Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10839 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 236 бұйрығымен
бекітілді

Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары

      Осы Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 41-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақыбыры жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, "Елбасы Aкадемиясы" корпоративтік қорына жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Мемлекеттік тапсырмалардың тізбесі Кодекстің 41-бабының 4-1-тармағымен айқындалады.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.01.2023 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1-2. Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосу үшін осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген тапсырыстар мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес болуы қажет:

      1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің немесе қоғам мүдделерін қорғаудың өзге мүмкіндігінің болмауы;

      2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді, аса маңызды инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қоғамдық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қолдану, пайдалану және күтіп-ұстау;

      3) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында бәсекелестіктің болмауы;

      4) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің, зияткерлік меншік объектілерінің ерекшелігі мен бірегейлігі.

      Мемлекеттік тапсырманы жоспарлауға және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген белгілерге сай келмейтін тапсырыстарды мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосуға тыйым салынады. Осы тармақты бұза отырып жасалған мәмілелерді мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша сот жарамсыз деп айқындайды.

      Ескерту. 1-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу жарғылық капитал ұлғайтылмай жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақыбыры жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға немесе басқа да мiндеттердi орындауға арналған ұсыныстар мен негiздемелер дайындауды қамтиды.

      4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiммен, бюджеттік бағдарламалардың жобаларымен, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларымен немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен бiрге Кодекстің 41-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуге немесе мемлекеттік тапсырыс нысанында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныс ұсынады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын алу мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және монополияға қарсы органға мемлекеттік қызметтерді көрсетуге немесе мемлекеттік тапсырма нысанында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныс көшірмесін, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның жарғысының көшiрмесiн жолдайды. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және монополияға қарсы орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiнен бастапқы енгізілген құжаттар пакетін қайтармай, мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты өзге құжаттарды және (немесе) ақпаратты ресми түрде сұратады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.11.2015 № 566; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 № 60; 18.03.2022 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Ұсыныс осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттiк тапсырма нысанында орындауға жоспарланып отырған мемлекеттiк қызметтер мен бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларымен немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен, бюджеттік өтінімдермен, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік бағдарламаларының жобаларымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларымен бiрге енгiзiледi.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік тапсырма нысанында іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген барлық рәсімдерінен өтеді.

      8. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғаларды көрсете отырып, мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн жоспарланған мерзімге (бұдан әрi – мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi) қалыптастырады.

      Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi:

      1) мемлекеттiк тапсырма нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның атауын;

      2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасын;

      3) мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен заңды тұлғаның атауын;

      4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығымен бекітілген Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;

      5) мемлекеттiк тапсырманы орындауға қажеттi жоспарланған мерзімге бюджет қаражатының сомасын қамтиды.

      Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы қысқа әрi айқын жазылады және мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның мәнiн көрсетеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 № 60 бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді кейінге қалдырмай шешу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Кодекстің 41-бабына сәйкес қаржы жылы ішінде Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджетте бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар шегінде Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне толықтырулар енгізеді.

      Мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін толықтыру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын есепке ала отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.11.2015 № 566 бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік тапсырманы орындау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақыбыры жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық үш жылдық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле (бұдан әрі – шарт) жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Шартта мемлекеттік тапсырманы орындаудың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, қажет болған кезде сапа мен тиімділік көрсеткіштері, орындау мерзімі, бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы орындау көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілігін қамтиды.

      1-3. Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі.

      Осы тармақтың ережесі денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және "Елбасы Академиясы" корпоративтік қорына қолданылмайды.

      Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 12.03.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.

      13. Кодекстің 41-бабы 1-тармағына сәйкес жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе дербес білім беру ұйымы немесе оның мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты ұйымы немесе "Елбасы Академиясы" корпоративтік қоры (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлға) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне оның аясында мемлекеттік тапсырма орындалатын шартта белгіленген мерзімде орындалу барысы туралы және орындалатын мемлекеттік тапсырма бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы есепті ұсынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.03.2022 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік тапсырма нысанында мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы ақпаратты көрсете отырып, орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер, мемлекеттік тапсырма нәтижесін іс жүзінде қолдану және оның есепті қаржы жылындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей береді.

      Орындау мерзімі бір қаржы жылынан астам мемлекеттік тапсырмалар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті қаржы жылындағы мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы ақпарат көрсетілген есепті ұсынады.

      Есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-МТ нысан бойынша берiледi.

      Ескерту. 14-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік тапсырманы
әзірлеу және орындау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған ұсыныс

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 12.03.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік қызметтің немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы

Мемлекеттік қызметтің немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Оның шеңберінде мемлекеттік тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттік бағдарламаның атауы

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жоспарланатын жоспарлы кезеңге бюджет қаражатының сомасы

__жыл

__жыл

__жыл

Жалпы сома, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі

Жалпы сома, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі

Жалпы сома, мың теңге

Қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) берілетін мемлекеттік тапсырманың көлемі)

Сомасы мың теңге

%

Сомасы мың теңге

%

Сомасы мың теңге

%

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

      кестенің жалғасы

Мемлекеттік тапсырманың орындалу мерзімі

Мемлекеттік тапсырма оларға қол жеткізуге мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттік қызмет көрсету және бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру қажеттілігінің негіздемесі және қисындылығы мен тиімділігін растау

Тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері, мемлекеттік тапсырманың орындалу сапасының және тиімділігінің көрсеткіштері

15

16

17

  Мемлекеттік тапсырманы
әзірлеу және орындау
қағидаларына
2-қосымша

      1-МТ нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер туралы есеп
_________________ жылға арналған есепті кезең

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Индекс: 1-МТ нысан

      Мерзімділігі: жылдық

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ___________________________________________________

      Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға

      Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 1 ақпаннан кешіктірмей

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің интернет-ресурсында орналастырылады

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы

Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi

Орындалған мемлекеттік тапсырмалардың нәтижелері туралы ақпарат

5

6

7

8

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы

      _____________________________________________________________________

      Мекенжайы _________________________________

      Телефон _________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындаушысы

      ___________________________________________ _______________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Орталық атқарушы органның аппарат басшысы/

      мемлекеттiк мекеме басшысы __________ ______________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Бюджеттік бағдарлама басшысы _______ _______________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Бас бухгалтер/ қаржы-экономика

      бөлімінің бастығы ________ ___________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Ескертпе:

      Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме:

      1-бағанда нөмір "№" реті бойынша толтырылады;

      2-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі;

      3-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы көрсетіледі;

      4-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

      5-бағанда мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы көрсетіледі;

      6-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы көрсетіледі;

      7-бағанда мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi көрсетіледі;

      8-бағанда мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттік қызмет көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, тиімділігі, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу, мемлекеттік тапсырма нәтижесінің іс жүзінде қолданылуы және оның есепті қаржы жылы ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат көрсетіледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады