Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 22263 болып тіркелді.

      "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2021 жылғы 26 ақпаны
№ 73 Бұйрықпен
бекітілген

Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-1-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылмайды. Коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер немесе Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілері) құратын қоғамдық кеңестер қоғамдық бақылауды азаматтардың мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің жұмысы нәтижелері туралы есепті тыңдау – қоғамдық бақылау рәсімі және Қоғамдық кеңестің отырысында Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, Заңның 5-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінінің қызметі нәтижелерін жария талқылауды білдіреді;

      2) қоғамдық бақылау – қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің жұмысы нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі;

      3) қоғамдық бақылау объектісі – республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының қызметі, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі;

      4) қоғамдық бақылау субъектісі – қоғамдық кеңестер, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар, қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша азаматтар;

      5) қоғамдық мониторинг –мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан бақылауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі;

      6) қоғамдық сараптама – қоғамдық бақылау субъектілерінің азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендер мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін факторларды болдырмау жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан зерттеу, талдау және бағалау үшін арнайы білімді және (немесе) тәжірибені пайдалануына негізделген қоғамдық бақылау рәсімі;

      7) қоғамдық тыңдау – Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында, 5-1-бабы 1-тармағаның 1) тармақшасында көзделген мәселелерді, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қоғамдық маңызды шешімдері, олардың мүдделерге сәйкестігі мәселелері жөнінде жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі.

2-тарау. Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

1-параграф. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      4. Қоғамдық мониторингті Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және Қоғамдық кеңестің тапсырмасы бойынша азаматтар жүзеге асырады.

      5. Қоғамдық кеңес мониторинг жүргізу жоспарын әзірлейді және бекітеді, онда қоғамдық бақылау объектісі, жүргізу мерзімдері, мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі.

      6. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңес мүшелері мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінен Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша мониторинг нысанына жатқызылған қажетті ақпаратты сұратады.

      7. Қоғамдық мониторингті жүзеге асырған адамдар оның нәтижелері бойынша қорытынды жасайды. Қоғамдық мониторинг қорытындысында:

      1) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесінде азаматтар үшін анықталған жағымсыз салдарлар туралы және қоғамдық мүдделерге қысым жасалғаны туралы ақпарат;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарына қоғамдық мониторинг барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар;

      3) бақыланатын объектілердің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар;

      4) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.

      8. Қоғамдық мониторингтің қорытындысы негізінде Қоғамдық кеңес ұсынымдарды қабылдайды және қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тиісті мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жібереді.

      Мемлекеттік органдар бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және (немесе) тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты береді.

      Квазимемлекеттік сектор субъектілері бір ай ішінде тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты береді.

      9. Қоғамдық кеңестің төралқасы осы ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізеді.

2-параграф. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      10. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша республикалық немесе жергілікті мемлекеттік басқару органымен, квазимемлекеттік сектор субъектісімен келісілген мерзімдерде өткізіледі.

      11. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:

      1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;

      2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;

      3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;

      4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.

      12. Қоғамдық кеңестің төрағасы (немесе уәкілетті тұлға) (бұдан әрі – төраға) қоғамдық тыңдауды ашады, оның өткізілу тақырыбын, күн тәртібін, қатысушылардың сөз сөйлеуі үшін регламентті жария етеді.

      13. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;

      2) қатысушылардың саны;

      3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.

      14. Қоғамдық тыңдаудың нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен хатшысы қол қояды.

      15. Қорытынды хаттама, егер оған қатысып отырған Қоғамдық кеңес мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      16. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасында:

      1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;

      2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

      3) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.

      17. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:

      1) мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қоғамдық бақылау субъектілеріне;

      2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.

3-параграф. Қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      18. Қоғамдық сараптама объектілері жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендер мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін факторларды болғызбау тұрғысынан мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қабылдайтын шешімдерінің жобалары болып табылады.

      19. Қоғамдық сараптама Қоғамдық кеңестің отырысында қабылданған оның тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары жүзеге асырады.

      20. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберген халықаралық және шетелдік ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) қоспағанда, жеке тұлғалар және (немесе) коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық сараптаманың бастамашылары болады.

      21. Қоғамдық сараптама бастамашылары тиісті Қоғамдық кеңеске қоғамдық сараптама жүргізу туралы өтінішхат жолдайды.

      22. Қоғамдық кеңес қоғамдық сараптама жүргізу туралы өтінішхатты қарайды және қоғамдық сараптама Бастамашысына қабылданған шешім туралы хабарлама (хаттамадан үзінді көшірме) жолдайды. Теріс шешім қабылданған кезде өтініш берушіге дәлелді бас тарту жолданады.

      23. Қоғамдық сараптама жүргізу үшін Қоғамдық кеңестің тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестік қоғамдық сараптама жүргізу кезеңіне құрылатын сараптама комиссиясын құрады.

      24. Сараптама комиссиясының бірінші отырысында сараптама комиссиясының басшысы (бұдан әрі - басшы) тағайындалады және қоғамдық сараптама жүргізу жоспары құрылады, ол Қоғамдық кеңестің, мемлекеттік органның, жергілікті өкілді органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-желілерінде орналастырылады.

      25. Басшы сараптама комиссиясы мүшелерінің қоғамдық сараптама жүргізу жөніндегі функцияларын бөледі, олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, алынған құжаттар мен материалдар туралы хабардар етеді, жекелеген іс-шаралардың және жалпы жоспардың орындалу мерзімін бақылайды.

      26. Қоғамдық кеңес қоғамдық сараптама жүргізу туралы мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін хабардар етуді ұйымдастырады.

      27. Қоғамдық сараптама жүргізу жоспарына сәйкес басшы тиісті мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қажетті құжаттар мен материалдарды ұсыну туралы сұрау салуларды жолдайды.

      28. Сараптама комиссиясының отырысы бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Басшы отырыстың орны мен уақыты, күн тәртібі туралы хабардар етеді, сондай-ақ отырысқа қажетті материалдарды дайындайды.

      29. Сараптама комиссиясының отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.

      30. Сараптама комиссиясының басшысы болмаған жағдайда отырысты Қоғамдық кеңес төрағасының шешімімен уәкілеттік берілген сараптама комиссиясының мүшесі жүргізеді.

      31. Сараптама комиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      32. Сараптама комиссиясының отырыстарына Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысады.

      33. Басшының шақыруы бойынша сараптама комиссиясының отырысына мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар қатысады.

      34. Сараптама комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша хаттама жасалады, оған сараптама комиссиясының басшысы немесе басшысы уәкілеттік берген адам қол қояды.

      35. Жұмыс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы қоғамдық сараптама нәтижелері бойынша қорытынды жобасын дайындайды.

      36. Қоғамдық сараптама нәтижелері бойынша қорытынды жобасына сараптама комиссиясының басшысы мен мүшелері қол қояды.

      37. Дайындалған қорытынды жобасын сараптама комиссиясы Қоғамдық кеңеске қарау үшін береді.

      38. Қоғамдық кеңес қорытынды жобаны мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешімді көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.

      Мақұлданған қорытынды жобасы он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүдделі мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жолданады.

4-параграф. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      39. Тыңдау Заңның 18-бабы 4-тармағында көрсетілген өкілеттіктерге сәйкес республикалық деңгейдегі мемлекеттік органның бірінші басшысының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органы басшысының баяндамасын және Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасын, ал аумақтарда әкімшілік – аумақтық бірлік әкімінің баяндамасын және мәслихат төрағасының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 12.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) есепті тыңдау күні мен орны;

      2) қатысушылардың саны;

      3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.

      41. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда:

      1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;

      2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;

      3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.

      42. Қоғамдық кеңестің отырысында мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерінің ашық дауыс беруі жүргізіледі.

      43. Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген кезде есеп қабылданды деп есептеледі.

      Жұмыс нәтижелері туралы мақұлданған есеп мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, жергілікті өкілді органның интернет-ресурстарында жарияланады.

      44. Қоғамдық кеңес жұмыс нәтижелері туралы есепті қабылдамаған жағдайда, Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға, квазимемлекеттік сектор субъектісіне қоғамдық кеғестердің өкілеттіктері шегінде дайындалған ұсынымдарды жолдай отырып қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      45. Қоғамдық кеңеспен жұмыс нәтижелері туралы есеп қабылданбаған жағдайда, Қоғамдық кеңес мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің жұмыс нәтижелері туралы есепті қайта тыңдау туралы мәселеге бастамашылық жасайды.

Об утверждении Правил организации и проведения общественного контроля

Приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 26 февраля 2021 года № 73. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 февраля 2021 года № 22263.

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 2 статьи 2-1 Закона Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года "Об общественных советах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации и проведения общественного контроля.

