Мұнай-газ саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
016 | Салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп, аудиторлық қызмет | |
01601 | Салықтық әкімшілендіру | |
01602 | Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік | |
01603 | Аудиторлық қызмет | |
017 | Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау | |
01701 | Банктер қызметі саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01702 | Зейнетақы қорларының қызметі саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01703 | Сақтандыру қызметтері нарығы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01704 | Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
018 | Кеден ісі | |
01801 | Кеден ісі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
019 | Қауіпсіздік, қорғаныс және сот әділдігі | |
01901 | Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01902 | Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
020 | Бәсекелестікті қорғау | |
02001 | Бәсекелестікті қорғау саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
021 | Дін | |
02101 | Дін саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
022 | Жер қатынастары, геодезия және картография | |
02201 | Жер қатынастары | |
02202 | Геодезия және картография | |
023 | Мәдениет, ақпарат және байланыс | |
02301 | Байланысты ұйымдастыру және ұсыну саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
02302 | Ақпарат | |
02303 | Мәдениет | |
024 | Төтенше жағдайлар | |
02401 | Төтенше жағдайлар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
025 | Дене шынықтыру және спорт | |
02501 | Дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
026 | Сәулет-қала құрылысы қызметі | |
02601 | Сәулет-қала құрылысы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
02602 | Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
027 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | |
02701 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
028 | Сыртқы саясат және шетел істері | |
02801 | Сыртқы саясат және шетел істері саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
029 | Табиғи монополияларды реттеу | |
02901 | Табиғи монополияларды реттеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
030 | Мемлекеттік қызмет | |
03001 | Мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
031 | Басқа | |
03101 | Ғарыш кеңістігін пайдалану | |
03102 | Апостиль қою | |
03103 | Статистикалық ақпаратты ұсыну | |
03104 | Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттік меншік |