"Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 10 қазандағы № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 қазанда № 35250 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданыста болу мерзімі 01.01.2028 дейін (бұйрықтың 4 т.)

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22645 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімі нысанын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімінің нысаны бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
К. Кажкенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушысының
2024 жылғы 10 қазандағы
№ 352 Бұйрығымен
бекітілген/
  Нысан

Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімі

р/с №

Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдің атауы (бұдан әрі - уәкілетті өкіл)

Уәкілетті өкілдің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің нөмірі мен күні

Уәкілетті өкіл мен көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші арасында мәміле жасалғанын растайтын құжаттың нөмірі мен күні

1.

"_________"
өндірушісінің уәкілетті өкілдері:




1)





2)









2.

"_________"
өндірушісінің уәкілетті өкілдері:




1)





2)










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады