Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 12.04.2023 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 25.08.2018 № 568 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидалары бекiтілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) бұйрықты ресми жарияланғанынан кейiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрiнiң бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсiн.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлiгiнде жеткiзiлсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Респуликасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының
гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды (бұдан әрі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер) ұстау тәртібі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы (бұдан әрі – гауптвахталар) ішкі тәртіптеме және онда ұстау тәртібін айқындайды.
2. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахтадағы ішкі тәртіптемені әскери полиция органының бастығы бекітеді.
Ішкі тәртіптемеде түнгі уақытта сегіз сағаттық үзіліссіз ұйқыға, таңғы тұруға, жуынуға, ас ішуге, еңбек етуге, ұйқыға жатуға арналған уақыт көзделеді. Гауптвахтадағы әрбір камерада мемлекеттік және орыс тілдерінде ішкі тәртіптеме ілінеді.
Гауптвахтада ұстау режимін қамтамасыз ету және ішкі тәртіптемені сақтау әскери полиция органдарының және гауптвахтаның лауазымды адамдарына жүктеледі.
3. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығымен бекітілген Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларына сәйкес тамақтанумен қамтамасыз етіледі.
Оларды тамақтануға тіркеу азық-түлік аттестаттары бойынша жүргізіледі.
Азық-түлік аттестаттары жоқ гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер әскери полиция органы бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрығынан үзінді көшірмелер негізінде жабдықталымға тіркеледі.
Егер гауптвахта жанында тағам дайындалмаса, онда гауптвахтаға оны жеткізу тәртібін гарнизон бастығы белгілейді.
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер камераларда ас ішеді.
4. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер, өзге де негіздер бойынша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер мен әскери полиция органдарының әскери қызметшілері арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларымен (бұдан әрі – Жалпыәскери жарғылар) айқындалады.
5. Әскери полиция органдарының әскери қызметшілері күшті, арнайы құралдарды, оның ішінде қызметтік иттерді және қаруды Жалпыәскери жарғыларға және "Әскери полиция органдары туралы" 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 және 12-баптарына сәйкес қолданады.
2-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтаға қабылдау
және оларды камераларға орналастыру тәртібі
6. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтаға қабылдауды тәулік бойы гауптвахта бастығы, ал ол болмағанда қарауыл (кезекші ауысым) бастығы жүргізеді, ол гауптвахтаға жеткізілген адамның қабылдау үшін негіз беретін осы Қағидаларға 7-қосымшада көзделген құжаттарының бар болуын тексереді, медициналық қарап тексеруді жүргізетін әскери полиция органдары медициналық жұмыскерінің (фельдшерінің) қатысуымен көрсетілген адамға сауал жүргізеді және оның жауаптарын жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген мәліметтермен салыстырады.
7. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтаға жеткізген адам гауптвахта бастығына, ал ол болмағанда қарауыл (кезекші ауысым) бастығына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сотталғанның жеке басын куәландыратын құжатты;
2) әскери бөлімнің елтаңбалы мөрімен расталған сот үкімінің көшірмесін;
3) сотталғанды жазасын өтеу кезеңінде барлық жабдықталым түрлерінен алу туралы әскери бөлім командирінің бұйрығынан көшірмені не үзінді көшірмені;
4) әскери бқлім штабының лауазымды адамы қол қойған жеке заттар тізімдемесін (екі данада).
8. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтаға қабылдау кезінде осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың бар болуы және олардың дұрыс ресімделуі тексеріледі, сондай-ақ жеке қарап тексеру жүргізіледі, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Тыйым салынған заттар мен бұйымдар тізбесі бойынша тыйым салынған заттар мен бұйымдар алынады.
Сақтау үшін сотталғаннан қабылданған оған тиесілі ақша, құндылықтар мен жеке басын куәландыратын құжаттар гауптвахта бастығына сақтауға тапсырылады.
Жеке заттар, нәрселер, бұйымдар мен азық-түлік өнімдері қамаққа алынғандардың заттарын сақтау бөлмесіне сақтауға тапсырылады.
9. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер туралы, сондай-ақ сақтауға алынған және қабылданған құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, құндылықтар мен ақша сомасы туралы мәліметтерді қабылдайтын адам сотталғанның қатысуымен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу журналына (бұдан әрі – Есепке алу журналы) енгізеді.
10. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдау, сондай-ақ сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, бұйымдар, құндылықтар мен ақша сомасы туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада сотталғанды қабылдау туралы қолхат жасалады, ол әскери полиция органының құпия емес іс жүргізуінде тіркеледі.
Қолхаттың бірінші данасы әскери бөлімде тіркеу және ұстау мерзімі аяқталғанға дейін есепке алу үшін әскери қызметшіні гауптвахтаға жеткізген адамға, екіншісі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге беріледі, үшіншісі – гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне тіркеледі.
Гауптвахта бастығы болмағанда сотталған әскери қызметшілердің қабылданғаны туралы қарауыл (кезекші ауысым) бастығы ол келген соң баяндайды, содан кейін құжаттар мен заттарды олардың тізімдемесімен бірге ұсынады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтаға қабылдау кезінде әскери полиция органдарының медицина жұмыскері (фельдшері) онда дене жарақаттарын анықтау үшін қарап тексеруді жүргізеді, ол туралы Есепке алу журналында тиісті жазба жасалады.
Гауптвахтаға жаңадан келген сотталғандарды қарап тексеру олар камераларға орналастырылғанға дейін жүргізіледі.
Қарап тексеру кезінде тері, венерологиялық, инфекциялық және басқа да аурулардың сыртқы белгілеріне, педикулездің бар болуына ерекше назар аударылады.
Анықталған дене жарақаттары туралы сотталғанды жеткізген лауазымды адам қолын қойғызып хабардар етіледі.
12. Дене жарақаттары анықталған жағдайда тиісті медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық қызметкерді (фельдшерді), әскери полиция органдарын тарта отырып, бір тәулік мерзімде медициналық куәландыру жүргізіледі, оның нәтижелері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің медициналық кітапшасына жазылады.
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жарақаттану (дене зақымдарын алу) жағдайларын анықтау мақсатында гауптвахта әскери қызметшілері медициналық қызметкердің (фельдшердің) қатысуымен күн сайын олардың денесін қарап-тексеруді жүргізеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахтаға келіп түскен кезде әкімшілік сотталғанға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Гауптвахтаға қамалған сотталғандардың өзін-өзі ұстау қағидалары туралы ақпаратты, оның құқықтары мен міндеттерін, осы Қағидаларда көзделген гауптвахтадағы ішкі тәртіптеме мен онда ұстау тәртібін қолын қойғызып жазбаша түрде береді.
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді гауптвахтада техникалық қадағалау, бақылау және күзет құралдары қолданылатыны, сондай-ақ заңында және жалпыәскери жарғыларда көзделген жағдайларда күш, арнайы құралдар, оның ішінде қызметтік иттер және қару қолданылатыны туралы түсіндіріледі.
Гауптвахта стендісінде және камераларда мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚАК) 86-бабында белгіленген гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат орналастырылады.
14. Камералар бойынша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді орналастыру осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камераларға орналастыру жоспарына сәйкес мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) офицерлер, сержанттар (старшиналар) мен сарбаздар (матростар) өзге де негіздемелер бойынша гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілерден бөлек ұсталады;
2) әскери қызметші әйелдер ерлерден бөлек ұсталады.
Әртүрлі инфекциялық аурулармен сырқаттанған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер дені сау гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден бөлек және жеке ұсталады.
15. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер жұмыстарды орындау мен сейілдеулер уақытын қоспағанда, құлыпқа жабылатын ортақ камераларда қатаң оқшаулау жағдайларында ұсталады.
16. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді камераларға орналастыруды гауптвахта бастығы немесе қарауыл (ауысым кезекшісі) бастығы жүргізеді. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер жүрген кезде айдауыл бірге жүреді.
Басқа камералардың гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен және өзге де негіздер бойынша гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілермен сөйлесуге, қандай да бір заттарды беруге және хат-хабар жазысуға жол берілмейді.
17. ҚР ҚАК 27-бабының 3-тармағына сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жазасын өтеу орнына келгені туралы гауптвахта бастығы екі жұмыс күні ішінде үкім шығарған сотқа, әскери бөлім қолбасшылығына сотталғанның қамаққа алуды өтеуді бастағаны және орны туралы хабарлама жолдайды, сондай-ақ оның жақын туыстарының біреуіне не гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің қалауы бойынша заңды өкіліне жазбаша хабарлама жолдайды.
18. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді әскери полиция органы бастығының дәлелді қаулысы негізінде жеке камераға орналастыруға:
1) бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған кезде;
2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер не басқа да гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде;
3) егер бос орындар болса, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің, гауптвахтада ұсталатын сотталғанның жеке ұстау туралы жазбаша өтінімі бар болған кезде;
4) егер олар ортақ камераларда ұсталса, сотталғандарды түнгі уақытта жеке камераларға орналастырған кезде жол беріледі.
19. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер жеке камераға:
1) гауптвахтаға шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардан дәлелді себептерсіз бас тартқан;
2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге, әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қатер төндірген немесе балағаттаған, оларға бағынбаған, оның ішінде жазаны өтеу режимін бұзу мақсатында өзіне қандайда бір қасақана зиян келтірген;
3) ішкі тәртіптемені және Гауптвахтаға қамауға алынған сотталғандардың өзін-өзі ұстау Қағидаларын бұзған;
4) гауптвахтаның ішкі тәртіптемесі қағидаларымен көзделмеген заттарды, құжаттарды, нәрселерді, бұйымдарды, азық-түлік өнімдерін берген (қабылдаған), дайындаған, сақтаған және пайдаланған;
5) алкогольді, есірткі заттарын, психотроптық немесе басқа да есеңгірететін заттарды тұтынған;
6) материалдық немесе өзге де кіріс көздері мақсатында карта ойындарын ойнаған, сондай-ақ құмар ойындарына қатысқан;
7) гауптвахаға қамауға алынған әскери қызметшілерге және әскери полиция органдарының әскери қызметшілеріне қатысты құқыққа сыйымсыз әрекеттер жасаған жағдайларда орналастырылады.
8) гауптвахта қарауылының (кезекші ауысымының) немесе әскери полиция органы басқа да лауазымды адамдарының талаптарын орындамаған;
9) тыйым салынған заттарды сақтаған, жасаған және пайдаланған жағдайларда орналастырылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Гауптвахтада ұсталатын адамдарды жеке камераларға орналастыруға гауптвахта бастығының дәлелді шешімі бойынша:
1) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 32-бабында көзделген бөлек орналастыру талаптарын сақтауды қамтамасыз етудiң өзге мүмкiндiгi болмаған кезде;
2) өмiрі мен денсаулығы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерiнде;
3) гауптвахтада ұсталатын адамдардың жеке ұстау туралы жазбаша өтiнiші болған кезде;
4) осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жағдайларда жол беріледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Заңның 31-бабының 2-тармағына сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді бір тәуліктен астам мерзімге жеке камераларға орналастыруға прокурор санкция берген әскери полиция органының дәлелді қаулысы бойынша жол беріледі.
3-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тiнту жүргізу,
дактилоскопиялау, оларды суретке түсiру және заттарын толық тексеру
22. Гауптвахтаға қамауға алынған кезде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер жеке тiнтілуге, дактилоскопиялауға, ал олардың жеке заттары қарап тексерілуге ұшырайды.
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке тінту немесе жеке заттарын қарап тексеру кезінде ақшаны, құнды заттарды және тыйым салынған заттар мен нәрселерді анықтау үшін техникалық құралдар қолданылуы мүмкін.
23. Жеке тінту толық және ішінара болып бөлінеді.
24. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер толық тінтілуге гауптвахтаға қабылдау және одан тыс жөнелтілген кезде, жеке камераға орналастыру кезінде ұшырайды.
Жеке тiнту гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні, оның киiмi және аяқ киiмiн мұқият тексерумен сүйемелденеді. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге толық шешіну, денесінің тиісті жерлерін ашып көрсету ұсынылады. Егер пластырь жапсырмалары, гипс және басқа да таңулар бар болғанда олар медицина қызметкерінің (фельдшердің) рұқсатымен тексерiледi. Одан кейін жеке дене бітімін тексеру жүргізіледі, оның кезінде қолдары мен аяқтары саусақтарының арасы, табанының өкшелері, екі жағынан қолдарының білектері, тері қабаты, құлақтары, ауыз және мұрын қуыстары, қолтықтарының асты, аяқтарының ортасы, сондай-ақ бар хирургиялық тыртықтары тексеріледі, шаштары тарақпен таралады.
Дене бітімін тексергеннен кейін киімі, аяқ-киімі мен іш киімі мұқият тексеріледі. Киімдері, әсіресе тігістері, қыртыстары, маталардың қос қабаттары мен астарлары мұқият қарап тексеріледі және тінтіледі. Күдікті жерлері бізбен тесілуі және тігістері бойынша сөгілуі мүмкін. Киімдердің қалталары, жеңдері, шалбарлар, іш киімдер, ұйықтар, шұлықтар ішіне қайырылады. Металл түймелер, ілмектер мен тоғалар қиылады және металл еместермен ауыстырылады. Аяқ киімдер ішкі және сыртқы жағынан мұқият тексеріледі, бұл ретте алынуы және қиылуы мүмкін астарына, жапсырмаларына, ұлтарағына және өкшелеріне ерекше назар аударылады. Аяқ киімнен металл жақтаулары мен тағалары алып тасталады, баулары алынады.
25. Тыйым салынған заттарды жасыру мүмкіндігі туралы негіздер болған кезде гауптвахта қарауылы (ауысым кезекшісі) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге ішінара тінту жүргізеді.
26. Толық қарап-тексеру және тінту гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні гауптвахта шегінде камерадан шығарған кезде (медициналық қызметкерге (фельдшерге), тергеушіге, кездесуге дейін және одан кейін, басқа камераға ауыстырған кезде, дактилоскопиялау және фотосуретке түсіру үшін) жүргізіледі.
Толық қарап-тексеру және тінту кезінде сотталғанды шешіндірмей, оның киімі мен аяқ киімі қаралады және тінтіледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді толық қарап-тексеруді және тінтуді гауптвахта әскери қызметшілері жүргізеді. Толық қарап-тексеруді және тінтуді толық қарап-тексерілетін адаммен бір жынысты адам жүргiзедi.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Жеке iсте фотосуреттері болмаған кезде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер тура қарап, оң жақ, сол жақ қырынан, толық бойымен (фотосурет көлемі 4,5х6, 6х9 сантиметр) суретке түседi.
29. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің заттарын толық қарап-тексеру және тінту олардың қатысуымен гауптвахтаға түскен кезде, одан тысқары жөнелтер алдында, бір камерадан басқа камераға және әскери медициналық мекемеге ауыстырған кезде жүргізіледі.
Заттарды толық қарап-тексеру және тінту осы заттар тиесілі адамның қатысуымен жүргізіледі.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеке тiнту және онда болатын заттарды толық тексеру туралы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні әскери қызметшіні жеке тексеру және оның заттарын қарап тексеру хаттамасы жасалады.
31. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің хаттамаға қол қоюдан бас тартуы және тiнту немесе заттарын қарап тексеру кезiндегi оның барлық наразылығы хаттамада айтылады.
32. Камералар гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер серуендеуде болған уақытта күн сайын тексеріледі.
4-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден сақтауға және пайдалануға тыйым салынған нәрселер мен заттарды алу
33. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің нәрселері мен азық-түлiк өнімдерін сақтауға қабылдауды қарауыл (кезекші ауысым) бастығы жүргізеді.
34. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер камерада болғанда іш киімі, жұмыс (далалық) киім нысаны мен аяқ киімі болуға тиіс. Қалған нәрселер гауптвахтада белгіленген тәртіпке сәйкес камералардан тыс сақталады.
35. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін немесе мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қамтитын құжаттар мен жазбаларды қоспағанда, қылмыстық іске қатысы бар не өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбаларды өзінде сақтауға рұқсат етіледі.
36. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден заттарды алу не сақтауға қабылдау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада алу актісі жасалады.
Бiрiншi данасы сотталғанға берiледi, екiншiсі бөлiмнің өкіліне беріледі, үшiншiсі гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке iсінде сақталады. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің заттары мен мүлкін алу және сақтауға қабылдау туралы Есепке алу журналына жазба жасалады.
37. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіден гауптвахтада ұстау кезеңінде тыйым салынған заттарды алудың немесе табудың әрбiр фактiсі бойынша олардың келіп түсу көзін және нақты иесiн анықтау мәніне әскери полиция органы қызметтік тергеп-тексеру жүргiзедi.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жазбаша өтiнiшi бойынша қамаққа алынғандардың заттарын сақтау бөлмесінде сақтауда тұрған ақшасы, құндылықтары, нәрселері, бұйымдары мен азық-түлiк өнімдері сотталғанның қолхатымен оның жақын туыстарына берiледі.
39. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған жағдайда оған тиесілі сақтауда болған ақшасы, құндылықтары, нәрселері, бұйымдары мен азық-түлік өнімдері оның жақын туыстарының біріне қолхат арқылы берiледі.
40. Тыйым салынған нәрселер мен бұйымдар осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұйымдарды, құжаттарды, заттарды және өзге де материалдық құндылықтарды беру актісі бойынша гауптвахта бастығына, ал ол болмағанда қарауыл (кезекші ауысым) бастығына сақтау үшін тапсырылады, оның көшірмесі сотталғанның жеке ісіне тігіледі.
41. Қарауыл (кезекші ауысым) бастығы қарап тексеру кезінде қарудың, жарылғыш, улы, уландырғыш, есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың алынғаны туралы белгіленген тәртіппен шешім қабылдау үшін дереу әскери полиция органы бастығының атына баянатпен баяндайды.
42. Жарамдылық мерзімі өткен не бүліну белгілері бар азық-түлік өнімдерін құрамында гауптвахтаның кемінде екі әскери қызметшісі бар комиссия жояды, ол туралы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жою актісі жасалады.
5-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
43. Гауптвахтадағы гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер:
1) ұйықтайтын орынмен;
2) ұйықтаған уақытта төсек жабдығымен, оның ішінде матрацпен, жастықпен, көрпемен, екi жаймамен, жастық тысымен, сүлгімен (әскери қызметші әйелдер – қосымша сүлгімен);
3) тамақтану уақытында асханалық ыдыспен және асханалық аспаптармен, оның ішінде тегешпен, кружкамен, қасықпен;
4) жалпыәскери жарғылармен, кітаптармен, журналдармен және мерзімді баспасөзбен қамтамасыз етіледі.
44. Камералар еденге орнатылған үстелдермен және отырғыштармен жабдықталады, сәкілермен, үстелдермен, табуреткалармен, жеке заттар мен жуыну керек-жарақтарына арналған тумбочкалармен жабдықталады, қайнаған ауызсуға арналған ыдыстар, кружкалар, ілгіштер және түкіргіштер орнатылады.
Күн сайын камераларға қайнаған су беріледі.
Камераларда +18оС төмен емес температура ұсталады.
Әрбір камерада қорғалған жарық түсіру плафондары орнатылады.
Қараңғы түскенде және ұйықтаған уақытта гауптвахта камераларына, дәліздері мен дәретханаларына кезекші жарық жағылуы тиіс.
45. Камералар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға (үй-жайдың шаршылық ауданы, көзге қауіпсіз жарық, күндізгі жарықпен әдебиет оқу мүмкіндіктері, үй-жайды желдету) сәйкес болуы тиіс.
Камерада бір сотталғанға тұрғын алаңы нормасы кемінде екі жарым шаршы метр, әскери қызметші әйелдерді ұстауға арналған камераларда үш шаршы метр есебінен болуға тиіс.
Гауптвахта үй-жайларын, камералар мен дәретханаларды залалсыздандыру аптасына екі реттен сиретпей жүргізіледі.
Камералардағы терезелер сотталғандар күндізгі уақытта табиғи жарыққа және камераға таза ауа келуін қамтамасыз ететіндей жабдықталған болуға тиіс.
Оқшаулауды қамтамасыз ету үшін камералардың терезелері камераларға табиғи жарықтың түсуіне және таза ауаның келуіне кедергі келтірмейтін тормен жабдықталады.
46. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге аптасына екі реттен сиретпей ұзақтығы 15 минуттан артық емес душта жуынуға мүмкiндiк берiледi.
Моншада жуыну аптасына бір рет гауптвахта бастығы белгілеген күндері және сағаттарда жүргізіледі. Моншада жуыну күндері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің іш киімдері мен төсек-орын жабдығын ауыстыру жүзеге асырылады, оларды медициналық қарап тексеру жүргізіледі.
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге жуыну керек-жарақтары жуынуға шығарған уақытта беріледі, одан кейін қарауыл (кезекші ауысым) бастығының қарауымен камералардан тыс орналасқан жуыну керек-жарақтарын сақтауға арналған құлыпқа бекітілетін шкафқа қайта салынады.
47. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер таңертеңгі және кешкі жуыну үшін шығарушылардың бірге жүруімен камералардан мынадай тәртіппен:
ортақ камераларда ұсталатындар – камера бойынша;
жеке камераларда ұсталатындар бір-бірден кезектілік тәртібімен шығарылады.
Әскери қызметші әйелдерге жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін қосымша уақыт бөлінеді.
48. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 86-бабының 2-тармағына сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге ай сайын тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға рұқсат етіледі.
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес тізбеге бойынша олардың өзінде болатын және сақтай алатын азық-түлік өнімдерін, бірінші кезектегі қажетті заттарды, аяқ киімді, киімді және басқа да өнеркәсіптік тауарларды сатып алуға рұқсат етіледі.
49. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді таңертеңгі қарап тексеруді және кешкі тексеруді камералар бойынша атаулы тізім бойынша қарауыл (кезекші ауысым) бастығы немесе оның көмекшісі жүргізеді.
6-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің сауқаттарды,
сәлемдемелерді қабылдауы және ақша аударымдарын алуы
50. ҚР ҚАК 86-бабының 2-тармағына сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге айына бір рет бірінші кезектегі қажетті заттар мен маусым бойынша киім салынған сауқаттар, сәлемдемелер алуға рұқсат етіледі.
ҚР ҚАК 86-бабының 2-тармағына сәйкес науқас гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер медициналық қорытындыда саны мен ассортименті айқындалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар салынған сауқаттар мен сәлемдемелер алуға құқылы.
Медициналық қорытындыға сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер алатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сауқаттар, сәлемдемелер мен сауқаттар санына кірмейді.
Сауқаттарды, сәлемдемелер гауптвахта бастығының қатысуымен гауптвахта әскери қызметшілері толық тексереді.
Осы Қағидаларға 46-тармақта көрсетілген беруге рұқсат етілген нәрселер тізбесі гауптвахта стендісінде қазақ және орыс тілдерінде ілінеді.
51. Сәлемдемені жеткізген адам осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті екі данада толтырады және оған қол қояды.
Өтініштің екі данасы, сәлемдеме, сәлемдеме жеткізген адамның жеке басын куәландыратын құжат гауптвахта әскери қызметшісіне беріледі.
52. Сәлемдемені қабылдай отырып, гауптвахта әскери қызметшісі келушіге жеке басын куәландыратын құжаты мен қабылдағаны туралы қолы қойылған өтініштің бір данасын қайтарып береді. Өтініштің екінші данасы сотталған сәлемдемені алғаны туралы қолтаңбасын қойғаннан кейін оның жеке ісіне тіркеледі.
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісінде сәлемдемені алғаны туралы белгі жасалады. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші өтінішке қол қоюдан бас тартқан жағдайда оған гауптвахта бастығы немесе қарауыл бастығы (ауысым кезекші) тиісті белгі жасайды.
53. Сәлем-сауқатты ашуды және ішіндегісін салыстырып тексеруді құрамында гауптвахтаның кемінде екі әскери қызметшісі бар комиссия жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәлем-сауқатты ашу актісі жасалады.
Актіге комиссия мүшелері қол қояды, онымен гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қол қоюмен таныстырылады және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне қоса тігіледі.
Сәлем-сауқаттан, хаттан табылған тыйым салынған заттар алынады, қайтару себептерін көрсете отырып, сәлем-сауқатты жеткізген адамға қайтарылады.
