"Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 244-НҚ Бұйрығымен бекітілген |
Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Норвегия Корольдігінің және/немесе Швейцария Конфедерациясының аумағына тауарларды әкелу кезінде тарифтік преференцияларды алу үшін тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде тіркеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) коммерциялық құжат – сыртқы сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты мәмілелердің жасалуын растау үшін пайдаланылатын құжаттар (шот-фактуралар (инвойстар), өзіндік ерекшеліктер, тиеу (қаптау) парақтары және өзге де құжаттар);
2) уәкілетті ұйым – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
3) уәкілетті тұлға – тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде уәкілетті ұйымның штатында тұратын және экспорттаушыларды тіркеуді жүзеге асыратын қызметкер.
2-тарау. Тауарларды әкелу елдерінің ақпараттық жүйесіне экспорттаушыларды тіркеу тәртібі
3. Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясы Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясы дамушы және ең аз дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты (бұдан әрі – Норвегия мен Швейцарияның ПБЖ) преференциялардың бас жүйесі шеңберінде Норвегия Корольдігінің және/немесе Швейцария Конфедерациясының аумағына тауарларды әкелу кезінде тарифтік преференцияларды алу үшін экспорттаушы тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – REX жүйесі) тіркеледі.
4. Экспорттаушы REX жүйесінде тіркелу үшін уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу нөмірін алуға арналған өтінішті (бұдан әрі – № 1 өтініш) қағаз (пошта арқылы немесе қолма-қол) немесе уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынады.
№ 1 өтінішке Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9665 болып тіркелген) бекітілген Тауардың шығу тегін растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі — Бұйрық) сәйкес құжаттар қоса беріледі.
№ 1 өтініш уәкілетті өкіл арқылы берілген жағдайда экспорттаушының мүдделерін білдіруге берілген сенімхат қоса беріледі.
№ 1 өтініш қазақ немесе орыс және ағылшын тілдерінде толтырылады.
№ 1 өтінішке берілген ақпараттарды жариялау туралы экспорттаушылар келіскен жағдайда, осы ақпарттар Еуропалық комиссия веб-сайтында мынадай мәліметтерді көрсете отырып: экспорттаушылардың тіркеу нөмірі, атауы, экспорттаушылардың мекен-жайы мен байланыс мәліметтері, экспорттаушылардың негізгі қызмет түрлері, үйлестірілген жүйені кодын көрсете отырып тауарлардың сипаттамасы, № 1 өтінішін тіркеу күні (күні, тіркелуі жарамды болып табылады), тіркеу нөмірінің тіркелген күні, кері қайтарып алудың тіркеу күні жарияланады. Егер экспорттаушылар келіспеген жағдайда тек экспорттаушылардың тіркеу нөмірі, № 1 өтінішін тіркеу күні (күні, тіркелуі жарамды болып табылады), тіркеу нөмірінің тіркелген күні, кері қайтарып алудың тіркеу күні жарияланады.
5. Экспорттаушыларды REX жүйесінде тіркеу уәкілетті тұлғамен Еуропалық комиссияның веб-сайтында № 1 өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде экспорттаушыға тіркеу нөмірін беру арқылы жүзеге асырылады.
Осы қағидалардың 4-тармағына сәйкес берліген № 1 өтінішті уәкілетті ұйым алған кезде тіркеу күні жарамды.
Еуропалық комиссияның веб-сайтына кіру уәкілетті тұлғаның жеке логині мен паролі арқылы жүзеге асырылады.
6. Экспорттаушының тіркеу нөмірі мынадай құрылымға ие:
KZREXKKКДДММYYYYNNNN,
мұнда KZ – Қазақстан Республикасының ISO сәйкес әріптік коды (2 әріп);
REX – Rex аббревиатурасы (3 әріп);
ККК – уәкілетті ұйымның өңірлік бөлімшесінің цифрлық коды (3 сан);
DD – Өтінішті тіркеу күні (2 сан);
ММ – Өтінішті тіркеу айы (2 сан);
YYYY – Өтінішті тіркеу жылы (4 сан);
NNNN – 0001 нөмірінен бастап өтпелі нөмірлеуі бар REX жүйесіндегі тіркеудің реттік нөмірі.
7. Уәкілетті ұйым REX жүйесінде тіркелгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде экспорттаушыға тіркеу нөмірін, № 1 өтініштің тіркелген күнін (тіркеу жарамды болып табылатын күнді) және тіркеу нөмірі берілген күнді көрсете отырып, оның REX жүйесінде тіркелгені туралы хабарламаны қағаз немесе электрондық түрде ақпараттық жүйе арқылы жібереді.
Уәкілетті тұлға сондай-ақ тіркеу нөмірін, № 1 өтініштің тіркеу күнін (тіркеу жарамды болып табылатын күнді) және тіркеу нөмірін беру күнін экспорттаушы № 1өтінішінің 7-тармағына енгізеді.
8. Уәкілетті ұйым № 1 өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде экспорттаушыны REX жүйесінде тіркеуден бас тарту туралы, бас тарту себептерін көрсете отырып:
1) толық емес және (немесе) анық емес ақпараттар, немесе осы қағидалардың 4-тармағына сәйкес емес ұсынылған;
2) бұйрыққа сәйкес құжаттар пакеті толық ұсынылмаған;
3) тарифтік преференциялар беру мақсаттылығы үшін Норвегия Корольдігімен және Швейцария Конфедерациясымен қолданылатын дамушы және ең аз дамыған елдерден шығарылатын тауарларды анықтау қағидаларына тауарлар сәйкес келмеген жағдайларда хабардар етеді.
9. Осы қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, экспорттаушыларды REX жүйесінде тіркеу бір рет жүзеге асырылады.
10. Уәкілетті ұйымның тіркеуді кері қайтарып алу жағдайларын қоспағанда, REX жүйесінде (тіркеу нөмірі) тіркеудің қолданылу мерзімі шектелмеген.
11. Норвегия Корольдігінің және/немесе Швейцария Конфедерациясының аумағына тауарларды әкелу кезінде Норвегия мен Швейцарияның ПБЖ шеңберінде тарифтік преференциялар алу үшін экспорттаушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың шығу тегі туралы өтінішті (бұдан әрі - № 2 өтініш) дербес жасайды.
№ 2 өтініш коммерциялық құжатта экспорттаушылардың атауы мен толық мекен-жайларын, тауарлардың шығарылған елдері, тауарларды әкелу елдері, өнім сипаттамасы/тауарлар мен шығарылған күні, тауарларды жеткілікті қайта өңдеу критериясы, үйлестірілген жүйенің кодтарын көрсете отырып ағылшын тілінде ресімделеді.
Егер тауарлар партиясының құны 10 300 (он мың үш жүз) швейцар франкінің немесе 60 000 (алпыс мың) норвег кронының шекті мәнінен төмен болса, экспорттаушы № 2 өтінішті REX жүйесінде тіркеусіз жасайды.
Егер тауарлар партиясының құны 10 300 (он мың үш жүз) швейцар франкінің немесе 60 000 (алпыс мың) норвег кронының шекті мәнінен асып кетсе, № 2 өтініште экспорттаушының тіркеу нөмірі көрсетіледі.
№ 2 өтініш коммерциялық құжатқа мәтін енгізу арқылы тауардың әрбір партиясына экспорттаушымен жасалады.
Көлік құжатын коммерциялық құжат ретінде қарастыруға болмайды.
Егер коммерциялық құжат бірнеше беттен тұрса, әр бет нөмірленуі тиіс.
12. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) уәкілетті тұлғалар, олардың байланыс деректері туралы, сондай-ақ уәкілетті тұлғалардың ауысуы және (немесе) олардың байланыс деректерінің өзгеруі туралы ақпаратты уәкілетті ұйым ұсынған ақпарат негізінде Норвегия Корольдігі мен Швейцария Конфедерациясының кедендік органдарына жібереді.
3-тарау. REX жүйесінде экспорттаушының тіркеу деректерін өзгерту қағидалары
13. Тіркеу деректері өзгерген жағдайда экспорттаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға өзгерістерді көрсете отырып және келесі растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзгерістер мен олардың себептері туралы хабарлайды:
1) ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы не оның орналасқан жері өзгерген;
2) қызметтегі өзгерістер;
3) тауар позицияларының немесе үйлестірілген жүйе кодтарының өзгеруі.
14. Уәкілетті ұйым осы Қағидарлардың 13-тармағына сәйкес ақпараттарды алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде REX жүйесіне тиісті өзгерістер енгізеді не тіркеу деректерін өзгертуден бас тартады және экспорттаушыға тіркеу деректерінің өзгергені немесе тіркеу деректерін өзгертуден бас тарту себептері туралы хабарлама жібереді.
15. Дұрыс емес немесе толық емес ақпарат ұсынған немесе осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйым экспорттаушыға REX жүйесіндегі тіркеу деректерін өзгертуден бас тартады.
4- тарау. REX жүйесінде экспорттаушының тіркелуін кері қайтарып алу Қағидалары
16. Экспорттаушы REX жүйесінде тіркелуін кері қайтарып алуды уәкілетті ұйыммен мынадай жағдайда:
1) Норвегия мен Швейцарияның ПБЖ шеңберінде тауарлар экспорты жөніндегі қызметі мен/немесе қызметінің (өзгеруіне) тоқтатылуына байланысты REX жүйесіндегі тіркеуді кері қайтарып алу туралы экспорттаушының өтініші (еркін нысанда) бойынша;
2) егер верификация (тексеру) қорытындылары бойынша экспорттаушының Норвегия мен Швейцарияның ПБЖ шарттарына сәйкес келмейтіні анықталса, уәкілетті органның өтінімі бойынша жүргізіледі;
3) уәкілетті органның өтінімі бойынша егер верификация (тексеру) қорытындылары бойынша экспорттаушының REX жүйесінде тіркеу кезінде өзіне алған міндеттемелерді сақтамауы анықталса жүргізіледі;
4) егер Норвегия Корольдігі және/немесе Швейцария Конфедерациясымен Қазақстан Республикасы үшін Норвегия мен Швейцарияның ПБЖ шеңберінде тарифтік преференциялар беру жойылса уәкілетті органның өтінімі бойынша жүргізіледі.
17. Уәкілетті ұйым экспорттаушыға кері қайтарып алу күнін және негіздемесін көрсете отырып, тіркеуді кері қайтарып алу туралы хабарламаны кері қайтарып алу күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
18. Уәкілетті ұйым экспорттаушының кері қайтарып алынған тіркеу нөмірін басқа экспорттаушыларды тіркеу үшін пайдаланбайды.
19. Тіркеуі кері қайтарылған экспорттаушы осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес жаңа тіркеу нөмірін алу үшін қайта № 1 өтініш бере алады.
20. Экспорттаушы уәкілетті ұйымның тіркеуді кері қайтарып алу туралы шешіміне келіспеген жағдайда, экспорттаушы сот тәртібінде уәкілетті ұйымның шешіміне шағымдануға құқылы. Тіркеу нөмірі сот шешімі бойынша кері қайтарып алу жойылған жағдайда ғана қайта қолдануға болады.
5-тарау. Қорытынды ережелер
21. Осы Қағидалардың 4, 13 және 16-тармақтарында көрсетілген құжаттар уәкілетті ұйымда 5 (бес) жыл сақталады.
22. Экспорттаушыларға жіберген уәкілетті ұйым хабарламаларының көшірмелері уәкілетті ұйымда кемінде 3 (үш) жыл сақталады.
Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Тіркеу нөмірін алуға арналған өтініш
1 |
Экспорттаушының атауы, толық мекенжайы (орналасқан жері) және елі, экспорттаушының/трейдердің сәйкестендіру нөмірі (ТIN) |
2 |
Байланыс ақпараты, оның ішінде телефон және факс нөмірі (болған жағдайда), электрондық пошта мекенжайы |
3 |
Экспорттаушы қызметінің негізгі түрі: өндіріс және/немесе сауда |
4 |
Норвегия Корольдігі, Швейцария Конфедерациясы преференцияларының бас жүйесінің шеңберінде преференциялық режимге түсетін тауарлардың, үйлестірілген жүйенің тауар позицияларының кодтарын (немесе егер тауарлар үйлестірілген жүйенің жиырмадан астам тауар позицияларына түсетін болса тарауын) көрсететін сипаттамасы. |
5 |
Осы төменде қол қойған: |
6 |
Экспорттаушының Еуропалық комиссияның веб-сайтында оның деректерін жариялауға келісімі |
7 |
Уәкілетті ұйымның толтыруына арналған жол |
Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Тауардың шығу тегі туралы өтініш
Осы құжатта көрсетілген тауарларды экспорттаушы (атауы, мекенжайы, экспорттаушының тіркеу нөмірі) егер өзгеше көрсетілмесе, бұл тауарлар преференциялардың бас жүйесінің (Норвегия Корольдігі/Швейцария Конфедерациясы) шығу қағидаларына сәйкес Қазақстаннан преференциялық шығу тегіне ие және шығу өлшемшарты (P/W, үйлестірілген жүйенің коды) сәйкес келетінін мәлімдейді.
Statement on origin
The exporter (name, address, registration number of the exporter) of the products covered by this document declares that, except where otherwise clearly indicated, these products are of Kazakhstan preferential origin according to rules of origin of the Generalized System of Preferences (Kingdom of Norway/Swiss Confederation) and that the origin criterion met is (P/W, harmonized system code).