Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы не растаудан уәжді бас тартуы жағдайларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 425 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 мамырда № 22690 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабы 7-тармағына және 475-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы не растаудан уәжді бас тартуы жағдайлары бекітілсін.

      2. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлену фактісін растауы туралы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 134 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16428 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 4 мамырдағы
№ 425 Бұйрыққа
1-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабының 7-тармағына және 475-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (бұдан әрі – Өтініш) импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының және акциздің төлену фактісін (бұдан әрі – жанама салықтар) тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы тәртібін айқындайды.

      2. Өтініш беру Салық кодексінің 456-бабы 3-тармағына сәйкес қағаз тасығышта (төрт данада) және электрондық нысанда не Салық кодексінің 456-бабы 4-тармағына сәйкес тек электрондық нысанда жүргізіледі.

2-тарау. Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтарды төлеу фактісін растау не растаудан уәжді бас тарту тәртібі

      3. Мемлекеттік кірістер органдары қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда ұсынылған Өтініште жанама салықтарды төлеу фактісін растауды қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда Өтініш және Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Өтініштің төрт данасына тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.

      4. Жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы белгі Өтініштің екінші бөліміне қойылады және:

      белгі қойған лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, оның қолымен;

      мемлекеттік кірістер органы басшысының (басшы орынбасарының) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, оның қолымен;

      мемлекеттік кірістер органының мөрімен куәландырылады.

      5. Өтініштің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, белгі қойылған үш данасы салық төлеушіге (салық агентіне) не оның заңды немесе уәкілетті өкіліне (бұдан әрі – өкіл) қайтарылады.

      Бұл ретте салық төлеуші не оның өкілі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді тіркеу журналына қол қойып, Өтініштің тиісті үш данасын алады.

      6. Мемлекеттік кірістер органдары жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуды қағаз жеткізгіште және электронды нысанда Өтініш түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуды жолдау арқылы жүргізеді.

      Растаудан уәжді бас тартуда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), сондай-ақ растаудан уәжді бас тарту алынған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып салық төлеушінің Өтінішті табыс ету міндеті көрсетіледі.

      Растаудан уәжді бас тарту екі данада беріледі, бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, растаудан уәжді бас тартудың екінші данасы Өтініштің үш данасымен бірге салық төлеушіге (салық агентіне) не оның өкіліне табыс етіледі.

3-тарау. Электрондық түрде ғана ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтарды төлеу фактісін растау не растаудан уәжді бас тартуы тәртібі

      7. Мемлекеттік кірістер органдары Салық кодексінің 456-бабы 4-тармағына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда ғана ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтарды төлеу фактісін растауды, олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық нысанда жанама салықтардың төлену фактісін растау туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) жолдау арқылы жүргізеді.

      8. Мемлекеттік кірістер органы жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, электрондық нысанда Өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық нысанда растаудан уәжді бас тартуды салық төлеушіге (салық агентіне) жолдау арқылы жүргізеді.

      Растаудан уәжді бас тартуда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), сондай-ақ Салық кодексінің 456-бабы 9-тармағына сәйкес растаудан уәжді бас тарту алынған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мемлекеттік кірістер органына бұзушылықтарды жоя отырып салық төлеушінің (салық агентінің) Өтінішті ұсыну міндеті көрсетіледі.

  Мемлекеттік кірістер
органдарының Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің аумағынан
тауарларды әкелу және жанама
салықтарды төлеу туралы
өтініште импортталған
акцизделетін тауарлар бойынша
акциздің және импортталған
тауарлар бойынша қосылған құн
салығын төлеу фактісін тиісті
белгі қою арқылы растауы не
растаудан уәжді бас тартуы
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді тіркеу журналы

Тірке у нөмері

Өтінішттерді мемлекеттік кірістер органына табыс еткен күні

Салық төлеушінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш парақтарының саны

Өтінішті тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Өтінішті тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының қолы

