"Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 453 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 1 наурыздағы № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 наурызда № 22304 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15808 болып тіркелген, 2017 жылы 9 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік авиацияның әуеайлағын (тікұшақ айлағын) Тізілімге енгізу үшін әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тексеру актісінің және әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдалануға рұқсат ету туралы бұйрықтың көшірмелерін қоса бере отырып, авиациялық бөлім командирінің (әуеайлақ авиациялық аға бастығының) еркін түрдегі қолдаухаты негіздеме болып табылады.

      Басқарма қолдаухат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және авиациялық бөлім командиріне (әуеайлақтың авиациялық аға бастығына) Куәлік береді немесе әуеайлақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 761 қбпү бұйрығымен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалануға жарамдылығы нормаларының талаптарына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын тактикалық-техникалық талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19521 болып тіркелген) сәйкес келмеген жағдайда тіркеуден бас тартады.

      5. Куәлік әуеайлақта (тікұшақ айлағында) орналасқан авиациялық бөлімде, авиациялық бөлімшеде, авиациялық ұйымда есепке алынады және сақталады. Куәліктердің көшірмелері Басқармада оның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 453 "Об утверждении Правил государственной регистрации аэродромов (вертодромов) государственной авиации"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 1 марта 2021 года № 119. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 марта 2021 года № 22304

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 453 "Об утверждении Правил государственной регистрации аэродромов (вертодромов) государственной авиации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15808, опубликован 9 октября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Правилах государственной регистрации аэродромов (вертодромов) государственной авиации, утвержденных указанным приказом:

      пункты 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Основанием для внесения аэродрома (вертодрома) государственной авиации в Реестр является ходатайство произвольной формы командира авиационной части (старшего авиационного начальника аэродрома) с приложением копий акта обследования аэродрома (вертодрома) и приказа о допуске аэродрома (вертодрома) к эксплуатации.

      Управление в течение 15 календарных дней со дня поступления ходатайства осуществляет государственную регистрацию аэродрома (вертодрома) и выдает Свидетельство командиру авиационной части (старшему авиационному начальнику аэродрома) или отказывает в регистрации в случае не соответствия аэродрома требованиям Норм годности к эксплуатации аэродромов (вертодромов), аэродромных участков автомобильных дорог и тактико-технические требования, предъявляемые к аэродромам государственной авиации Республики Казахстан, утвержденным приказом Министра обороны Республики Казахстан от 24 сентября 2019 года № 761дсп (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19521).

      5. Свидетельство учитывается и хранится в базирующейся на аэродроме (вертодроме) авиационной части, авиационном подразделении, авиационной организации. Копии Свидетельств хранятся в Управлении в течение 5 лет со дня истечения его срока действия.".

      2. Управлению главнокомандующего Силами воздушной обороны Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителей органов управления государственной авиации Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Н. Ермекбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан