"Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 ақпанда № 22258 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16161 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 9 қаңтарда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесінде:

      2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Әдістеме монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануды бағалау тетігін айқындайды.";

      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) құзыретті орган – экономиканың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) мәмілеге қатысушылардың тауарлары – экономикалық шоғырлануға мәміле жасасқанға дейін мәмілеге қатысушылар өткізетін және мәмілеге қатысушылар ол аяқталғаннан кейін өткізілуі жоспарланатын (жоспарлаған) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);

      3) өтініш беруші – экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат немесе жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама берген тұлға;

      4) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) өнім берушілері (сатушылар, тапсырыс берушілер) – өз қызметінің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізетін нарық субъектілері, сондай-ақ тауар өндірушілерден соңғы тұтынушыларға жылжыту бойынша қызметтер көрсететін сауда және делдал ұйымдар;

      5) Экономикалық шоғырлануға келісім – монополияға қарсы органның кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға келісімі;

      6) экономикалық шоғырлануға қатысушы – экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;

      7) экономикалық шоғырлануға тыйым салу – монополияға қарсы органның кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салуы және (немесе) монополияға қарсы органның кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген экономикалық шоғырлану мәмілелерінің күшін жою туралы нұсқама шығаруы.

      Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.";

      4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізу негіздері монополияға қарсы органға:

      1) Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынған экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттың (бұдан әрі – өтінішхат);

      2) Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынған Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) келіп түсуі болып табылады.";

      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. 40 күнтізбелік күн ішінде (Кодекстің 205-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес мерзімдерді тоқтата тұру құқығымен) монополияға қарсы органның өтінішхатты қарау барысында экономикалық шоғырлануды бағалауды жүргізуі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) өтінішхатқа қоса берілетін, Кодекстің 204-бабында көзделген құжаттаманың толықтығы мен анықтығын тексеру;

      2) егер мәмілеге қатысушы тұлғалар (тұлғалар тобы) өзара алмастырылатын тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда экономикалық шоғырлануды жасау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу;

      3) бір немесе одан көп тауар нарықтарында бәсекелестікті шектеудің пайда болуы немесе күшеюі анықталған кезде бәсекелестікті шектеу көрсеткіштерін есептеу;

      4) монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдауы.";

      6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Монополияға қарсы органның хабарламаны қарау барысында экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізуі мынандай кезеңдерді қамтиды:

      1) Кодекстің 207-бабында көзделген, хабарламаға қоса берілетін құжаттаманың және мәліметтердің толықтығы мен анықтығын тексеру;

      2) Кодекс талаптарына сәйкестігі тұрғысынан экономикалық шоғырланудың жасалғанын растайтын шартты немесе өзге де құжатты қарау;

      3) бәсекелестіктің шектелуі немесе жойылуы, оның ішінде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюі арқылы шектелуі немесе жойылуы тұрғысынан экономикалық шоғырлануды қарау;

      4) Кодекстің 209-бабына сәйкес монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешім қабылдауы.";

      7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Экономикалық шоғырлануды бағалау кезінде ақпарат ретінде қажеттілігіне қарай:

      1) экономикалық шоғырлануға қатысушылардан;

      2) тұтынушылар пікіртерімі барысында;

      3) мемлекеттік статистикалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органнан;

      4) құзыретті мемлекеттік органдардан;

      5) экономикалық шоғырландыруға қатысушылармен ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндіруді, өткізуді, экспорттауды немесе Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын нарық субъектілерінен;

      6) монополияға қарсы органның өз зерттеулері барысында;

      7) қауымдастықтардан, қоғамдық бірлестіктерден, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынған мәліметтер;

      8) нарық субъектілеріне, азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға жүргізілген маркетингтік, әлеуметтанушылық зерттеулердің, іріктелген пікіртерімдер мен сауалнамалардың деректері пайдаланылады.";

      8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Егер экономикалық шоғырлануға қатысушылар тауарлары ішінде ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарлар болмаған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешім қабылдайды және осындай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны өтініш берушіге жібереді.";

