Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 453 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15808 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 11.10.2024 № 1167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      Төрағасы

      К. Мәсімов

      2017 жылғы 31 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      полиция генерал-полковнигі

      Қ. Қасымов

      2017 жылғы 18 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 453 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидалары

      1. Осы Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жүзеге асырады, бұл ретте мемлекеттік авиацияның әуеайлағы (тікұшақ айлағы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізіледі.

      3. Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) Тізілімге енгізгеннен кейін Басқарма осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 жыл мерзімге Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – Куәлік) береді. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін әуеайлақ (тікұшақ айлағы) қайта тіркеледі.

      Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) реконструкциялау, қайта жоспарлау және (немесе) қайта жабдықтау нәтижесінде оның техникалық сипаттамасын өзгерту әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тіркеу рәсіміне ұқсас Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 761 қбпү бұйрығымен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалануға жарамдылығы нормаларының талаптарына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын тактикалық-техникалық талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19521 болып тіркелген) (бұдан әрі – ӘӘЖН) сәйкес бес жылдық мерзімге қарамастан, оны тіркеу үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 11.10.2024 № 1167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік авиацияның әуеайлағын (тікұшақ айлағын) Тізілімге енгізу үшін әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тексеру актісінің және әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) пайдалануға рұқсат ету туралы бұйрықтың көшірмесін қоса беріп, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық бөлім командирінің (әуеайлақ авиациялық аға бастығының) өтінішхаты негіз болып табылады.

      Өтінішхат әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдалануға қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде беріледі.

      Басқарма өтінішхат түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және авиациялық бөлім командиріне (әуеайлақтың авиациялық аға бастығына) Куәлік береді немесе әуеайлақ ӘӘЖН талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тіркеуден бас тартады.

      Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тіркеуден бас тартылған жағдайда бөлім командирі 10 жұмыс күні ішінде ӘӘЖН талаптарына сәйкессіздікті жояды және осы Қағидаларға 4-тармақтың талабына сәйкес әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тіркеу туралы өтінішхатты қайта жібереді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 11.10.2024 № 1167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Куәлік әуеайлақта (тікұшақ айлағында) орналасқан авиациялық бөлімде, авиациялық бөлімшеде, авиациялық ұйымда есепке алынады және сақталады. Куәліктердің көшірмелері Басқармада оның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 01.03.2021 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Куәлік жоғалған (ұрланған) немесе бүлінген жағдайда авиациялық бөлім командирі (әуеайлақтың авиациялық аға бастығы) Басқармаға еркін нысанда Куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініш жасайды.

      Бұл жағдайда Басқарма күнтізбелік 5 күнге дейінгі мерзімде Куәліктің телнұсқасын сол нөмірмен және күнімен береді және Тізілімде тиісті белгі жасайды.

  Мемлекеттік авиацияның
әуеайлақтарын (тікұшақ
айлақтарын) мемлекеттік тіркеу
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(шектеу дәрежесі)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) тізілімі

Тіркеу нөмірі

Әуеайлақтың, (тікұшақ айлағының) атауы

Орналасуы, (әуеайлақ бақылау нүктесінің геодезиялық координаталары), ең жақын елді мекеннен қашықтық

Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланатын әскери бөлім

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сыныбы

Жасанды және топырақты ұшу-қону жолақтарының саны және көлемі, (жабын типі, жабын қалыңдығы, жабынның жіктеу саны)

Магистральдық басқару жолағының, тұрақ орындарының саны және көлемі, (жабын типі, жабын қалыңдығы, жабынның жіктеу саны)

Әуе кемелері-нің типтері бойынша әуеайлақтың (тікұшақ айлағы-ның) сыйым-дылығы

Куәлік беру, оның қолданылу мерзімін ұзарту туралы белгі (негіздеме, тексеру актісінің №, күні)

Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы белгі (негіздеме)

Алып тастау туралы белгі (негіздеме)

Ескертпе





































  Мемлекеттік авиацияның
әуеайлақтарын (тікұшақ
айлақтарын) мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеу туралы №____ куәлік

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 11.10.2024 № 1167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) атауы _________________________

      2. Орналасқан жері ______________________________________________

      3. Әуеайлақ (тікұшақ айлағының) иесі ______________________________

      4. Әуеайлақ (тікұшақ айлағының) сыныбы __________________________

      5. Негізгі ұшу-қону жолағының (топырақты ұшу-қону жолағының) көлемі және

      жабын типі _______________________________________________

      6. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) қону жүйесімен жабдықталған ______

      ____________________________________________________________________

      (радиотехникалық жабдық типтері)__________________________________

      7. _____________________әуеайлағы (тікұшақ айлағы) Тізілімде №___ болып

      тіркелгені және әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етілгені

      куәландырылады_____________________ (әуе кемесінің типі, рұқсат етілген ұшу

      салмағы, жыл мен тәулік мезгілі көрсетілсін)

      8. Әуеайлаққа (тікұшақ айлағына)_________________метеоминимумы бойынша әуе

      кемесін қабылдауға рұқсат етілді, қону

      санаты______________________________________________________________

      9. Мемлекеттік тіркеу және Куәлік беру үшін

      негіз____________________________________________________________

      М.О.

      Қазақстан Республикасы Қарулы

      Күштері Әуе қорғанысы

      күштерінің бас қолбасшысы

      ____________________________

      Т.А.Ә. (бар болса), қолы

      20__жылғы "__"__________

      Пайдалану кезеңінде болған өзгерістер ______________________________

      ____________________________________________________________________

  Мемлекеттік авиацияның
әуеайлақтарын (тікұшақ
айлақтарын) мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері Әуе

қорғанысы күштерінің
  бас қолбасшысына

Өтінішхат

      Ескерту. Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 11.10.2024 № 1167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден ___________ әуеайлағын (әуеайлақ атауы) ________________

      байланысты (тіркеу себебі) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының

      әуеайлақтары (тікұшақ айлақтары) тізілімінде тіркеуді сұраймын.

      Өтінішхатқа әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тексеру актісінің, әуеайлаққа

      (тікұшақ айлағына) пайдалануға рұқсат ету туралы бұйрықтың көшірмесін қоса

      беремін.

      ________________ әскери бөлімінің командирі

      ______________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады