Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімі нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 сәуірде № 22645 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.10.2024 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2028 дейін қолданылады) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.10.2024 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2028 дейін қолданылады) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімінің нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.10.2024 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2028 дейін қолданылады) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің 2021 жылғы
26 сәуірдегі № 196 бұйрығымен
бекітілген

      Нысан

Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімі

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.10.2024 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2028 дейін қолданылады) бұйрығымен.

р/с №

Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдің атауы (бұдан әрі - уәкілетті өкіл)

Уәкілетті өкілдің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің нөмірі мен күні

Уәкілетті өкіл мен көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші арасында мәміле жасалғанын растайтын құжаттың нөмірі мен күні

1.

"_________"
өндірушісінің уәкілетті өкілдері:




1)





2)









2.

"_________"
өндірушісінің уәкілетті өкілдері:




1)





2)










Об утверждении формы реестра уполномоченных представителей, применяющих освобождение от налога на добавленную стоимость при реализации транспортных средств и (или) сельскохозяйственной техники, приобретенных у их производителя

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 26 апреля 2021 года № 196. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2021 года № 22645.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа и.о. Министра промышленности и строительства РК от 10.10.2024 № 352 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и действует до 01.01.2028).

      В соответствии с подпунктом 48) статьи 394 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа и.о. Министра промышленности и строительства РК от 10.10.2024 № 352 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и действует до 01.01.2028).

      1. Утвердить прилагаемую форму реестра уполномоченных представителей, применяющих освобождение от налога на добавленную стоимость при реализации транспортных средств и (или) сельскохозяйственной техники, приобретенных у их производителя.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа и.о. Министра промышленности и строительства РК от 10.10.2024 № 352 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и действует до 01.01.2028).

      2. Комитету индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Б. Атамкулов

  Утверждена приказом
Министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 26 апреля 2021 года № 196
  Форма

Реестр уполномоченных представителей, применяющих освобождение от налога
на добавленную стоимость при реализации транспортных средств
и (или) сельскохозяйственной техники, приобретенных у их производителя

      Сноска. Форма - в редакции приказа и.о. Министра промышленности и строительства РК от 10.10.2024 № 352 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и действует до 01.01.2028).

№ п/п

Наименование уполномоченного представителя, применяющего освобождение от налога на добавленную стоимость при реализации транспортных средств и (или) сельскохозяйственной техники, приобретенных у их производителя (далее – уполномоченный представитель)

Бизнес-идентификационный номер уполномоченного представителя

Номер и дата соглашения о промышленной сборке производителя транспортных средств и (или) сельскохозяйственной техники

Номер и дата документа, подтверждающего заключение сделки между уполномоченным представителем и производителем транспортных средств и (или) сельскохозяйственной техники

1.

Уполномоченные представители производителя "__________":




1)





2)









2.

Уполномоченные представители производителя "__________":




1)





2)