Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.10.2024 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2028 дейін қолданылады) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабының 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.10.2024 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2028 дейін қолданылады) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімінің нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.10.2024 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2028 дейін қолданылады) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 196 бұйрығымен бекітілген |
Нысан
Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімі
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 10.10.2024 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2028 дейін қолданылады) бұйрығымен.
р/с № | Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдің атауы (бұдан әрі - уәкілетті өкіл) | Уәкілетті өкілдің бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің нөмірі мен күні | Уәкілетті өкіл мен көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші арасында мәміле жасалғанын растайтын құжаттың нөмірі мен күні |
1. |
"_________" | |||
1) | ||||
2) | ||||
… | ||||
2. |
"_________" | |||
1) | ||||
2) | ||||
… |