"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гаупвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 22449 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 318 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2023 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гаупвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15525 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гаупвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдау, сондай-ақ сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, бұйымдар, құндылықтар мен ақша сомасы туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада сотталғанды қабылдау туралы қолхат жасалады, ол әскери полиция органының құпия емес іс жүргізуінде тіркеледі.

      Қолхаттың бірінші данасы әскери бөлімде тіркеу және ұстау мерзімі аяқталғанға дейін есепке алу үшін әскери қызметшіні гауптвахтаға жеткізген адамға, екіншісі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге беріледі, үшіншісі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне тіркеледі.

      Гауптвахта бастығы болмағанда сотталған әскери қызметшілердің қабылданғаны туралы қарауыл (кезекші ауысым) бастығы ол келген соң баяндайды, содан кейін құжаттар мен заттарды олардың тізімдемесімен бірге ұсынады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Дене жарақаттары анықталған жағдайда тиісті медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық қызметкерді (фельдшерді), әскери полиция органдарын тарта отырып, бір тәулік мерзімде медициналық куәландыру жүргізіледі, оның нәтижелері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің медициналық кітапшасына жазылады.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жарақаттану (дене зақымдарын алу) жағдайларын анықтау мақсатында гауптвахта әскери қызметшілері медициналық қызметкердің (фельдшердің) қатысуымен күн сайын олардың денесін қарап-тексеруді жүргізеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер жеке камераға:

      1) гауптвахтаға шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардан дәлелді себептерсіз бас тартқан;

      2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге, әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қатер төндірген немесе балағаттаған, оларға бағынбаған, оның ішінде жазаны өтеу режимін бұзу мақсатында өзіне қандайда бір қасақана зиян келтірген;

      3) ішкі тәртіптемені және Гауптвахтаға қамауға алынған сотталғандардың өзін-өзі ұстау Қағидаларын бұзған;

      4) гауптвахтаның ішкі тәртіптемесі қағидаларымен көзделмеген заттарды, құжаттарды, нәрселерді, бұйымдарды, азық-түлік өнімдерін берген (қабылдаған), дайындаған, сақтаған және пайдаланған;

      5) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды тұтынған;

      6) материалдық немесе өзге де кіріс көздері мақсатында карта ойындарын ойнаған, сондай-ақ құмар ойындарына қатысқан;

      7) гауптвахаға қамауға алынған әскери қызметшілерге және әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қатысты құқыққа сыйымсыз әрекеттер жасаған жағдайларда орналастырылады.

      8) гауптвахта қарауылының (кезекші ауысымының) немесе әскери полиция органы басқа да лауазымды адамдарының талаптарын орындамаған;

      9) тыйым салынған заттарды сақтаған, жасаған және пайдаланған жағдайларда орналастырылады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Гауптвахтада ұсталатын адамдарды жеке камераларға орналастыруға гауптвахта бастығының дәлелді шешімі бойынша:

      1) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудiң өзге мүмкiндiгi болмаған кезде;

      2) өмiрі мен денсаулығы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерiнде;

      3) гауптвахтада ұсталатын адамдардың жеке ұстау туралы жазбаша өтiнiші болған кезде;

      4) осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жағдайларда жол беріледі.";

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Толық қарап-тексеру және тінту гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні гауптвахта шегінде камерадан шығарған кезде (медициналық қызметкерге (фельдшерге), тергеушіге, кездесуге дейін және одан кейін, басқа камераға ауыстырған кезде, дактилоскопиялау және фотосуретке түсіру үшін) жүргізіледі.

      Толық қарап-тексеру және тінту кезінде сотталғанды шешіндірмей, оның киімі мен аяқ киімі қаралады және тінтіледі.

      27. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді толық қарап-тексеруді және тінтуді гауптвахта әскери қызметшілері жүргізеді. Толық қарап-тексеруді және тінтуді толық қарап-тексерілетін адаммен бір жынысты адам жүргiзедi.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің заттарын толық қарап-тексеру және тінту олардың қатысуымен гауптвахтаға түскен кезде, одан тысқары жөнелтер алдында, бір камерадан басқа камераға және әскери медициналық мекемеге ауыстырған кезде жүргізіледі.

      Заттарды толық қарап-тексеру және тінту осы заттар тиесілі адамның қатысуымен жүргізіледі.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден гауптвахтада ұстау кезеңінде тыйым салынған заттарды алудың немесе табудың әрбiр фактiсі бойынша олардың келіп түсу көзін және нақты иесiн анықтау мәніне әскери полиция органы қызметтік тергеп-тексеру жүргiзедi.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Сәлем-сауқатты ашуды және ішіндегісін салыстырып тексеруді құрамында гауптвахтаның кемінде екі әскери қызметшісі бар комиссия жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәлем-сауқатты ашу актісі жасалады.

      Актіге комиссия мүшелері қол қояды, онымен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қол қоюмен таныстырылады және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне қоса тігіледі.

      Сәлем-сауқаттан, хаттан табылған тыйым салынған заттар алынады, қайтару себептерін көрсете отырып, сәлем-сауқатты жеткізген адамға қайтарылады.

      Сәлем-сауқат пошта арқылы алынған жағдайда тыйым салынған заттар немесе ақша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке заттарының тізімдемесіне енгізіледі және жазалау мерзімін өтегенге дейін оның басқа да жеке заттарымен бірге сақталады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді медициналық қызметкердің (фельдшердің) қабылдауына (медициналық қарап-тексеруге) алдын ала жазу қарауыл (кезекші ауысым) кезекшілікті қабылдау және тапсыру және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді салыстырып тексеруді жүргізу кезінде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің өтініш білдіруі бойынша жүзеге асырылады.

      Одан басқа, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер медициналық қызметкерге (фельдшерге) олар күн сайын камераларды аралаған уақытта, ал жіті сырқаттануы жағдайында гауптвахта әскери қызметшісіне медициналық көмек үшін өтініш жасайды.

      Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші өтініш жасаған гауптвахта әскери қызметшісі медициналық қызметкерді (фельдшерді) шақырту үшін әскери полиция органы бойынша кезекшіге баяндайды.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден ұсыныстарды, өтініштер мен шағымдарды гауптвахта әскери қызметшілері күн сайын камераларды аралау кезінде жазбаша түрде де, ауызша нысанда да қабылдайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 367 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка и порядка содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 30 марта 2021 года № 174. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 апреля 2021 года № 22449. Утратил силу приказом Министра обороны Республики Казахстан от 12 апреля 2023 года № 318.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра обороны РК от 12.04.2023 № 318 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести изменения в Правила внутреннего распорядка и порядка содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан, утвержденные приказом Министра обороны Республики Казахстан от 20 июля 2017 года № 367 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15525, опубликован 13 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Правилах внутреннего распорядка и порядка содержания осужденных на гауптвахте органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. О приеме военнослужащего, водворенного на гауптвахту, а также принятых на хранение документах, вещах, предметах, изделиях, веществах, ценностях и сумме денег составляется расписка о приеме осужденного в трех экземплярах по форме, согласно приложению 4 к настоящим Правилам, которая регистрируется в несекретном делопроизводстве органа военной полиции.

      Первый экземпляр расписки выдается лицу, доставившему осужденного военнослужащего на гауптвахту, для регистрации и учета в воинской части до окончания срока содержания, второй – военнослужащему, водворенному на гауптвахту, третий - приобщается к личному делу военнослужащего, водворенного на гауптвахту.

      О принятых в отсутствие начальника гауптвахты осужденных военнослужащих, начальник караула (дежурной смены) докладывает ему по его прибытию, затем представляет документы и вещи с их описью.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. В случае обнаружения телесных повреждений оказывается соответствующая медицинская помощь. В суточный срок с привлечением медицинского работника (фельдшера), органов военной полиции производится медицинское освидетельствование, результаты которого фиксируются в медицинской книжке военнослужащего, водворенного на гауптвахту.

      В целях выявления случаев получения военнослужащими, водворенных на гауптвахту, травм (телесных повреждений), военнослужащими гауптвахты с участием медицинского работника (фельдшера) ежедневно проводится их телесный осмотр.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Военнослужащие, водворенные на гауптвахту водворяются в одиночную камеру в качестве взыскания в случаях:

      1) отказа без уважительных причин от работ по хозяйственному обслуживанию гауптвахты;

      2) угрозы или оскорбления военнослужащих, водворенных на гауптвахту, военнослужащих органов военной полиции, неповиновение им, в том числе сопряженное с умышленным причинением себе какого-либо повреждения,

      с целью нарушения режима отбывания наказания;

      3) нарушения внутреннего распорядка и Требований к поведению осужденных, водворенных на гауптвахту;

      4) передачи (получения), изготовления, хранения и использования предметов, документов, вещей, изделий, веществ, продуктов питания, не предусмотренных правилами внутреннего распорядка гауптвахты;

      5) употребления алкоголя, наркотических средств, психотропных или других одурманивающих веществ;

      6) игры в карты, а также иные азартные игры с целью материальной или иной выгоды;

      7) совершения противоправных действий в отношении военнослужащих, водворенных на гауптвахту и военнослужащих органов военной полиции.

