Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 тамызда № 9665 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. "Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 441 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 7372 болып енгізілді, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 18 ақпандағы № 64 (27136) нөмірінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте (Б.Б. Қанешев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарналауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Индустрия және жаңа технологиялар


министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 257 бұйрығымен
бекітілген

Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Сауда және интеграция министрінің 09.04.2020 № 72-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Өтініш берушінің мәртебесiн растайтын құжаттар:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі - жеке тұлғалар үшін;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі – заңды тұлғалар үшін;

      3) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – жеке кәсіпкерлер үшін;

      4) шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.

      1-1. Сыртқы сауда келісімшартының (шарттың), шот-фактураның немесе шот-проформаның немесе тауардың қаржылық және (немесе) сандық параметрлерін көрсететін өзге құжаттың көшірмесі (жүк сол бір жүк жөнелтушіден екінші сол бір жүк алушыға баратын ұзақ мерзімді сыртқы сауда шарттарын/мәмілелерін жүзеге асыру кезінде, егер бұл бір жақты тәртіппен белгіленген (әкелу) елі (одағы) қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және (немесе) шығарған елді айқындау қағидаларының (шығарған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына қайшы келмесе, шот-фактура немесе шот-проформа талап етілмейді).

      Тауарды көрмелерге (жәрмеңкелерге) шығарғанда, сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат рәсімдеу жағдайда, сондай-ақ, егер тауар Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткеннен кейін іске асырылған жағдайда, егер бұл бір жақты тәртіппен белгіленген әкелу елі (одағы) қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және (немесе) шығарған елді айқындау қағидаларының (шығарған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына қайшы келмесе, осы Тізбенің 1-1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Ескерту. Тізбе 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 14.01.2022 № 23-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-2. Егер тауар толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған жағдайда, тауардың толығымен Қазақстан Республикасында шығарылғаны туралы растайтын құжаттардың көшiрмесi:

      1) егер өтініш беруші осы тармақтың 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) және 22) тармақшаларында көрсетілген тауарды өндіруші болып табылмаса, онда өтініш берушіге тауарға меншік құқығының өндірушіден өтуін растайтын құжаттардың көшірмелері (тауар өндірушіден өтініш берушіге меншік құқығының өтуін растайтын шарт немесе шот-фактура немесе жүкқұжат немесе өзге құжат) ұсынылады;

      2) Қазақстан Республикасының жер қойнауынан, не аумақтық теңізде (Қазақстан Республикасының өзге су қоймасында) немесе түбінде өндірілген пайдалы қазбаларға, минералдық өнімдерге, жер ресурстарына арналған лицензияның немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу туралы актінің немесе сенімгерлік басқару шарттың көшірмелері ұсынылады (көрсетілген құжаттарды жылына 1 рет ұсынады);

      3) өсімдік тектес ауыл шаруашылығы тауарларына, оның ішінде көкөністер мен жемістерге өсімдік тектес ауыл шаруашылығы тауарларына, оның ішінде көкөністер мен жемістерге жүкқұжаттың немесе астық қолхатының көшірмесі немесе астық қолхаты бойынша үзінді немесе тауарға меншік құқығының өтініш берушіге өтуін растайтын өзге де құжат, сондай-ақ өтініш берушіден өнімді жинау орны туралы анықтама ұсынылады;

      4) жабайы өсетін өсімдіктерге және осындай өсімдіктерді және олардың бөліктерін кесу, жинау немесе дайындау заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері ұсынылады;

      5) тірі жануарлардың барлық түрлеріне (ауыл шаруашылығы, үй, жабайы, хайуанаттар бағы, теңіз, кәсіпшілік мамық, цирктік, зертханалық және басқалар); тірі құстардың барлық түрлері (үй, жабайы, сәндік); тірі аралар, тарқатуға жарамды жібек құртының пілләлары; тірі сәндік жәндіктер, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және рептилиялар; тірі балық (оның ішінде сәндік), тірі бақалар, шаяндар, теңіз омыртқасыздары және басқа гидробионттар, ұстау мен өсіруге арналған шарап ұлулары; ұрықтандырылған уылдырық, эмбриондар, зиготалар, жануарлар ұрығы; инкубациялық жұмыртқа; балықтарға арналған тірі азыққа (оның ішінде, гамарус, артемия салина) ауланған жері туралы анықтаманың немесе өндіріс объектісіне (жануарлар мен құстарды өсіру) есептік нөмір беру туралы растаудың немесе экспортқа рұқсаттың немесе ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмесі ұсынылады;

      6) ауыл шаруашылығы малдарынан алынған бүтіндей, жартылай, төрттен бір бөліктегі, бөліктегі етке, ауыл шаруашылығы құстарының етіне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының сойылған субөнімдеріне, қыртыс, қақталмаған және ерітілген майларға өндіріс объектісіне (сою цехына) есептік нөмір берілгені туралы растаудың, тірі жануарлар мен құстарға (союға (союға) ұшыраған ветеринариялық анықтаманың немесе өндіріс объектісіне (жануарлар мен құстарды өсіру) есептік нөмір берілгені туралы растаудың немесе ауыл шаруашылығы малдарынан алынған, экпортқа рұқсаттың (болған жағдайда) немесе ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмесі ұсынылады;

      7) жас, тоңазытылған, мұздатылған балыққа, теңіз жануарларының, су организмдерінің, оның ішінде ұлулардың, шаян тәрізділердің, басқа да су омыртқасыздарының етіне балық аулаудың шығу тегі туралы анықтаманың немесе экспортқа рұқсаттың немесе ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмелері ұсынылады. Егер Тізбенің осы тармақшасында көрсетілген тауарды аулау/қайта өңдеу жүргізілетін кемені Қазақстан Республикасының резиденті жалға алса (жалға алса), онда осындай фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады;

      8) жабайы жануарлар мен құстардан алынған бүтіндей, жартылай, төрттен бір бөліктегі, бөліктегі етке, сондай-ақ жабайы жануарлар мен құстардың сойылған субөнімдеріне, қақталмаған және ерітілген майларға ветеринариялық сертификаттың көшірмесі немесе экспортқа рұқсаттың көшірмесі ұсынылады;

      9) ара балына; тауарлық құс жұмыртқасына; тері және мамық жүнді шикізатқа, эндокринді шикізатқа; ішек шикізатына; тағамдық емес субөнімдерне; өңделмеген мүйіз тұяқты шикізатқа, оның ішінде сүйектерге; шашқа (қыл, жүн, мамық, қауырсын, қыл-қыбыр, түлеген терілер), тері шикізатының шеліне және кесінділеріне, өт, балауыз, ара желімі, мерва, аналық сүт, ара уы, жылан уы, аңшылық олжа, қиға (құстың қиы) ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмесі немесе экспортқа рұқсаттың көшірмесі ұсынылады;

      10) бұрын пайдалануда болған және Қазақстан Республикасының аумағында жиналған заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына лицензияның (рұқсаттың) немесе түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі және түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары пайда болғаны және орны туралы анықтама ұсынылады;

      11) қайта өңдеу жөніндегі өндірістік немесе өзге де операциялар нәтижесінде алынған қалдықтарға (қайталама шикізатқа), оның ішінде түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына қалдықтарды/сынықтарды есептен шығару (пайда болу) актісінің (анықтамасының) көшірмесі немесе негізгі құралдарды істен шығаруға (есептен шығаруға) арналған актінің көшірмесі немесе негізгі құралдарды бөлшектеу және демонтаждау кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актінің көшірмесі ұсынылады (осы құжаттарды түсті және қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын өңдеуге байланысты қызмет түрін жүзеге асырмайтын өтініш беруші ғана береді);

      12) суға су объектілерін пайдаланудың заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері немесе сумен жабдықтау немесе суды тартуға шарттың көшірмесі ұсынылады;

      13) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға өндіруге арналған лицензияның немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмесі (жылына 1 рет беріледі), технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      14) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға жүкқұжаттың немесе астық қолхатының көшірмелері немесе астық қолхаты бойынша үзінді немесе өтініш берушіге тауарға меншік құқығының өтуін растайтын өзге де құжат, өнімді жинау орны туралы анықтама, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      15) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға осындай өсімдіктерді және олардың бөліктерін кесу, жинау немесе дайындау заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      16) осы тармақтың 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға ветеринариялық анықтаманың көшірмесі, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі, тауар өндірушіге өндіріс объектісіне есептік нөмір берілгені туралы растау ұсынылады;

      17) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген шикізаттар мен материалдардан ғана өндірілген тауарларға ветеринариялық анықтаманың немесе аулаудың шығу тегі туралы анықтаманың көшірмелері, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі және өндіріс объектісіне тауарды өндірушіге есептік нөмір беру туралы растау беріледі;

      18) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарынан ғана өндірілген тауарларға қалдықтарды/сынықтарды есептен шығару (пайда болу) актісінің (анықтамасының) көшірмесі немесе негізгі құралдардың істен шығуына (есептен шығаруға) арналған актінің көшірмесі немесе негізгі құралдарды бөлшектеу және бөлшектеу кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актінің көшірмесі, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      19) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарынан басқа қалдықтардан (қайталама шикізаттан) ғана өндірілген тауарларға қалдықтардың пайда болуы туралы анықтаманың көшірмесі немесе негізгі құралдардың істен шығуына (есептен шығаруға) арналған актінің көшірмесі немесе негізгі құралдарды бөлшектеу және бөлшектеу кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актінің көшірмесі, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      20) осы тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға осы тармақтарда көрсетілген құжаттар, сондай-ақ технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      21) тек қана атмосфералық ауадан өндірілген тауарларға технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      22) электр, жылу және өзге де энергия түрлеріне технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады.

      Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификатты алу үшін осы тармақтың 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ветеринариялық сертификатты ұсыну талап етілмейді.

      Ескерту. Тізбе 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 14.01.2022 № 23-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. 10.07.2021 дейін қолданыста болды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2020 № 247-НҚ бұйрығымен.
      3. 10.07.2021 дейін қолданыста болды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2020 № 247-НҚ бұйрығымен.