Сәлем-сауқат пошта арқылы алынған жағдайда тыйым салынған заттар немесе ақша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке заттарының тізімдемесіне енгізіледі және жазалау мерзімін өтегенге дейін оның басқа да жеке заттарымен бірге сақталады.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.54. Сауқаттар, сәлемдемелер:
1) адресат гауптвахтадан босатылған;
2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші қайтыс болған;
3) сәлемдемені жеткізген адам жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуден бас тартқан;
4) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің өзінің атына келген сәлемдемені қабылдаудан жазбаша түрде бас тартуы жағдайларында қабылданбайды және келушіге кері қайтарылады.
55. Сауқат немесе сәлемдеме гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге оларды қабылдағаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
56. ҚР ҚАК 108-бабының 4-бөліміне сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер айына екі реттен көп емес ақшалай аударымдарды алуға құқылы, бұл ретте олардың жалпы сомасы 108-бабы 4-бөліміне сәйкес жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
7-тарау. Сотталғандарды еңбекке тарту
57. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахтаға шаруашылық қызметін көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға тартылады.
Гауптвахтаға шаруашылық қызметін көрсету жөніндегі таза ауадағы жұмыстарға тартылмаған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге қолайлы ауа райы кезінде серуендеуге арналған аулада тиісті дене жаттығуларын орындау үшін бір сағат уақыт беріледі.
58. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер кезекшілік кестесіне сәйкес камераларды және гауптвахтаның басқа да үй-жайларын жинайды, сондай-ақ гауптвахта аумағын көріктендіреді.
Гауптвахтада камераларды, дәретханаларды күнделікті және жалпы (аптасына бір рет) жинауды, сондай-ақ еденді жууды шығарушылардың немесе қарауыл (кезекші ауысым) бастығы көмекшісінің қадағалауымен онда ұсталатын, қамауға алынған әскери қызметшілер жүргізеді.
59. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер күзеттің, дабылдаманың және байланыстың инженерлік-техникалық құралдарын, көлік құралдарының барлық түрлерін және көбейту аппаратурасын жөндеумен және пайдаланумен байланысты жұмыстарға жiберiлмейдi.
60. Жұмыс басталар алдында және ол аяқталғаннан кейін жынысы бір тінтетін адамдар гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің заттары мен киімін толық тексереді және тінтеді.
8-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
61. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді медициналық қызметкердің (фельдшердің) қабылдауына (медициналық қарап-тексеруге) алдын ала жазу қарауыл (кезекші ауысым) кезекшілікті қабылдау және тапсыру және гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді салыстырып тексеруді жүргізу кезінде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің өтініш білдіруі бойынша жүзеге асырылады.
Одан басқа, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер медициналық қызметкерге (фельдшерге) олар күн сайын камераларды аралаған уақытта, ал жіті сырқаттануы жағдайында гауптвахта әскери қызметшісіне медициналық көмек үшін өтініш жасайды.
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші өтініш жасаған гауптвахта әскери қызметшісі медициналық қызметкерді (фельдшерді) шақырту үшін әскери полиция органы бойынша кезекшіге баяндайды.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.62. Денсаулық жағдайына шағымданған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші медицина жұмыскерінің (фельдшердің) қорытындысы бойынша оған шұғыл білікті медициналық көмек көрсету қажет болған кезде әскери полиция органы бастығының рұқсатымен айдауылдың бірге жүруімен медициналық мекемеге жіберіледі.
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші медициналық мекемеге госпитальға жатқызылған жағдайда оқшауланған палата бөлінеді, оны күзетуді қамтамасыз ету үшін айдауыл қойылады. Медициналық мекемеде айдауылды әскери полиция органы бастығымен келісу бойынша әскери бөлім командирі белгілейді. Қажет болған кезде палата жиналмалы күзет құралдарымен жабдықталады.
63. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші сауыққаннан кейін, егер судья өзге шешім шығармаса, айдауылдың бірге жүруімен қайтадан гауптвахтаға жіберіледі.
64. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге амбулаторлық көмек гауптвахтаның камераларында көрсетіледі. Дәрі-дәрмектерді беру медицина жұмыскерінің (фельдшердің) тағайындауы бойынша белгіленген мөлшерлерде жеке қол қойдырумен жүзеге асырылады.
65. Әскери полиция органының медицина жұмыскері (фельдшер) олардың дене жарақаттарын, тері және инфекциялық аурулары белгілерін анықтау мақсатында гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің, оның ішінде тергеу амалдарынан немесе сот отырыстарынан гауптвахтаға келген әскери қызметшілердің сырт келбетін қарап тексеруді жүргізеді. Инфекциялық ауруларды анықтаған кезде олар дереу оқшауландырылады, эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізіледі. Дене зақымдары мәніне жүргізілген қарап тексеру нәтижелері бойынша акт (еркін нысанда) жасалады.
Медицина жұмыскері (фельдшер) дене зақымдарын анықтаған кезде медициналық көмек көрсетеді, бір тәулік мерзімінде медициналық куәландыру жүргізіледі, оның нәтижелері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің амбулаторлық картасына енгізіледі.
9-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші тамақтанудан бас тартқан кезде қабылданатын шаралар
66. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші тамақтанудан бас тарту фактісі анықталған кезде қарауыл (кезекші ауысым) бастығы гауптвахта бастығына баяндайды. Гауптвахта бастығы себептерін анықтайды және әскери полиция органының бастығына баяндайды.
67. Тамақтанудан бас тартқан гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші басқа сотталғандардан бөлек ұсталады және медицина жұмыскерінің (фельдшердің) қадағалануында болады.
68. Егер оның өміріне қауіп төнсе, тамақтанудан бас тартқан гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші денсаулығын сақтауға бағытталған, оның ішінде мәжбүрлеу сипатындағы шаралар оны қадағалайтын медицина жұмыскерінің (фельдшердің) жазбаша қорытындысы негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.
10-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді көтермелеу және жазалар қолдану
69. Көтермелеу және жазалау шаралары Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының Тәртіптік жарғысымен (әрі қарай-Тәртіптік жарғы) белгіленген тәртіпте барлық гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге қолданылады. Әрбір гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге Тәртіптік жарғыға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік карточка басталады және әскери полиция органында тіркеледі, ол әскери қызметші босатылған кезде сотталғанның жеке ісімен бірге бұрынғы қызмет орнына жолданады.
70. Көтермелеу шарасы ретінде бұрын қолданылған жазасын мерзімінен бұрын алу және алғыс жариялау қолданылуы мүмкін.
71. Гауптвахтаның ішкі тәртіптемесін және онда ұстау тәртібін бұзғаны, сондай-ақ белгіленген міндеттерін орындамағаны үшін гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге мынадай жазалау шаралары қолданылады:
1) сөгіс;
2) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді он бес тәулік мерзімге дейін жеке камераға қамау.
72. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеке камераға қамау түріндегі жазаны осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларда гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеке камерада ұстау мүмкіндігі туралы медицина жұмыскерінің (фельдшердің) қорытындысы бар болған кезде гауптвахта бастығының баянаты негізінде әскери полиция органының бастығы қолданады.
Жеке камераға қамауға алынған әскери қызметшіні санитариялық өңдеу олар жазалауды өтеп болғаннан кейін, ал медицина жұмыскерінің (фельдшердің) нұсқауы бойынша оны жеке камерада ұстау кезеңінде де жүргізіледі. Медицина жұмыскерінің (фельдшердің) науқастанғанды жеке камерадан мерзімінен бұрын босату қажеттілігі туралы нұсқауы дереу орындалады.
73. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге көтермелеу және жаза қолдану туралы қол қоюмен жарияланады, ол гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне тіркеледі.
74. Ауызша жарияланғандардан басқа, барлық көтермелеулер мен жазаларды гауптвахта бастығы хабарлайды және осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің жазалауларды және көтермелеулерді есепке алу кітабына есепке алынады, әскери қызметшінің қызметтік карточкасына жазылады.
75. Қарауыл бастығы (ауысым кезекшісі) гауптвахта бастығына баянатпен жеке камераға орналастыру туралы баяндайды, ол жоғары бастыққа бұл туралы баяндайды.
11-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахтада қайтыс болған жағдайда олардың мәйіттерін беру
76. Заңның 23-бабына сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің қайтыс болғаны туралы әскери полиция органының басшылығы бұл туралы қадағалаушы прокурорға, жақын туыстарына әскери бөлімнің қолбасшылығына, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізетін адамға және органға дереу хабарлайды.
Егер қайтыс болған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жақын туыстары гауптвахта орналасқан қалада немесе елді мекенде тұрмаса, хабарлама телеграф арқылы жолданады.
77. Қайтыс болған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің мәйіті талап етілгенге дейін, бірақ жеті тәуліктен асырмай не уәкілетті орган қайтыс болу фактісі бойынша тексеруді аяқтағанға дейін денсаулық сақтау органдарының жақын жердегі емдеу мекемесіндегі мәйітханаға сақтауға беріледі.
78. Мәйітті беру оны талап еткен адамның жазбаша өтініші бойынша іс жүргізуінде қылмыстық іс бар адамның немесе органның, әскери бөлім қолбасшылығының рұқсатымен жүзеге асырылады. Мәйітті алу үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсету қажет.
79. Қайтыс болғанның жақын туыстары мәйітті алу үшін уақында келе алмаған жағдайда, олар бұл туралы қосымша хабарлайды.
80. Көрсетілген мерзiмде талап етiлмеген қайтыс болғанның мәйіті мемлекет есебiнен жерлеу үшін берiледi.
12-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдау
81. Әскери полиция органы бастығының, ол уәкілеттік берген адамдардың және гауптвахта бастығының гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдауы демалыс және мереке күндерінен, түскі асқа үзіліс уақытынан басқа, жұмыс уақыты ішінде әскери полиция органының бастығы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
82. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жеке қабылдауға жазу гауптвахта әскери қызметшілерінің камераларды аралауы уақытында жүзеге асырылады.
Қабылдау туралы өтініштер гауптвахта бастығының атына жазбаша түрде (ерікті түрде толтырылады) беріледі немесе ауызша түрде жасалады және осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әскери полиция органының бастығының жеке қабылдау журналында (бұдан әрі – жеке қабылдау журналы) беру кезектілігі тәртібінде тіркеледі.
83. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді қабылдау өтiнiштерді беру кезектілігі тәртiбiнде жүргізіледі. Қабылдау аяқталғаннан кейін Жеке қабылдау журналында және өтiнiштерге оның нәтижелерi тіркеледі. Өтiнiш гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне тіркеледі.
84. Гауптвахта бастығының гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің туыстарын немесе өзге де адамдарды жеке қабылдауы гауптвахтаның ақпарат стендісіне ілінетін кесте бойынша қызметтік кабинетте жүргізіледі. Туыстарын қабылдау нәтижелері Жеке қабылдау журналында тіркеледі.
13-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарды, арыздар мен шағымдарды жолдауы
85. ҚР ҚАК 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер ауызша және жазбаша ұсыныстармен, өтініштермен және шағымдармен әскери полиция органы басшылығына, жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жүгінуге құқылы.
86. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерден ұсыныстарды, өтініштер мен шағымдарды гауптвахта әскери қызметшілері күн сайын камераларды аралау кезінде жазбаша түрде де, ауызша нысанда да қабылдайды.
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2021 № 174 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.87. Мекенжайы көрсетілген және жазбаша жазылған ұсыныстар, өтініштер мен шағымдар осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын тіркеу кітабына тіркеледі және оларды шешу бойынша шаралар қабылдау үшін әскери полиция органының немесе гауптвахтаның басшылығына баяндалады.
Жазбаша түрде ұсыныспен, арызбен және шағыммен жүгінген сотталғанға күні мен уақытын, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсетумен осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
Ұсыныстар, арыздар мен шағымдар берілген күннен бастап бір тәулік мерзімнен кешіктірілмей, тиесілігі бойынша адресаттарға жолданады.
88. Гауптвахта қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға жазылған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстары, өтініштері мен шағымдары қарауға жатпайды және берілген күннен бастап бір тәуліктен кешіктірілмей (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) тиесілігі бойынша жолданады.
14-тарау. Күнделікті сейілдеу
89. ҚР ҚАК 86-бабының 2-тармағына сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер күн сайын ұзақтығы кемінде бір жарым сағат сейілдеуді пайдаланады. Сейілдеу уақытын гауптвахта әкімшілігі ішкі тәртіптемені және ауа райы жағдайын ескере отырып бекітеді.
90. Сейілдеу камера бойынша күндізгі уақытта гауптвахтаның арнайы жабдықталған сейілдеу ауласында жүргізіледі.
Офицерлер мен әскери қызметші әйелдер сейілдеуге қалған әскери қызметшілерден бөлек шығарылады.
91. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші осы Қағидаларда белгіленген талаптарды бұзған жағдайда, гауптвахта бастығының, қарауыл (кезекші ауысым) бастығының шешімі бойынша оның сейілдеуі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
92. Сейілдеуден босатуды гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің өтінішін қарағаннан кейін гауптвахта бастығы жүзеге асырады.
15-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің адвокатпен кездесуін өткізу
93. ҚР ҚАК 86-бабының 2-тармағына сәйкес гауптвахтада ұстау кезеңінде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерге адвокатпен кездесу беріледі.
94. Заңның 17-бабы 1-тармағы 1-тармақшасының негізінде адвокатураға қатыстылығын растайтын құжатын және адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігін куәландыратын ордерінің екінші данасын көрсетуі бойынша қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен кездесу беріледі.
95. Кездесулер саны мен оны өткізу уақытына шек қойылмайды.
96. ҚР ҚАК 86-бабының 2-тармағы 5-тармақшасының негізінде гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің адвокатпен саны шектеусіз кездесуі олардың құпиялылығы қамтамасыз етілген жағдайларда гауптвахтада өткізіледі.
16-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен сабақтар өткізу
97. Гауптвахтада ұстау кезеңінде гауптвахтадағы ішкі тәртіптемемен айқындалған уақытта гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен жалпыәскери жарғылардың талаптарын зерделеу бойынша және саптық даярлық бойынша сабақтар өткізіледі.
98. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілермен сабақтарды гауптвахта бастығы, ал ол болмаған кезде уәкілетті лауазымды адамдар өткізеді.
99. Сабақтарды өткізудің жоспар-конспектісін әскери полиция органының штаб бастығы бекітеді.
100. Сабақ үлгерімінің нәтижелері гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні босату кезінде оның қызметтік мінездемесінде көрсетіледі.
17-тарау. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді босату
101. ҚР ҚАК 165-бабының 2-тармағына сәйкес гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер жаза мерзiмiнiң соңғы күнiнiң бiрiншi жартысында босатылады. Егер жаза мерзiмi демалыс немесе мереке күнi аяқталатын болса, гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші демалыс немесе мереке күнінің алдындағы күнi жазасын өтеуден босатылады.
102. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге босатылған кезде қолын қойғызумен оған тиесiлi заттары мен құнды заттары, ақшасы және жеке құжаттары, сондай-ақ әскери бөлім командиріне ұсыну үшін күнін көрсетумен әскери полиция органы бастығының қолтаңбасы қойылған жазасын өтегенi туралы немесе жазадан босатылғаны және оны босату негіздері туралы анықтама берiледi.
103. Жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату тиісті құжаттар келіп түскен күні, ал егер құжаттар жұмыс күні аяқталғаннан кейін алынса – келесі күні таңертең жүргізіледі.
104. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні гауптвахтада ұстау мерзімі аяқталғанға дейін үш тәуліктен кешіктірмей гауптвахта бастығы әскери бөлімнің командирін әскери қызметшіні босату туралы хабардар етеді.
105. Әскери бөлім командирі гауптвахта бастығының хабарламасы бойынша көрсетілген уақытта гауптвахтаға қызмет орнына дейін әскери қызметшімен бірге жүру үшін бөлімнің өкілін жібереді, сондай-ақ оны тамақпен және маусым бойынша киіммен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
106. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні босату туралы гауптвахта бастығы босату күні мен уақытын көрсетумен Есепке алу журналында және қамаққа алынғандардың атаулы тізімінде жазба жасайды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
"Бекiтемiн"
әскери полиция органының бастығы
_______________________________________
(лауазымы, қолы, тегі)
20 ___ жылғы "___"_________
ГАУПТВАХТАДАҒЫ IШКI ТӘРТIПТЕМЕ
(үлгiлiк)
1. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер осы Қағидалардың талаптарын сақтайды және гауптвахта қызметкерлерінің нұсқауларын орындайды.
2. Әскери полиция гауптвахтасында ұсталатын гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер үшін мынадай күн тәртіптемесі белгіленеді:
Жүргiзiлетiн iс-шаралар | Өткiзу уақыты |
Ұйқыдан тұрғызу | 6 сағ. 00 мин. – 6 сағ. 10 мин. |
Сотталғандарды тексеру, төсек-орын жабдығын тапсыру | 6 сағ. 10 мин. – 6 сағ. 30 мин. |
Таңертеңгi жуыну | 6 сағ. 30 мин. – 7 сағ. 00 мин. |
Гауптвахта камералары мен үй-жайларын жинау | 7 сағ. 00 мин. – 8 сағ. 00 мин. |
Таңғы ас | 8 сағ. 00 мин. – 8 сағ. 30 мин. |
Гауптвахта қызметкерлерiнiң камераларды аралап шығуы | 8 сағ. 30 мин. – 9 сағ. 00 мин. |
Жарғыларды зерделеу бойынша сабақтар | 9 сағ.00 мин. – 11 сағ. 00 мин. |
Саптық даярлық бойынша сабақтар | 11 сағ.00 мин. – 13 сағ. 00 мин. |
Жеке уақыт | 13 сағ.00 мин. – 14 сағ. 00 мин. |
Түскi ас | 14 сағ. 00 мин. – 14 сағ. 30 мин. |
Сейілдеу | 14 сағ. 30 мин. – 16 сағ. 00 мин. |
Шаруашылық жұмыстарын жүргiзу | 16 сағ. 00 мин. – 19 сағ. 00 мин. |
Жеке уақыт | 19 сағ. 00 мин. – 19 сағ. 30 мин. |
Кешкi ас | 19 сағ. 30 мин. – 20 сағ. 00 мин. |
Мерзiмдi басылымды оқу | 20 сағ. 00 мин. – 20 сағ. 30 мин. |
Камераларды жинау | 20 сағ. 30 мин. – 21 сағ. 00 мин. |
Кешкi жуыну | 21 сағ. 00 мин. – 21 сағ. 30 мин. |
Сотталғандарды тексеру, төсек-орын жабдығын алу | 21 сағ. 30 мин. – 22 сағ. 00 мин. |
Ұйықтау | 22 сағ. 00 мин. |
Гауптвахта бастығы
__________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегi және аты-жөнiнің бас әріптері)
20 ___ ж. "___"_________
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 2-қосымша |
Тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізбесі
1) Қару, жарылғыш, улы, уландырғыш және өрт қаупі бар заттар, есірткі заттары, психотроптық заттар, прекурсорлар, спирттік ішімдіктер, бұрыш, тұз, оттықтар;
2) шарфтар, белбеулер, белдіктер, аспа баулар, баулар, галстуктер, ұзындығы 50 сантиметрден асатын сүлгілер;
3) шыны ыдыс, шаншитын, тілетін және кесетін заттар;
4) білезіктер, шылым сауыттары, ойын карталары, ілгектер, жүзіктер, сырғалар, сағаттар, ордендер, медальдар, металл заттар мен құндылықтар;
5) спирттік негізде жасалған иіссу, әтір және өзге де бұйымдар;
6) фото-, бейне- және аудио- жазатын аппаратура, байланыс құралдары, флеш-жинақтауыштар (алынбалы-салынбалы ақпарат жеткізгіштер);
7) ақша, құнды қағаздар, зергерлік бұйымдар;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Гауптвахтада ұсталатын адамдарды есепке алу
ЖУРНАЛЫ
Басталды: 20__жылғы "___"______
Аяқталды: 20__жылғы "___"______
№ р/с | Гауптвахтаға қамауға алынған күні мен уақыты | Лауазымы, әскери атағы, тегі аты, әкесінің аты | Әскери бөлімнің нөмірі | Кім ұстаған (қамауға алған) | Ұстау себебі (қамауға алу, не үшін сотталған, ҚР ҚК-ның қандай бабы бойынша) | Қандай мерзімге және қандай камерада ұсталады | Қабылданған заттар, құжаттар және ақша | Ұстау (қамауға алу, соттал) мерзімі қашан аяқталады | Қамаққа алынғанды қабылдау кезінде медициналық тексеру уақыты, моншада жуыну және денесін тексеру туралы жазба (медицина қызметкерінің қолтаңбасы) | Гауптвахтадан босату күні мен уақыты | Гауптвахтаға қабылдаған кезде заттарды, құжаттар мен ақшаны тапсырғаны туралы қолтаңба | Гауптвахтадан босатқан кезде заттарды, құжаттар мен ақшаны алғаны туралы қолтаңба |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахта қарауылының (кезекші ауысымының) бастығында сақталады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді қабылдағаны туралы қолхат
(қолхаттың бет жағы)
|
______________________________________________________ | ||
_______________________________________________________ | |||
________________камерада ұстаумен ________бастап ________ дейін ________тәулікке гауптвахтаға қабылданды. | |||
_____________________________________________________ | |||
__________________________________ гарнизоны әскери полиция органы гауптвахтасының бастығы | |||
________________________________________________ |
(қолхаттың сыртқы жағы)
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіде мынадай заттар болды: ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің қолтаңбасы ________________
___________________________________ гарнизоны әскери полиция органы гауптвахтасының бастығы | |
____________________________________________________ |
Ескертпе: Қолхат үш данада ресімделеді. Бірінші дана сотталғанды гауптвахтаға жеткізген адамға, екінші данасы – сотталғанға беріледі, үшінші данасы – сотталғанның жеке ісіне қоса тігіледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 5-қосымша |
Гауптвахтаға қамауға алынған сотталғандардың өзін-өзі ұстау қағидалары
1. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілер:
1) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген қамауда ұстау тәртібін және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери полиция гауптвахталарындағы ішкі тәртіптемені сақтайды;
2) әскери полиция органы гауптвахта әкімшілігінің және қолбасшылығының талаптарын орындайды;
3) гигиена мен санитария талаптарын сақтайды;
4) күнделікті сейілдеуге шығады (сейілдеуден босатуды медицина жұмыскерінің қорытындысы бойынша гауптвахта бастығы жүзеге асырады);
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігінің қағидаларын сақтайды;
6) гауптвахта мүлкіне ұқыпты қарайды;
7) камераларда және басқа да үй-жайларда кезектілік тәртібінде тазалық жасайды;
8) гауптвахта әскери қызметшілерінің, күдіктілер мен айыптаушылардың, сондай-ақ басқа да адамдардын ар-намысын қорлайтын іс-қимылдар жасамайды;
9) күзетпен ұстау тәртібін қамтамасыз ететін гауптвахта әскери қызметшілеріне, сондай-ақ басқа да адамдарға олардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасамайды;
10) белгіленген күн тәртібін сақтайды;
11) гауптвахта әскери қызметшілеріне жалпыәскери жарғыларға сәйкес әскери атағы бойынша немесе лауазымы бойынша тіл қатады;
12) гауптвахта әскери қызметшілерінің камераларына кірген кезде олардың командасы бойынша тұрады және көрсетілген жерде сапқа тұрады;
13) сыртқы пішінін ұқыпты ұстайды;
14) айдауылмен немесе гауптвахта әскери қызметшілерінің бірге жүруімен жүрген кезде қолын артында ұстайды;
15) гауптвахта әскери қызметшілерінің және басқа да лауазымды адамдардын талаптары бойынша әскери бөлімін, әскери атағын, тегін, атын ж"не (бар болса) әкесінің атын хабарлайды;
16) тыныштықты сақтайды;
17) кезектілік тәртібінде камера бойынша кезекшілік атқарады.
2. Қамауға алғандардың өзін-өзі ұстау қағидаларын бұзуы:
1) гауптвахтаның басқа камераларында немесе өзге үй-жайларында отырған әскери қызметшілермен сөйлесу, қандай да бір заттарды беру, тарсылдату немесе олармен хат алмасу;
2) сөйлесудің, қандай-да бір заттарды берудің және бостандықта жүргендермен хат алмасудың белгіленген тәртібін бұзу;
3) әкімшіліктің рұқсатынсыз гауптвахта камерасынан және басқа да үй-жайларынан шығу;
4) гауптвахта объектілерін күзету желісін бұзу;
5) алкоголь ішімдіктерін, есірткі және психотроптық заттарды дайындау және тұтыну;
6) материалдық және басқа да табыс көру мақсатында үстел ойындарын ойнау;
7) өзіне және басқа да адамдарға дене суретін салу;
8) әкімшіліктің рұқсатынсыз ұйықтау орындарына перде ілу немесе ауыстыру;
9) қолдан жасалған электр аспаптарын қолдану;
10) әкімшіліктің рұқсатынсыз электр аспаптарын пайдалану;
11) камерада ашық от жағу;
12) әкімшіліктің рұқсатынсыз санитариялық-техникалық, жарық беру және басқа да аспаптарға жөндеу жүргізу;
13) камералардағы санитариялық жүйенің ластануы;
14) гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты камераның қабырғасынан алу;
15) қабырғаларға, камера мүкәммалына қағаз, фото, сурет, газет пен журнал қималарын жапсыру, оған жазбалар мен суреттер салу;
16) тыныштықты бұзу;
17) саптан шығу, шылым шегу, сөйлесу, камерадағы есіктің көзіне қарау, қандай да бір заттарды көтеру, гауптвахта аумағы бойынша жүрген кезде дабыл дабылдамасының түймесін басу;
18) терезеден бірдеңе лақтыру, терезе алдына шығу, форточкадан шығару, есіктің "көзшесіне" тығыз жақындау, "көзшені" жабу;
19) жеке пайдаланудағы заттарды сату, сыйлау немесе өзге де тәсілмен иелігінен шығару болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
"Бекiтемiн"
_______________________________
әскери полиция органының бастығы
_______________________________
(әскери атағы, қолы, тегi және аты-жөнінің бас әріптері)
20____жылғы "___"____________
Камералар бойынша орналастыру жоспары
Бөлек ұсталады | Камера № | Камерадағы орындар саны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
ӘПО бастығының орынбасары ____________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 7-қосымша |
ГАУПТВАХТАҒА ҚАМАУҒА АЛЫНҒАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІНІ ЖЕКЕ ТІНТУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАТТАРЫН ТОЛЫҚ ТЕКСЕРУ ХАТТАМАСЫ
20__ ж. "____" ________ ____________________________
(жасау орны)
Тінту және толық тексеру: ___с. ___ мин. басталды.
Тінту және толық тексеру: ___ с. ___ мин. аяқталды.
____________________________________________________________________,
(жеке тінту мен толық тексеру жүргізетін адамның лауазымы, атағы, тегі
мен аты-жөнінің бас әріптері)
ҚР ҚАК 98-бабының талаптарын сақтай отырып, _________________ үй-жайында
сотталған әскери қызметшіге жеке тінту ___________________________________
_______________________________________________________________________
(гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің әскери атағы, Т.А.Ә. (болған кезде))
_____________________________________________________________________
және оның заттарына толық тексеру жүргізді, ол туралы хаттама жасады.
Жеке тінту және заттарды толық тексеру басталар алдында
_______________________________________________________________________
(жеке тінту және тексеру жүргізетін адамның лауазымы, атағы, тегі
және аты-жөнінің бас әріптері)
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге ___________________________
(сотталғанның әскери атағы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері)
гауптвахтаның ішкі тәртібі қағидаларында көзделмеген тыйым салынған құжаттарды,
заттарды, нәрселерді, бұйымдарды, құндылықтарды, ақшаны және азық-түлік
өнімдерін ерікті түрде беру ұсынылды, оған ол
__________________________________________________________________________
____________________________________________ мәлімдеді және ерікті түрде берді:
1) _____________________________________________________;
2) _____________________________________________________;
3) _____________________________________________________;
Содан кейін __________________________________________________________
(жеке тінту және толық тексеру жүргізетін лауазымды адам)
гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні____________________________
__________________________________________________________________________
(гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің әскери атағы, тегі және
аты-жөнінің бас әріптері)
_______________________ жеке тінтуге және оның заттарын толық тексеруге кірісті.
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің киген киімі:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіде мынадай заттар болды
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге жүргізілген
_______________________________________________________________________
(гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің әскери атағы, тегі
және аты-жөнінің бас әріптері)
жеке тінту және оның заттарын толық тексеру нәтижесінде анықталды: __________
_______________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеке тінту және оның заттарын
толық тексеру барысында алынды (гауптвахтаның ішкі тәртібі қағидаларында
көзделмеген құжаттар, заттар, нәрселер, бұйымдар, құралдар, құндылықтар, ақша және
азық-түлік өнімдері):
1) _____________________________________________________;
2) _____________________________________________________;
3) _____________________________________________________;
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні жеке тінту және оның заттарын
толық тексеру барысында келіп түскен ескертулер
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Хаттаманы оқыды _________________________________________________
(жеке өзі не жеке тінту және толық тексеру жүргізген адам дауыстап оқиды)
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші мәлімдеген ескертулер мен
толықтырулар __________________________________________________________
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметші: ________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы,әскери атағы,қолы,тегі және аты-жөнінің бас әріптері)
Жеке тінту және заттарды толық тексеру хаттамасының көшірмесін алдым:
20__ ж. "____" ______ ______________________________________________
(гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің тегі және аты-жөнінің бас әріптері, қолы)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
Алу хаттамасы
Бiз, төменде қол қойған, комиссия мынадай құрамда
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, тегi, аты және әкесiнiң аты)
ұсталғаннан, күдіктіден, айыпталушыдан, әкімшілік тәртіпте қамаққа алынғаннан және
қамауға сотталғаннан ______________________________________________
(әскери атағы, тегi, аты және әкесiнiң аты (болған кезде))
сомасы (______) _____________________________ ақшаны, құнды қағаздарды және
(сомасы жазып көрсетіледі)
құнды заттарды, азық-түлiк өнімдерін алуды жүргіздік (сақтауға қабылдадық).
Барлығы берiлгенi: құнды қағаздардың, құнды заттардың __________
(саны)
атауы, ______ ақша, азық-түлiк өнімдерінің, заттардың _________ атауы.
(сомасы) (саны)
Бердім: __________________________(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), қолы)
Қабылдадым: ____________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), қолы)
Қатысқан: ______________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде), қолы)
20___ жылғы "___"_______________
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
Заттарды, құжаттарды, нәрселерді және өзге де материалдық құндылықтарды беру
АКТІСІ
20____ж." __ " ________ __________________________ қаласы (кенті)
Мен, ___________________________________________________________________________
(лауазымы,әскери атағы,тегі және аты-жөнінің бас әріптері)
_________________________________________________________________________ шешімі
(қамауға алу туралы шешім шығарған соттың атауы)
бойынша 20__ж. " __ " ___ әскери полиция гауптвахтасына қамауға алынған
_________________________________________________________________________ тиесілі
(гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің әскери атағы, тегі, аты,
әкесінің аты (болған кезде)
гауптвахтада ұсталатын қамаққа алынғандардың заттарын_____________________________
(заттардың, нәрселердің, құжаттардың және өзге де
_______________________________________________________________________________
материалдық құндылықтардың атауын көрсету, оның ішінде ақшалай қаражат (санын жазып көрсету))
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
сақтау бөлмесіне беру туралы осы актіні жасадым.
Осы акт үш данада жасалды (бір данасы іске тігіледі, екінші данасы иесіне беріледі).