      8) неисполнение законных требований караула (дежурной смены) гауптвахты или других должностных лиц органа военной полиции;

      9) хранения, изготовления и использования запрещенных предметов.";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Размещение лиц, содержащихся на гауптвахте, в одиночных камерах допускается по мотивированному решению начальника гауптвахты в следующих случаях:

      1) при отсутствии иной возможности обеспечить соблюдение требований раздельного размещения, предусмотренных статьей 32 Закона Республики Казахстан от 30 марта 1999 года "О порядке и условиях содержания лиц в специальных учреждениях, специальных помещениях, обеспечивающих временную изоляцию от общества" (далее - Закона);

      2) в интересах обеспечения безопасности жизни и здоровья;

      3) при наличии письменного заявления лиц, содержащихся на гауптвахте, об одиночном содержании;

      4) указанных в пункте 19 настоящих Правил.";

      пункт 26 и 27 изложить в следующей редакции:

      "26. Досмотр и обыск производится при выводе военнослужащего, водворенного на гауптвахту, из камеры в пределах гауптвахты (к медицинскому работнику (фельдшеру), следователю, до и после свидания, при переводе в другую камеру, для дактилоскопирования и фотографирования).

      При досмотре и обыске просматривается и прощупывается одежда и обувь осужденного без его раздевания.

      27. Досмотр и обыск военнослужащих, водворенных на гауптвахту, производится военнослужащими гауптвахты. Досмотр и обыск производится лицом одного пола с досматриваемым.";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Досмотр и обыск вещей военнослужащих, водворенных на гауптвахту, производится в их присутствии при поступлении на гауптвахту, перед отправкой за ее пределы, при переводе из камеры в камеру и в военно-медицинское учреждение.

      Досмотр и обыск вещей производится в присутствии лица, в собственности которого эти вещи находятся.";

      пункт 37 изложить в следующей редакции:

      "37. По каждому факту изъятия или обнаружения у военнослужащего, водворенного на гауптвахту, запрещенных предметов, в период содержания на гауптвахте, органом военной полиции проводится служебное расследование на предмет установления источника их поступления и подлинного владельца.";

      пункт 53 изложить в следующей редакции:

      "53. Вскрытие и сверка содержимого передач и посылок осуществляется комиссией в составе не менее двух военнослужащих гауптвахты, о чем составляется акт вскрытия посылок и передач по форме, согласно приложению 13 к настоящим Правилам.

      Акт подписывается членами комиссии, с которым ознакамливается под роспись военнослужащий, водворенный на гауптвахту, и приобщается к личному делу военнослужащего, водворенного на гауптвахту.

      Обнаруженные в посылке, передаче, письме запрещенные предметы или вещи, возвращаются лицу, доставившему передачу с указанием причин возврата.

      В случае получения передачи почтой, запрещенные предметы, вещи или деньги вносятся в опись личных вещей военнослужащего, водворенного на гауптвахту и хранятся вместе с другими его личными вещами до отбытия срока наказания.";

      пункт 61 изложить в следующей редакции:

      "61. Предварительная запись военнослужащих, водворенных на гауптвахту на прием (медицинский осмотр) к медицинскому работнику (фельдшеру) осуществляется по обращению военнослужащих, водворенных на гауптвахту при приеме и передаче дежурства караулом (дежурной сменой) и проведении сверок военнослужащих, водворенных на гауптвахту.

      Кроме того, военнослужащие, водворенные на гауптвахту, обращаются за медицинской помощью к медицинскому работнику (фельдшеру) во время ежедневного обхода им камер, а в случае острого заболевания к военнослужащему гауптвахты.

      Военнослужащий гауптвахты, к которому обратился военнослужащий, водворенный на гауптвахту, докладывает дежурному по органу военной полиции для вызова медицинского работника (фельдшера).";

      пункт 86 изложить в следующей редакции:

      "86. Предложения, заявления и жалобы от военнослужащих, водворенных на гауптвахту, принимаются военнослужащими гауптвахты при ежедневном обходе камер, как в письменном виде, так и в устной произвольной форме.".

      2. Главному управлению военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль, за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра обороны – начальника Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Н. Ермекбаев