Өтінішке мемлекеттік кірістер органы белгі қойған күн

Өтініштің үш данасын қолға берген (пошта арқылы жолданған) күн

қолға табыс етілді

пошта арқылы жолданды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















      Кестенің жалғасы

Мемлекеттік кірістер органының белгісімен Өтініштердін 3 (үш) данасын алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Мемлекеттік кірістер органының белгісімен Өтініштердің 3 (үш) данасын алған тұлғаның қолы

Белгіні қойған (белгі қоюдан бас тарту туралы хабарламаны дайындаған) лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Салық төлеушіге мемлекеттік кірістер органының белгі қоюдан бас тарту туралы хабарламаны жолдаған күні

11

12

13

14









  Мемлекеттік кірістер
органдарының Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің аумағынан
тауарларды әкелу және жанама
салықтарды төлеу туралы
өтініште импортталған
акцизделетін тауарлар бойынша
акциздің және импортталған
тауарлар бойынша қосылған құн
салығын төлеу фактісін тиісті
белгі қою арқылы растауы не
растаудан уәжді бас тартуы
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тарту

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"

      Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі)

      456-бабы 8-тармағының негізінде

      _______________________________________________________________

      мемлекеттік кірістер органының атауы

      Сізге ___________________________________________________________

      салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      немесе атауы

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

      _______________________________________________________________

      тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Өтініш бойынша жанама

      салықтарды төлеу (328.00-нысан) фактісін растаудан бас тарту туралы хабарлайды

      Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі және күні

      Нөмірі _________________ Күні ___________________________________

      Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті тіркеу нөмірі

      ___________________________________________________

      Салық кезеңі: жылы __________ айы ________________________________

      Мынадай себептер бойынша (тиісті ұяшыққа Х көрсетіңіз):

1) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші ұсынған Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттарда қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталған;



2) қағаз жеткізгіште ұсынылған Өтініште көрсетілген деректердің салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысанда ұсынылған Өтініш деректеріне сәйкес келмеген;



3) Өтініште көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық көлемде төленбеген;



4) салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомалары төмендетілген, осыған байланысты салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылады;



5) Өтінішті толтыру "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) "Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысан)" Салық есептілігін толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес келмейді;
6) Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған.




      Анықталған бұзушылықтардың мәні

      ___________________________________________________________________

      Салық кодексінің 456-бабы 9-тармағына сәйкес Сіз растаудан уәжді бас тартуды

      алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып,

      жаңа Өтінішті ұсынасыз.

      Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары)

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

      Мөр орны

      Салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілгені (жіберілгені) туралы белгі:

      _____________________________________________________________

      мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының тегі, аты және әкесінің аты

      (ол болған жағдайда), қолы, күні

      Алғаны туралы белгі

      _______________________________________________________________

      салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда),

      қолы, күні

      Алған күні ______________________________________________________

  Мемлекеттік кірістер
органдарының Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің аумағынан
тауарларды әкелу және жанама
салықтарды төлеу туралы
өтініште импортталған
акцизделетін тауарлар бойынша
акциздің және импортталған
тауарлар бойынша қосылған құн
салығын төлеу фактісін тиісті
белгі қою арқылы растауы не
растаудан уәжді бас тартуы
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы хабарлама

      Сатып алушының сәйкестендіру нөмірі ХХХХХХХХХХХХ

      Сатып алушының атауы _____________________________________________

      Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің деректемелері

      ХХ.ХХ.ХХХХ № ХХХХХХХХ

      Салық кезеңі:____________________________________________________

      Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің кіріс

      (тіркеу) нөмірі _______________________________________________

      Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің тіркелген

      күні ______________________________________________________

      Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы кері қайтарылған өтініштің

      кіріс (тіркеу) нөмірі

      __________________________________________________________________

      Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы түзетілген өтініштің

      кіріс (тіркеу) нөмірі

      _______________________________________________________________

      Мемлекеттік кірістер органының коды ХХХХ

      Жанама салықтарды төлеу фактісін растаған мемлекеттік кірістер органы лаузымды

      адамының аты, тегі, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      Жанама салықтарды төлеу фактісін растау күні _____________________

Атауы

Сомасы

Валюта коды




      Қолданбалы сервердің қолы

      Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі\Өтініштің тіркеу нөмірі\ _парақ

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 4 мамырдағы
№ 425 Бұйрыққа
2-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы және растаудан уәжді бас тартуы жағдайлары

      1. Мемлекеттік кірістер органдары уәжді бас тартуды шығару жағдайлары болмаған кезде берілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке (бұдан әрі – Өтініш) сәйкес импорталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды жүргізеді.