Актінің көшірмесін алдым: __________________________________________
(сотталғанның әкери атағы, қолы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері)
Акт жасаған қызметкердің қолы ______________________________________
(әскери атағы,қолы,тегі және аты-жөнінің бас әріптері)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
Жою актісі
20____ ж. " __ " _________ Жасау орны _____________________
Комиссия мынадай құрамда:
_______________________________________________________________________
(комиссия мүшелерінің әскери атағы, Т.А.Ә.(болған кезде))
__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
азық-түлік өнімдерін (жарамдылық мерзімі өткен немесе бұзылу белгілері бар) жою
туралы осы актіні жасады. ___________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(атауы, саны (жазумен), орамның бар болуы көрсетіледі)
олар __________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
______________________________________________________________ жойылды.
(жою орны мен тәсілі)
Комиссия мүшелерінің қолтаңбалары:
1. _____________________
2._____________________
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 11-қосымша |
Беруге рұқсат етілген нәрселердің тізбесі
1) Жылумен өңдеуді қажет ететіндерден, тез бүлінетіндерден не сақтау мерзімі өткендерден басқа, азық-түлік өнімдерін. Сотталған әскери қызметші өзінде сақтай алатын азық-түлік өнімдерінің, бірінші кезекте қажетті заттардың, аяқ киімнің, киімнің және басқа да өнеркәсіптік тауарлардың жалпы салмағы отыз бес килограмнан аспауға тиіс;
2) темекi бұйымдарын, сіріңкені;
3) белдiк белбеусіз, аспалы баусыз және галстуксіз киiмнiң бiр жиынтығын (оның iшiнде белгiленген үлгiдегi), маусым бойынша бас киiмді, аяқ киiмді (темiр табансыз, металл тағасыз);
4) iш киiмді;
5) ұйықты;
6) биялайды немесе қолғапты;
7) қол орамалды;
8) жуыну жабдығын (кір сабын, иіс сабын, дәретхана қағазы, су сабындар (әскери полиция органдары медицина жұмыскерінің тағайындауы бойынша), тiс пастасы, тiс щеткасы, сабынға және тiс щеткасына арналған пластмасса қораптар, иіс май, тарақ), жөкені немесе ысқышты, электр ұстарасын немесе бiр рет пайдаланылатын қауiпсiз ұстараны (гауптвахта камерасынан тыс орналасқан қамаққа алынғандардың мүлкін сақтауға арналған құлыпқа жабылатын арнайы шкафта сақталады);
9) көзілдірікті және көзілдірікке арналған пластмасса қорапты;
10) шұлықты немесе колготкиді, бас орамалды, белдiктерді, бюстгальтерлерді, дәкені, мақтаны, гигиеналық және косметикалық керек-жарақты, пластмасса бигудилерді (әйелдер үшін);
11) шариктi қаламды, оған өзектерді, қарындаштарды;
12) хат жазуға арналған қағазды, пошта конверттерiн, ашық хаттарды, пошта маркаларын;
13) көркем және өзге де әдебиетті, сондай-ақ мерзiмдi баспасөз басылымдарын;
14) атап көрсетілгендерден басқа, қылмыстық iске не олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттарды және жазбаларды, сондай-ақ пошталық жөнелтілім бланкiлерiн, сақтауға тапсырылған ақшаның түбiртегiн, құндылықтарды, құжаттарды және басқа да нәрселерді өзiмен бiрге алып жүруге және сақтауға рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 12-қосымша |
|
Нысан |
ӨТIНIШ
Азаматтан (-шадан) __________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
_______________________________________________________________ тұратын
(тұрғылықты жердің мекенжайы)
_______________________________________________________________________
(гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге қандай қатысы бар)
__________________________________________________________________________
(гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің әскери атағы, тегi және
аты-жөнiнің бас әріптері)
____________________________үшiн сәлемдемені қабылдауыңызды сұраймын.
Р/с № | Азық-түлiк өнімдерінің атауы | Салмағы | Саны | Ескертпе | |
килограмм | грамм | ||||
1 |
Өтiнiш иесiнiң қолы __________________________________________________
20_ жылғы "__"____________
Сәлемдемеге рұқсат бердi ____________________________________________
(гауптвахта бастығы)
Сәлемдемені қабылдады ______________________________________________
(сәлемдемені қабылдаған әскери қызметшінің Т.А.Ә. (болған кезде))
Сәлемдемені алдым __________________________________________________
(сәлемдемені алған гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің қолы)
20 __ жылғы "____" __________
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 13-қосымша |
|
Нысан |
АКТ
сауқаттар мен сәлемдемелерді ашу актісі
20 __ ж. "__" _________ Жасау орны ______________________________
_______________________________________________комиссия мынадай құрамда:
_______________________________________________________________________
(комиссия мүшелерінің А.Т.Ә. (болған кезде)
сауқатты және сәлемдемелерді ашу актісін жасады _______________________________
_______________________________________________________________________
(заттардың, азық-түліктің атауы, олардың сыртқы белгілері, саны (жазумен) көрсетіледі)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(заттардың, азық-түлік өнімдерінің атауы көрсетіледі)
___________________________________________________________________
ішіндегісінен гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшіге берілді.
Гауптвахтада ұсталатын қамаққа алынғандардың заттарын сақтау бөлмесіне
тапсырылды____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Комиссия мүшелерінің қолдары:
1.____________________________________
2.____________________________________
Алдым
_______________________________________________________________________
(сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)
Акт жасаған қызметкердің қолы:
_______________________________________________________________________
(лауазымы,атағы,қолы,Т.А.Ә. (болған кезде))
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 14-қосымша |
|
Нысан |
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілерді жазалау мен көтермелеуді есепке алу кітабы
Басталды: 20__жылғы "___"______
Аяқталды: 20__жылғы "___"______
I бөлім
Жазалауға тартылған адамдарды есепке алу
Р/с № | Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған кезде) | Жаза не үшін қолданылды | Жаза түрі | Кім және қашан жаза қолданған | Ескертпе |
II бөлім
Гауптвахта әкімшілігі көтермелеген адамдарды есепке алу
Р/с № | Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған кезде) | Көтермелеу не үшін қолданылды | Көтермелеу түрі | Кім және қашан көтермелеген | Ескертпе |
Ескертпе: Кітап нөмірленген,тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Кітап гауптвахта қарауылының (кезекші ауысымының) бастығында сақталады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 15-қосымша |
|
Нысан |
Әскери полиция органы бастығының жеке қабылдау журналы
Р/с№ | Күні (жылы, айы, күні) | Келушінің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) | Өтініштің қысқаша мазмұны | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе: Журнал нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Журнал гауптвахта қарауылының (кезекші ауысымының) бастығында сақталады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 16-қосымша |
|
Нысан |
Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшілердің ұсыныстарын, өтiнiштері мен шағымдарын тіркеу кітабы
Р/с № | Келіп түскен күнi (жылы, айы, күні) | Өтініш берген адамның тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) және оның әскери қызметке қатысы) | Өтініштің қысқаша мазмұны | Кімге және қашан орындау үшін берілді және орындаушының қолы | Орындау мерзімі | Қашан және қандай шешім қабылданды | Құжаттар тігілген іс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Ескертпе: Кітап нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Кітап гауптвахта қарауылының (кезекші ауысымының) бастығында сақталады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына 17-қосымша |
|
Нысан |
Талон
ТАЛОН (талонның саны/номер талона) Өтініш/обращение _________________________________ _________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты-жөнінің бас әріптері не атауы/фамилия, инициалы либо наименование заявителя) _________________________________ _________________________________ __ "__" ________ 20__ж./г. ______ _________________________________ _________________________________ Өтінішті қабылдаған қызметкердің лауазымы, Т.А.Ә., (болған кезде) қолы/ должность, Ф.И.О., (при его наличии)подпись сотрудника, принявшего обращение _________________________________ _________________________________ _________________________________ _________________________________ (қолы/подпись) Талон алған адамның қолы/ подпись получившего талон _________ "__" сағ/час "___" мин. "___" _________________ 20__ ж./г. |
ТАЛОН (талонның саны/номер талона) Өтініш/обращение _________________________________ _________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты-жөнінің бас әріптері не атауы/фамилия, инициалы либо наименование заявителя) _________________________________ _________________________________ (қабылданды/принято. Қабылдаған/принял (лауазымы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері/ должность, фамилия и инициалы) _________________________________ _________________________________ _________________________________ _________________________________ "___" ________________ 20__ ж./г. _________________ (қолы / подпись) |
Ескертпе:
Талондар нөмірленген, тігілген, тиісті қолтаңбамен расталған және мөрмен мөрленген болуға тиіс. Талондар гауптвахта қарауылының (кезекшi ауысымының) бастығында сақталады.
Талонның бірегей нөмірінде бірінші жұп болып өтінішті тіркеу жылы, екінші жұп болып – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коды, үшінші жұп болып – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың) коды, төртінші жұп болып – ауылдық округтің коды белгіленеді. Субъектінің және талонның реттік нөмірі бес саннан тұрады.