      4. Егер тауар Қазақстан Республикасында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарын ескере отырып өндірілген жағдайда, тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарын айқындау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) егер өтініш беруші мәлімделген тауарды өндіруші болып табылмаса, онда тауарға меншік құқығының өндірушіден өтініш берушіге өтуін растайтын құжаттардың көшірмелері (шарт және (немесе) шот-фактура және (немесе) жүкқұжат және (немесе) тауар өндірушіден өтініш берушіге меншік құқығының өтуін растайтын өзге де құжат) ұсынылады);

      2) тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарға меншік құқығының өтуін растайтын шарттың және (немесе) шот-фактураның және (немесе) өзге де құжаттың көшірмесі;

      3) тауарды өндірудің технологиялық процесін қысқаша сипаттаудың көшірмесі;

      4) шетелде шығарылған шикiзат пен құрауыштар құнын анықтай отырып, франко-зауыт бағасы бойынша тауар құнының шығын калькуляциясы.

      4-1. 10.07.2021 дейін қолданыста болды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 04.11.2020 № 247-НҚ бұйрығымен.

      4-2. Сериялық өнімнің шығу тегі туралы сертификат алу үшін өтініш беруші қосымша ұсынады:

      1) өтінім берілгенге дейін кемінде 12 (он екі) ай мерзімде тауардың немесе онымен біртекті тауардың өндірісін растайтын "СТ-1" немесе "СТ-KZ" үлгісіндегі тауарлардың шығу тегі туралы кем дегенде 2 (екі) сертификаттың көшірмелерін немесе өндіріс объектісіне есептік нөмір берілгені туралы растау. Ұсынылған сертификаттардың біреуі өтінім берілгенге дейін 12 (он екі) айдан ерте емес, ал екіншісі өтініш берілгенге дейін 12 (он екі) айдан кешіктірмей беріледі;

      2) есепке алынуы мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін салық берешегінің болмауы туралы мәліметтер.

      Ескерту. Тізбе 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 14.01.2022 № 23-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасынан тауарды кері экспорттау кезінде:

      1) тауарды сатып алуға арналған құжаттардың көшірмелері (шарт және (немесе) шот-фактура немесе тауардың өтініш берушіге меншік құқығының өтуін растайтын өзге құжат);

      2) Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (тауарларға арналған декларация (егер тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген болса, онда тауарларға арналған декларация ұсынылмайды), тауарды тасымалдау туралы құжаттар (егер тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан автомобиль көлігімен тасымалданатын болса, онда қосымша мемлекеттік бақылаудан өту талоны ұсынылады);

      3) тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері (қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және (немесе) әкету елі (одағы) біржақты тәртіппен белгілеген шығарылған елді айқындау ережесінің (шығарылған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына сәйкес әкету елінің уәкілетті органы (ұйымы) берілген және уәкілетті тұлғаның қолымен және құжатты берген әкету елінің уәкілетті органның (ұйымның) мөрімен куәландырылған (егер қолжетімді болса) (тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі немесе тауардың шығу тегі туралы декларацияның көшірмесі).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 14.01.2022 № 23-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-1. 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттер шеңберінде олардың аумақтарында өндірілген және 1993 жылғы 24 қыркүйектегі Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидалары күшіне енгенге дейін Келісімге қатысушы мемлекеттердің кедендік аумақтарына әкелінген (орналастырылған) тауарларды тасымалдау кезінде өтініш беруші тауарды дайындаушы туралы ақпаратты (оның атауы, мекенжайы, сондай-ақ тауардың дайындалған жылы) растайтын құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. Тізбе 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 14.01.2022 № 23-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Егер тауардың шығу тегі туралы сертификат Қазақстан Республикасының аумағынан тауарды әкету кезінде берілмесе, онда өтініш беруші қосымша тауарды әкету фактісін растайтын құжаттарды ұсынады:

      1) тауарға кедендік декларацияның көшірмесі;

      2) егер тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің елдеріне экспортталса, онда көлік құжаттарының көшірмелері ұсынылады.

      7. Тауарды қосымша сәйкестендіруді жүргізу немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарын айқындау қажет болған жағдайда, өтініш беруші:

      1) Егер қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың талаптарында көзделсе, шикізаттың, материалдардың, тауардың шығу тегін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      2) оларға сәйкес тауар өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      3) егер тауарларды зертханалық зерттеулер мен зерттеулерсіз сәйкестендіру мүмкін болмаса, аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген шикізат, материалдар және (немесе) тауарлар бойынша сынақ хаттамаларының көшірмелері.


      Ескертпе:

      Шарттың қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылдан және одан көп созылатын ұзақ мерзімді шарттар (келісімшарттар, келісімдер) және Өтініш берушінің мәртебесін, сондай-ақ тауардың сериялық өндірісін, тауарды дайындау құқығын растайтын құжаттар оларға қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне қарай кейіннен жаңартылып, бір рет ұсынылады.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады