"Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 наурызда № 22341 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10839 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын "Елбасы Академиясы" корпоративтік қорына жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да міндеттерді орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кодекстің 41-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйым, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымы, немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті, дербес кластерлік қор, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе дербес білім беру ұйымы немесе оның мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты ұйымы немесе "Елбасы Академиясы" корпоративтік қоры (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлға) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне оның аясында мемлекеттік тапсырма орындалатын шартта белгіленген мерзімде орындалу барысы туралы және орындалатын мемлекеттік тапсырма бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы есепті ұсынады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 12 наурыздағы
№ 211 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік тапсырманы
әзірлеу және орындау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған ұсыныс

Мемлекеттік қызметтің немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы

Мемлекеттік қызметтің немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Оның шеңберінде мемлекеттік тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттік бағдарламаның атауы

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жоспарланатын жоспарлы кезеңге бюджет қаражатының сомасы

__жыл

__жыл

__жыл

Жалпы сома, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі

Жалпы сома, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі

Жалпы сома, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі)

Сомасы мың теңге

%

Сомасы мың теңге

%

Сомасы мың теңге

%

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

      кестенің жалғасы

Мемлекеттік тапсырманың орындалу мерзімі

Мемлекеттік тапсырма оларға қол жеткізуге мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттік қызмет көрсету және бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру қажеттілігінің негіздемесі және қисындылығы мен тиімділігін растау

Тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері, мемлекеттік тапсырманың орындалу сапасының және тиімділігінің көрсеткіштері

15

16

17

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 12 наурыздағы
№ 211 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік тапсырманы
әзірлеу және орындау
қағидаларына
2-қосымша
  1-МТ нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер туралы есеп _________________ жылға арналған есепті кезең

      Индекс: 1-МТ нысан

      Мерзімділігі: жылдық

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

      ______________________________________________________________

      Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға

      Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 1 ақпаннан кешіктірмей

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Мемлекеттік қызметтің немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы

Мемлекеттік қызметтің немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Мемлекеттік тапсырма орындалған республикалық бюджеттік бағдарламаның атауы

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы

Мемлекеттік тапсырманың орындалу мерзімі

Орындалған мемлекеттік тапсырмалардың нәтижелері туралы ақпарат

5

6

7

8

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы

      __________________________________________________________________________

      Мекенжайы _________________________________

      Телефон _________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _________________________________

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындаушысы

      ________________________________________________ ________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)            қолы, телефон

      Орталық атқарушы органның аппарат басшысы /

      мемлекеттік мекеме басшысы __________ _____________________________________

                                    (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Бюджеттік бағдарлама басшысы _________ ____________________________________

                                          (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Бас бухгалтер/ қаржы-экономика

      бөлімінің бастығы ________ ______________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Ескертпе:

      Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме:

      1-бағанда нөмір "№" реті бойынша толтырылады;

      2-бағанда мемлекеттік қызметтің немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі;

      3-бағанда мемлекеттік қызметтің немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы көрсетіледі;

      4-бағанда мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

      5-бағанда мемлекеттік тапсырма орындалған республикалық бюджеттік бағдарламаның атауы көрсетіледі;

      6-бағанда мемлекеттік тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы көрсетіледі;

      7-бағанда мемлекеттік тапсырманың орындалу мерзімі көрсетіледі;

      8-бағанда мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттік қызмет көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, тиімділігі, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу, мемлекеттік тапсырма нәтижесінің іс жүзінде қолданылуы және оның есепті қаржы жылы ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат көрсетіледі.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 236 "Об утверждении Правил разработки и выполнения государственного задания"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 марта 2021 года № 211. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 марта 2021 года № 22341

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 236 "Об утверждении Правил разработки и выполнения государственного задания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10839, опубликован 15 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнение:

      в Правилах разработки и выполнения государственного задания, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Государственным заданием является заказ юридическим лицам с участием государства в уставном капитале, организациям, входящим в группу Фонда национального благосостояния, Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан и ее организациям, определяемым Правительством Республики Казахстан, Национальному олимпийскому комитету Республики Казахстан, Национальному паралимпийскому комитету Республики Казахстан, автономному кластерному фонду, международному технологическому парку "Астана Хаб", автономным организациям образования и их организациям, корпоративному фонду "Академия Елбасы", определяемый Правительством Республики Казахстан, на оказание отдельных государственных услуг, реализацию бюджетных инвестиционных проектов и выполнение других задач, направленных на обеспечение социально-экономической стабильности и (или) социально-культурного развития государства.";

      дополнить пунктом 11-1 следующего содержания:

      "11-1. Юридическим лицом, ответственным за выполнение государственного задания, допускается передача государственного задания субподрядчику (соисполнителю) в объеме не более пятидесяти процентов от суммы бюджетных средств на соответствующий финансовый год, выделяемых на выполнение государственного задания.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. В соответствии с пунктом 1 статьи 41 Кодекса юридическое лицо с участием государства в уставном капитале или организация входящая в группу Фонда национального благосостояния, или Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан или ее организация, определяемая Правительством Республики Казахстан, или Национальный олимпийский комитет Республики Казахстан, или Национальный паралимпийский комитет Республики Казахстан, или автономный кластерный фонд, или международный технологический парк "Астана Хаб", или автономная организация образования или ее организация, или корпоративный фонд "Академия Елбасы" ответственное за выполнение государственного задания (далее – юридическое лицо, ответственное за выполнение государственного задания), представляет администратору республиканской бюджетной программы, в рамках которой выполняется государственное задание, отчет о ходе его выполнения в сроки, установленные договором, и о достижении прямых и конечных результатов по выполняемому государственному заданию.";

      приложения 1 и 2 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

      "СОГЛАСОВАН"
Бюро национальной статистики
Агентства по стратегическому
планированию и реформам
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 12 марта 2021 года № 211
  Приложение 1
к Правилам разработки и
выполнения государственного
задания
  Форма

Предложение на оказание государственных услуг или реализацию бюджетных инвестиционных проектов в форме государственного задания

Наименование государственной услуги или бюджетного инвестиционного проекта

Описание государственной услуги или бюджетного инвестиционного проекта

Наименование юридического лица, ответственного за выполнение государственного задания

1

2

3

4

      продолжение таблицы

Наименование республиканской бюджетной программы, в рамках которой предлагается выполнение государственного задания

Сумма бюджетных средств на плановый период, планируемая на выполнение государственного задания

__год

__год

__год

Общая сумма, тысяч тенге

Объем государственного задания, передаваемого субподрядчику (соисполнителю)

Общая сумма, тысяч тенге

Объем государственного задания, передаваемого субподрядчику (соисполнителю)

Общая сумма, тысяч тенге

Объем государственного задания, передаваемого субподрядчику (соисполнителю)

Сумма тысяч тенге

%

Сумма тысяч тенге

%

Сумма тысяч тенге

%

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

      продолжение таблицы

Срок выполнения государственного задания

Обоснование необходимости и подтверждение целесообразности и эффективности оказания государственной услуги или реализации бюджетного инвестиционного проекта в форме государственного задания, с указанием целей и задач на достижение которых направлено государственное задание

Планируемые показатели прямых и конечных результатов, показателей качества и эффективности выполнения государственного задания

15

16

17

 
  Приложение 2 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 12 марта 2021 года № 211
  Приложение 2
к Правилам разработки и
выполнения государственного
задания
  Форма 1-ГЗ

Форма, предназначенная для сбора административных данных

Отчет о результатах по выполненным государственным заданиям

Отчетный период на ____________________ год

      Индекс: форма 1-ГЗ
      Периодичность: годовая
      Круг лиц, представляющих информацию: администратор республиканских
      бюджетных программ _________________________________________________
      Куда представляется: в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета
и в центральный уполномоченный орган по государственному планированию
      Срок представления: не позднее 1 февраля, следующего за отчетным годом
      Размещается на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан
      Единица измерения: тысяч тенге

Наименование государственной услуги или бюджетного инвестиционного проекта

Описание государственной услуги или бюджетного инвестиционного проекта

Наименование юридического лица, ответственного за выполнение государственного задания

1

2

3

4

      продолжение таблицы

Наименование республиканской бюджетной программы, в рамках которой выполнено государственное задание

Сумма бюджетных средств, использованных на выполнение государственного задания

Срок выполнения государственного задания

Информация о результатах по выполненному государственному заданию

5

6

7

8

      Наименование администратора республиканских бюджетных программ ____________
      Адрес_______________________________________
      Телефон_______________
      Адрес электронной почты________________________
      Исполнитель администратора республиканских бюджетных программ
      ________________________________________ _________________________________
      фамилия, имя и отчество (при его наличии)                   подпись, телефон
      Руководитель аппарата центрального исполнительного органа/руководитель
      государственного учреждения _____________ __________________________________
                              (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
      Руководитель бюджетной программы _________ ________________________________
                              (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
      Главный бухгалтер/ начальник финансово-
      экономического отдела__________ ____________________________________
                        (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      Примечание:

      Пояснение по заполнению формы на оказание государственных услуг или реализацию бюджетных инвестиционных проектов в форме государственного задания:

      в графе 1 заполняется номер по порядку "№";

      в графе 2 указывается наименование государственной услуги или бюджетного инвестиционного проекта;

      в графе 3 указывается описание государственной услуги или бюджетного инвестиционного проекта;

      в графе 4 указывается наименование юридического лица, ответственного за выполнение государственного задания;

      в графе 5 указывается наименование республиканской бюджетной программы, в рамках которой выполнено государственное задание;

      в графе 6 указывается сумма бюджетных средств, использованных на выполнение государственного задания;

      в графе 7 указывается срок выполнения государственного задания;

      в графе 8 указывается информация о достижении целей и задач, эффективности оказания государственной услуги или реализации бюджетного инвестиционного проекта в форме государственного задания, достижении прямых и конечных результатов, практического применения результата государственного задания и его влияние на социально-экономическое развитие страны за отчетный финансовый год.