      2. Комитету по делам гражданского общества Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр информации
и общественного развития
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите
и развитию конкуренции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство образования и науки
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по делам государственной службы

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по стратегическому планированию и реформам

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по противодействию коррупции
(Антикоррупционная служба)

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового
развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Министр информации
и общественного развития
Республики Казахстан
от 26 февраля 2021 года № 73

Правила организации и проведения общественного контроля

Глава 1. Общие положения

      1. Правила организации и проведения общественного контроля (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) пункта 2 статьи 2-1 Закона Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года "Об общественных советах" (далее – Закон).

      2. Общественными советами являются консультативно-совещательные, наблюдательные органы, образуемые министерствами, органами, непосредственно подчиненными и подотчетными Президенту Республики Казахстан, органами местного государственного управления, субъектами квазигосударственного сектора по вопросам их компетенции, за исключением государственных органов, указанных в части второй настоящего пункта, совместно с некоммерческими организациями, гражданами.

      Общественные советы не образуются с участием Верховного Суда Республики Казахстан, Конституционного Совета Республики Казахстан, органов прокуратуры, Администрации Президента Республики Казахстан, Национального Банка Республики Казахстан, Министерства обороны Республики Казахстан, Управления делами Президента Республики Казахстан, Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, Управления материально-технического обеспечения, Национального центра по правам человека Республики Казахстан, Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета, Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, Высшего Судебного Совета Республики Казахстан, уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций, специальных государственных органов Республики Казахстан.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) заслушивание отчета о результатах работы государственного органа, субъекта квазигосударственного сектора – процедура общественного контроля и представляет собой публичное обсуждение на заседании Общественного совета результатов деятельности государственных органов, органов местного самоуправления и их должностных лиц, по вопросам, предусмотренным подпунктами 2) и 3) пункта 1 статьи 5 Закона, субъектов квазигосударственного сектора по вопросам, предусмотренным подпунктами 2) и 3) пункта 1 статьи 5-1 Закона;

      2) общественный контроль - деятельность субъектов общественного контроля, осуществляемая в формах общественного мониторинга, общественного слушания, общественной экспертизы и заслушивания отчета о результатах работы государственного органа, субъекта квазигосударственного сектора, направленная на защиту общественных интересов;

      3) объект общественного контроля - деятельность государственных органов республиканского и местного уровней и их должностных лиц, а также деятельность субъектов квазигосударственного сектора;

      4) субъект общественного контроля - общественные советы, а также некоммерческие организации, граждане по поручению общественных советов;

      5) общественный мониторинг - процедура общественного контроля, представляющая собой наблюдение со стороны субъектов общественного контроля за деятельностью государственных органов, субъектов квазигосударственного сектора;

      6) общественная экспертиза – процедура общественного контроля, основанная на использовании субъектами общественного контроля специальных знаний и (или) опыта для исследования, анализа и оценки на предмет соблюдения общественных интересов по сохранению благоприятной для жизни и здоровья граждан окружающей среды, а также исключению факторов, оказывающих негативное воздействие на обеспечение безопасности физических лиц, населенных пунктов и производственных объектов;

      7) общественное слушание - процедура общественного контроля, осуществляемая посредством проведения собрания для публичного обсуждения вопросов, предусмотренных подпунктами 1), 5) и 6) пункта 1 статьи 5, подпунктом 1) пункта 1 статьи 5-1 Закона, а также общественно значимых решений государственных органов, субъектов квазигосударственного сектора по вопросу их соответствия общественным интересам.

Глава 2. Порядок организации и проведения общественного контроля

Параграф 1. Порядок организации и проведения общественного мониторинга

      4. Общественный мониторинг осуществляется членами Общественного совета, а также представителями некоммерческих организаций и гражданами по поручению Общественного совета.

      5. Общественный совет разрабатывает и утверждает план проведения общественного мониторинга, который содержит объект общественного контроля, сроки проведения, цели и задачи.

      6. При проведении общественного мониторинга члены Общественного совета запрашивают у государственных органов и их должностных лиц, а также у субъектов квазигосударственного сектора необходимую информацию, отнесенную к предмету мониторинга, в порядке и по основаниям, установленным законодательством Республики Казахстан в области доступа к информации.

      7. По результатам общественного мониторинга лица, его осуществлявшие, составляют заключение. Заключение общественного мониторинга включает:

      1) информацию о выявленных негативных последствиях для граждан и об ущемлении общественных интересов в результате оказания государственных услуг;

      2) рекомендации по устранению причин и условий, выявленных в ходе общественного мониторинга нарушений законодательства Республики Казахстан;

      3) предложения по повышению эффективности контролируемых объектов;

      4) предложения по внесению изменений и дополнений в нормативные правовые акты, внутренние документы субъектов квазигосударственного сектора.

      8. На основании заключения общественного мониторинга Общественным советом принимаются рекомендации и в течение десяти календарных дней со дня принятия направляются в соответствующие государственные органы, субъекты квазигосударственного сектора.

      Государственные органы в течение месяца принимают предусмотренные законодательством Республики Казахстан решения и (или) дают мотивированный ответ, подписываемый первым руководителем соответствующего государственного органа либо лицом, его замещающим.

      Субъекты квазигосударственного сектора в течение месяца дают мотивированный ответ, подписываемый первым руководителем соответствующего субъекта квазигосударственного сектора либо лицом, его замещающим.

      9. Президиум Общественного совета ведет мониторинг исполнения данных рекомендаций.

Параграф 2. Порядок организации и проведения общественного слушания

      10. Общественное слушание проводится по инициативе Общественного совета в сроки, согласованные с республиканским или местным органом государственного управления, субъектом квазигосударственного сектора.

      11. Порядок организации и проведения общественного слушания должен предусматривать:

      1) заблаговременное оповещение участников общественного слушания о времени и месте его проведения через средства массовой информации и (или) письменные приглашения, но не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения;

      2) заблаговременное ознакомление с проектами нормативных правовых актов и решений, выносимых на общественное слушание, но не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения;

      3) другие меры, обеспечивающие участие в общественном слушании;

      4) опубликование итогового протокола общественного слушания, включая мотивированное обоснование принятых решений.

      12. Председатель Общественного совета (или уполномоченное им лицо) (далее - председатель) открывает общественное слушание, оглашает тему его проведения, повестку дня, регламент для выступлений участников.

      13. В ходе проведения общественного слушания ведется протокол, в котором фиксируются:

      1) дата и место проведения общественного слушания;

      2) количество присутствующих;

      3) фамилии, имена, отчества (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) председателя и секретаря общественного слушания;

      4) повестка дня, содержание выступлений.

      14. По результатам общественного слушания принимается итоговый протокол, который подписывается председателем и секретарем общественного слушания.

      15. Итоговый протокол считается принятым, если за него проголосовало более половины присутствующих членов Общественного совета.

      16. Итоговый протокол общественного слушания включает:

      1) информацию о соблюдении контролируемыми государственными органами и их должностными лицами, а также субъектами квазигосударственного сектора законодательства Республики Казахстан;

      2) рекомендации по устранению выявленных в ходе общественного слушания положений, ущемляющих или ограничивающих права и законные интересы физических и юридических лиц;

      3) предложения по внесению изменений и дополнений в нормативные правовые акты, внутренние документы субъектов квазигосударственного сектора.

      17. Рекомендации, принятые на основе итогового протокола, в срок не более десяти рабочих дней направляются:

      1) государственным органам, субъектам квазигосударственного сектора, субъектам общественного контроля;

      2) государственным органам, уполномоченным осуществлять контроль за деятельностью государственных органов, для изучения и принятия мер;

      3) средствам массовой информации.

Параграф 3. Порядок организации и проведения общественной экспертизы

      18. Объектами общественной экспертизы являются проекты принимаемых решений государственных органов, субъектов квазигосударственного сектора на предмет соблюдения прав и законных интересов физических и юридических лиц, сохранения благоприятной для жизни и здоровья граждан окружающей среды, а также исключения факторов, оказывающих негативное воздействие на обеспечение безопасности физических лиц, населенных пунктов и производственных объектов.

      19. Общественная экспертиза осуществляется по поручению Общественного совета, принятому на его заседании, экспертными комиссиями, создаваемыми общественными объединениями.

      20. Инициаторами общественной экспертизы выступают физические лица и (или) некоммерческие организации, за исключением структурных подразделений (филиалов и представительств) международных и иностранных организаций, которые направляют соответствующее ходатайство в Общественный совет.

      21. Инициаторы общественной экспертизы направляют в соответствующий Общественный совет ходатайство о проведении общественной экспертизы.

      22. Общественный совет рассматривает ходатайство о проведении общественной экспертизы и направляет инициатору общественной экспертизы уведомление (выписку из протокола) о принятом решении. При принятии отрицательного решения инициатору направляется мотивированный отказ.

      23. Для проведения общественной экспертизы общественное объединение создает экспертную комиссию по поручению Общественного совета, которая создается на период проведения общественной экспертизы.

      24. На первом заседании экспертной комиссии назначается руководитель экспертной комиссии (далее - руководитель) и формируется план проведения общественной экспертизы, который размещается на интернет-ресурсах государственного органа, местного представительного органа, субъекта квазигосударственного сектора.

      25. Руководитель распределяет функции членов экспертной комиссии по проведению общественной экспертизы, обеспечивает их взаимодействие, информирует о полученных документах и материалах, контролирует сроки исполнения отдельных мероприятий и плана в целом.

      26. Общественный совет организует информирование государственных органов и иных организаций, субъектов квазигосударственного сектора о проведении общественной экспертизы.

      27. В соответствии с планом проведения общественной экспертизы руководитель направляет в соответствующие государственные органы, органы местного государственного управления, субъекты квазигосударственного сектора запросы о представлении необходимых документов и материалов.

      28. Заседания экспертной комиссии проводятся по утвержденному плану. Руководитель уведомляет о месте и времени заседания, повестке дня, а также готовит необходимые материалы к заседанию.

      29. Заседание экспертной комиссии считается правомочным при присутствии на нем более половины членов от общего числа ее членов.

      30. При отсутствии руководителя экспертной комиссии, заседание проводит член экспертной комиссии, уполномоченный решением председателя Общественного совета.

      31. Решение экспертной комиссии принимается большинством голосов от общего числа ее членов, присутствующих на заседании.

      32. В заседаниях экспертной комиссии принимают участие члены Общественного совета.

      33. По приглашению руководителя на заседании экспертной комиссии присутствуют представители государственных органов, органов местного государственного управления, субъектов квазигосударственного сектора, а также представители некоммерческих организаций и иные лица.

      34. По итогам заседания экспертной комиссии составляется протокол, который подписывается руководителем экспертной комиссии или лицом, уполномоченным руководителем.

      35. По итогам работы экспертная комиссия готовит проект заключения по результатам общественной экспертизы.

      36. Проект заключения по результатам общественной экспертизы подписывается руководителем и членами экспертной комиссии.

      37. Подготовленный проект заключения передается экспертной комиссией в Общественный совет для рассмотрения.

      38. Общественный совет принимает решение открытым голосованием большинством голосов об одобрении либо неодобрении проекта заключения.

      Одобренный проект заключения в срок не более десяти рабочих дней направляется заинтересованным государственным органам, субъектам квазигосударственного сектора.

Параграф 4. Порядок организации и проведения заслушивания отчетов о результатах работы

      39. Заслушивание включает в себя доклад первого руководителя государственного органа республиканского уровня, руководителя исполнительного органа субъекта квазигосударственного сектора и содоклад председателя Общественного совета, а на территориях – доклад акима административно-территориальной единицы и содоклады председателя маслихата, председателя Общественного совета в соответствии с полномочиями, предусмотренными пунктом 4 статьи 18 Закона.

      Сноска. Пункт 39 – в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 12.01.2023 № 18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      40. В ходе заслушивания отчета о результатах работы, ведется протокол, в котором фиксируются:

      1) дата и место заслушивания отчета;

      2) количество присутствующих;

      3) фамилия, имя, отчество (при наличии) выступавших должностных лиц;

      4) повестка дня, содержание отчета и выступлений.

      41. По результатам заслушивания отчета принимается резолюция, которая содержит:

      1) оценку деятельности контролируемых органов и их должностных лиц по вопросам, входящим в их компетенцию;

      2) рекомендации по устранению выявленных в ходе заслушивания отчета положений, ущемляющих или ограничивающих права и законные интересы физических и юридических лиц;

      3) предложения по совершенствованию деятельности государственных органов, субъектов квазигосударственного сектора.

      42. На заседании Общественного совета по итогам заслушивания отчета о результатах работы государственного органа проводится открытое голосование членов Общественного совета.

      43. При голосовании более половины присутствующих членов Общественного совета отчет считается принятым.

      Одобренный отчет о результатах работы публикуется на интернет-ресурсах государственного органа, субъекта квазигосударственного сектора, местного представительного органа.

      44. В случае непринятия Общественным советом отчета о результатах работы, Общественный совет уведомляет соответствующий государственный орган, субъект квазигосударственного сектора о принятом решении с направлением рекомендации, подготовленные в рамках полномочий общественных советов.

      45. Общественные советы инициируют вопрос о повторном заслушивании отчета о результатах работы государственного органа, субъекта квазигосударственного сектора в случае непринятия Общественным советом отчета о результатах работы.