      9 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Егер мәмілеге қатысушы адамдар (адамдар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, монополияға қарсы орган Кодекстің 196-бабына және Кодекстің 90-6-бабының 13) тармақшасына сәйкес бекітілетін Тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді.";

      10 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Егер тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдаудың нәтижесі бойынша экономикалық шоғырлануға қатысушылардың жиынтық үлесі тауар нарығында 35% және одан төмен пайызды құраса, сондай-ақ бәсекелестікті шектеу белгілері болмаған жағдайда, монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануды жасауға келісім береді.";

      11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Егер тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдаудың нәтижесі бойынша экономикалық шоғырлануға қатысушылардың жиынтық үлесі тауар нарығында 35%-дан астам болған жағдайда, монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлану жасау кезінде бәсекелестікті шектеу көрсеткіштеріне есептеу жүргізеді.

      Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге алып келсе, монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлану жасауға жол бермейді.";

      12 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "12. Бәсекелестікті шектеудің болуын, пайда болуын немесе күшеюін анықтау үшін монополияға қарсы орган бәсекелестікті шектеудің мынадай көрсеткіштерін пайдаланады:

      1) мәміле жасалғаннан кейін тиісті тауар нарығында мәмілеге қатысушылардың жиынтық үлесі 35% -ды құрайды немесе одан асады;

      2) нарықтық шоғырлану көрсеткіштерінің өзгеруі: мәміле жасалған жағдайда тауардың тиісті нарығында Герфиндаль - Гиршман нарықтық шоғырлану индексі (HHІ) өзгереді:

      қалыпты шоғырландырылған нарық үшін 250-ден артық мөлшерге (1000 < ННІ < 2000);

      жоғары шоғырландырылған нарық үшін 100-ден артық мөлшерге (2000 < ННІ < 10000);

      нарық субъектілерінің төмен шоғырландырылған нарықтарда (HHІ 1000) бірігуінің нәтижесінде нарыққа теріс салдарлардың болу ықтималдығы аз;

      3) мәміле жасалғаннан кейін нарыққа ықтимал кіру/шығу кедергілерінің пайда болуы;

      4) Лернер индексі

      0,5 болғанда, мәмілеге қатысушылардың бірімен мәміле жасалғаннан кейін нарықтық биліктің пайда болуы немесе күшеюі.";

      16 тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "16. Экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қоятын қорытынды қалыптастырылады.";

      17 тармақ мына редакцияда жазылсын:

      "17. Қорытындыны қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға мынадай:

      1) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;

      2) экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Кодекстің 209-бабына сәйкес хабарламаны қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган шешім қабылдайды.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағаның орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға С. Жумангарин

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2021 жылғы 24 ақпандағы
№ 3 Бұйрыққа
1-қосымша
  Тауар нарықтарындағы
экономикалық шоғырлануды
бағалау әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің төрағасы
________________________
(барыс септігінде)
________________________
(шығыс септігінде)
(толық атауы және (немесе)
көрсетілетін қызметті
алушының аты, әкесінің аты
(болған жағдайда),
тегі, БСН және
(немесе) ЖСН
(болған жағдайда)

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)

      200-бабының 2-тармағын сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (мәміленің, іс-әрекеттің мәні мен тараптары көрсетілген мәміленің,

      іс-әрекеттің сипаттамасы)

      _____________________________________________________________________

      қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.

      Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      ____________________________________________________________________

      (Кодекстің 201-бабы 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі)

      ____________________________________________________________ негізінде

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      тегі көрсетіледі) беріліп отыр.

      Құжаттама ______________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (Кодекстің 204-бабының тармағы көрсетіледі)

      сәйкес қоса беріледі.

      Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).

      Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Басшының немесе оны алмастыратын

      тұлғаның қолтаңбасы             ____________________________

      Өтінішхат берілген күн             "___"_____________ __________

      Өкілдің байланыс мәліметтері       _____________________________

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
2021 жылғы 24 ақпандағы
№ 3 Бұйрыққа
2-қосымша
  Тауар нарықтарындағы
экономикалық шоғырлануды
бағалау әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агентігінің төрағасы
_________________________
(барыс септігінде)
_________________________
(шығыс септігінде)
(толық атауы және (немесе)
көрсетілетін қызметті
алушының аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), тегі,
БСН және (немесе)
ЖСН (болған жағдайда)

Жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 200-бабының 1-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________________

      (мәмілеге қатысушылардың атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      жасалған (жоспарланған) экономикалық шоғырлану туралы хабардар етемін,

      ол мыналарға негізделеді:

нарық субъектісінің (оның ішінде сенімгерлік басқаруға арналған шарттың, бірлескен қызмет туралы келісімнің, комиссия шартының негізінде) кәсіпкерлік қызметті жүргізген кезде басқа нарық субъектісіне орындалуы міндетті нұсқамалар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтарды сатып алу

аталған субъектілерде көрсетілген жеке тұлғалар өздерінің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайлар анықтаған жағдайда, екі және одан көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, бақылау кеңестеріне немесе басқа басқару органдарына бір жеке тұлғалардың қатысуы

      Мәміленің, іс-қимылдың сипаттамасы

      ___________________________________________________________________

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      Атауы/аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      ___________________________________________________________________

      БСН/ЖСН



      Ұсынылған құжаттар нөмірленген (электрондық жеткізгіштері қосымша беріледі).

      Қоса беріліп отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.

      Ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшының немесе оны алмастыратын

      тұлғаның қолтаңбасы             ___________________________

      Өтінішхат берілген күн             "____"_____________ _______

      Өкілдің байланыс мәліметтері       ___________________________

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 14 декабря 2017 года № 416 "Об утверждении Методики оценки экономической концентрации на товарных рынках"

Приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 24 февраля 2021 года № 3. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 февраля 2021 года № 22258

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 14 декабря 2017 года № 416 "Об утверждении Методики оценки экономической концентрации на товарных рынках" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16161, опубликован 9 января 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Методике оценки экономической концентрации на товарных рынках, утвержденной указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Методика определяет механизм оценки экономической концентрации антимонопольным органом.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В Методике применяются следующие понятия:

      1) компетентный орган – государственный орган, осуществляющий управление соответствующей отраслью (сферой) экономики;

      2) товары участников сделки – товары (работы, услуги), реализуемые участниками сделки до совершения сделки экономической концентрации и планируемые (запланированные) к реализации участниками сделки после ее совершения;

      3) заявитель – лицо, подавшее ходатайство о даче согласия на экономическую концентрацию или уведомление о совершенной экономической концентрации;

      4) поставщики (продавцы, заказчики) товара (работы, услуги) – субъекты рынка, реализующие товары (работы, услуги) собственной деятельности, а также торговые и посреднические организации, оказывающие услуги по продвижению товара от производителей к конечным потребителям;

      5) согласие на экономическую концентрацию – согласие антимонопольного органа на осуществление сделок, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) пункта 1 статьи 201 Кодекса;

      6) участник экономической концентрации – физическое или юридическое лицо, совершившее или намеревающееся совершить экономическую концентрацию;

      7) запрет на экономическую концентрацию – запрет антимонопольного органа на осуществление сделок, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) пункта 1 статьи 201 Кодекса, и (или) вынесение антимонопольным органом предписания об отмене сделок экономической концентрации, предусмотренных подпунктами 4) и 5) пункта 1 статьи 201 Кодекса.

      Иные понятия и термины, используемые в Методике, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Основаниями проведения оценки экономической концентрации являются поступление в антимонопольный орган:

      1) ходатайства о даче согласия на экономическую концентрацию, представленного заявителем по форме согласно приложению 1 к Методике (далее – ходатайство);

      2) уведомления о совершенной экономической концентрации, предусмотренной подпунктами 4) и 5) пункта 1 статьи 201 Кодекса, представленного заявителем по форме согласно приложению 2 к Методике (далее – уведомление).";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. В течение 40 календарных дней (с правом приостановления сроков в соответствии с пунктами 3 и 5 статьи 205 Кодекса) проведение антимонопольным органом оценки экономической концентрации в ходе рассмотрения ходатайства включает следующие этапы:

      1) проверка полноты и достоверности прилагаемой к ходатайству документации, предусмотренной статьей 204 Кодекса;

      2) проведение анализа состояния конкуренции на товарных рынках при совершении экономической концентрации в случае, если лица, участвующие в сделке (группа лиц), осуществляют деятельность по реализации взаимозаменяемых товаров и (или) наличии признаков ограничения конкуренции;

      3) расчет показателей ограничения конкуренции, при выявлении на одном и более товарных рынках возникновения или усиления ограничения конкуренции;

      4) принятие антимонопольным органом решения по результатам оценки экономической концентрации.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Проведение антимонопольным органом оценки экономической концентрации в ходе рассмотрения уведомления включает следующие этапы:

      1) проверка полноты и достоверности прилагаемой к уведомлению документации и сведений, предусмотренных статьей 207 Кодекса;

      2) рассмотрение договора или иного документа, подтверждающего совершение экономической концентрации, на предмет соответствия требованиям Кодекса;

      3) рассмотрение экономической концентрации на предмет ограничения или устранения конкуренции, в том числе путем возникновения или усиления доминирующего положения субъекта рынка;

      4) принятие антимонопольным органом решения по уведомлению о совершенной экономической концентрации в соответствии со статьей 209 Кодекса.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. При оценке экономической концентрации в качестве информации, при необходимости используются сведения, полученные:

      1) от участников экономической концентрации;

      2) в ходе опроса потребителей;

      3) от государственного органа, осуществляющего руководство в сфере государственной статистической деятельности;

      4) от компетентных государственных органов;

      5) от субъектов рынка, осуществляющих производство, реализацию, экспорт или импорт в Республику Казахстан аналогичных или взаимозаменяемых с участниками экономической концентрации товаров;

      6) в ходе собственных исследований антимонопольного органа;

      7) от ассоциаций, общественных объединений, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен";

      8) данные маркетинговых, социологических исследований, выборочных опросов и анкетирования субъектов рынка, граждан, общественных организаций.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. В случае, если среди товаров участников экономической концентрации отсутствуют аналогичные или взаимозаменяемые товары и (или) наличии признаков ограничения конкуренции, руководителем антимонопольного органа или лицом, его замещающим, принимается решение о согласии на экономическую концентрацию и в течение трех рабочих дней со дня принятия такого решения направляется заявителю.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. В случае, если лица, участвующие в сделке (группа лиц), осуществляют деятельность по реализации аналогичных или взаимозаменяемых товаров и (или) наличии признаков ограничения конкуренции, антимонопольным органом проводится анализ состояния конкуренции на товарном рынке в соответствии со статьей 196 Кодекса и Методикой по проведению анализа и оценки состояния конкуренции на товарном рынке, утверждаемой в соответствии с подпунктом 13) статьи 90-6 Кодекса.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. В случае, если по результатам анализа состояния конкуренции на товарном рынке совокупная доля участников экономической концентрации на товарном рынке составляет 35% и менее, а также отсутствуют признаки ограничения конкуренции, антимонопольным органом предоставляется согласие на совершение экономической концентрации.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. В случае, если по результатам анализа состояния конкуренции на товарном рынке совокупная доля участников экономической концентрации на товарном рынке составляет более 35%, антимонопольным органом производится расчет показателей ограничения конкуренции при совершении экономической концентрации.

      Антимонопольным органом не допускается совершение экономической концентрации, если экономическая концентрация приводит к ограничению конкуренции.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Для выявления наличия, возникновения или усиления ограничения конкуренции антимонопольным органом используются следующие показатели ограничения конкуренции:

      1) совокупная доля участников сделки составит или превысит 35% на соответствующем товарном рынке после совершения сделки;

      2) изменение показателей рыночной концентрации: в случае совершения сделки индекс рыночной концентрации Герфиндаля – Гиршмана (ННI) на соответствующем товарном рынке изменится:

      более чем на 250 для умеренноконцентрированного рынка (1000 < ННI < 2000);

      более чем на 100 для высококонцентрированного рынка (2000 < ННI < 10000);

      негативные последствия на рынок в результате слияния субъектов рынка на низкоконцентрированных рынках (ННI < 1000) маловероятны;

      3) возникновение возможных барьеров входа/выхода на рынок после сделки;

      4) возникновение или усиление рыночной власти после сделки у одного из участников сделки, когда Индекс Лернера ≥ 0,5.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. По результатам оценки экономической концентрации формируется заключение, которое подписывается руководителем соответствующего структурного подразделения антимонопольного органа или лицом, его замещающим.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. По результатам рассмотрения заключения руководителем антимонопольного органа или лицом, его замещающим, принимается одно из следующих решений:

      1) о согласии на экономическую концентрацию;

      2) о запрете на экономическую концентрацию.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. По результатам рассмотрения уведомления антимонопольным органом принимается решение в соответствии со статьей 209 Кодекса.";

      приложения 1 и 2 изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту экономической концентрации и контроля государственных предприятий Агентства по защите и развитию конкуренции в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства по защите и развитию конкуренции
Республики Казахстан
С. Жумангарин

  Приложение 1 к приказу
Председатель Агентства
по защите и развитию конкуренции
Республики Казахстан
от 24 февраля 2021 года № 3
  Приложение 1 к Методике
оценки экономической концентрации
на товарных рынках
  Форма
  Председателю Агентства по
защите и развитию конкуренция
Республики Казахстан
_______________________
от_____________________
(полное наименование и
(или) фамилия, имя,
отчество (при его наличии)
услугополучателя БИН и
(или) ИИН (при наличии)

            Ходатайство о даче согласия на экономическую концентрацию

      В соответствии с пунктом 2 статьи 200 Предпринимательского кодекса Республики
Казахстан (далее – Кодекс) прошу предоставить согласие на экономическую концентрацию, заключающуюся в
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(описание сделки, действия, с указанием предмета и сторон сделки, действия)
Настоящее ходатайство о даче согласия на экономическую концентрацию подается
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(указывается наименование/ фамилия, имя, отчество (при его наличии) услугополучателя)
на основании _______________________________________________________
(указывается подпункт пункта 1 статьи 201 Кодекса)
Документация прилагается в соответствии
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(указывается пункт статьи 204 Кодекса)
Представляемые документы пронумерованы (электронный носитель прилагается).
Полноту и достоверность прилагаемых документов и сведений подтверждаю.
Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну,
содержащихся в информационных системах.
Подпись руководителя
или лица, его замещающего ________________________
Дата подачи ходатайства "___"___________ _______
Контакты представителя ________________________

  Приложение 2 к приказу
Председатель Агентства
по защите и развитию конкуренции
Республики Казахстан
от 24 февраля 2021 года № 3
  Приложение 2 к Методике
оценки экономической концентрации
на товарных рынках
  Форма
  Председателю Агентства по
защите и развитию конкуренция
Республики Казахстан
_______________________
от_____________________
(полное наименование и
(или) фамилия, имя,
отчество (при его наличии)
услугополучателя БИН и
(или) ИИН (при наличии)

            Уведомление о совершенной экономической концентрации

      В соответствии с пунктом 1 статьи 200 Предпринимательского кодекса Республики
Казахстан_______________________________________________________________
(наименование, фамилия, имя, отчество (при его наличии) участников сделки)
уведомляю о совершенной (планируемой) экономической концентрации, заключающейся в:

приобретении субъектом рынка прав (в том числе на основании договора о доверительном управлении, договора о совместной деятельности, договора поручения), позволяющих давать обязательные для исполнения указания другому субъекту рынка при ведении им предпринимательской деятельности либо осуществлять функции его исполнительного органа


участии одних и тех же физических лиц в исполнительных органах, советах директоров, наблюдательных советах или других органах управления двух и более субъектов рынка при условии определения указанными физическими лицами в данных субъектах условий ведения их предпринимательской деятельности


      Описание сделки, действия _______________________________________
____________________________________________________________________
Сведения о заявителе:
Наименование/фамилия, имя, отчество (при его наличии)
____________________________________________________________________
БИН/ИИН

     



      Представляемые документы пронумерованы (электронныйноситель прилагается).
Полноту и достоверность прилагаемых документов и сведений подтверждаю.
Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну,
содержащихся в информационных системах.
Подпись руководителя
или лица, его замещающего ___________________________
Дата подачи ходатайства "____"__________ __________
Контакты представителя ___________________________