      2. Импорталған тауарлар бойынша қосылған құн салығыны төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуы мынадай:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған;

      2) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші ұсынған Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттарда қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталған;

      3) қағаз жеткізгіште ұсынылған Өтініште көрсетілген деректер салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды нысанда ұсынылған Өтініш деректеріне сәйкес келмеген;

      4) Өтінішті толтыру "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) "Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысан)" салық есептілігін толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес емес келмеген;

      5) салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомалары төмендетілген, осыған байланысты салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылған;

      6) Өтініште көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық көлемде төленбеген жағдайларда жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил подтверждения органами государственных доходов факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам и акциза по импортированным подакцизным товарам с территории государств-членов Евразийского экономического союза в заявлении о ввозе товаров и уплате косвенных налогов путем проставления соответствующей отметки либо мотивированного отказа в подтверждении, а также случаи подтверждения органами государственных доходов факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам либо мотивированного отказа в подтверждении

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 мая 2021 года № 425. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2021 года № 22690.

      В соответствии с пунктом 7 статьи 456 и пунктом 5 статьи 475 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:

      1) Правила подтверждения органами государственных доходов факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам и акциза по импортированным подакцизным товарам с территории государств-членов Евразийского экономического союза в заявлении о ввозе товаров и уплате косвенных налогов путем проставления соответствующей отметки либо мотивированного отказа в подтверждении согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) случаи подтверждения органами государственных доходов факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам либо мотивированного отказа в подтверждении согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра финансов Республики Казахстан от 6 февраля 2018 года № 134 "Об утверждении Правил подтверждения органами государственных доходов факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам и акциза по импортированным подакцизным товарам с территории государств-членов Евразийского экономического союза" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16428).

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Приложение 1 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 4 мая 2021 года № 425

Правила подтверждения органами государственных доходов факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам и акциза по импортированным подакцизным товарам с территории государств-членов Евразийского экономического союза в заявлении о ввозе товаров и уплате косвенных налогов путем проставления соответствующей отметки либо мотивированного отказа в подтверждении

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила подтверждения органами государственных доходов факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам и акциза по импортированным подакцизным товарам с территории государств-членов Евразийского экономического союза в заявлении о ввозе товаров и уплате косвенных налогов путем проставления соответствующей отметки либо мотивированного отказа в подтверждении (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 7 статьи 456 и пунктом 5 статьи 475 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс) и определяют порядок подтверждения органами государственных доходов факта уплаты налога на добавленную стоимость и акциза по импортированным с территории государств-членов Евразийского экономического союза товарам, путем проставления соответствующей отметки либо мотивированного отказа в подтверждении (далее – косвенные налоги) в заявлении о ввозе товаров и уплате косвенных налогов (далее – Заявление).

      2. Представление Заявления производится на бумажном носителе (в четырех экземплярах) и в электронной форме в соответствии с пунктом 3 статьи 456 Налогового кодекса, либо только в электронной форме согласно пункту 4 статьи 456 Налогового кодекса.

Глава 2. Порядок подтверждения факта уплаты косвенных налогов по Заявлениям, представленным на бумажном носителе и в электронной форме, либо мотивированного отказа в подтверждении

      3. Подтверждение органами государственных доходов факта уплаты косвенных налогов в Заявлении, представленного на бумажном носителе (в четырех экземплярах) и в электронной форме, заверенное электронной цифровой подписью, производится в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня поступления Заявления на бумажном носителе и в электронной форме и документов, предусмотренных пунктом 2 статьи 456 Налогового кодекса, путем проставления соответствующей отметки на четырех экземплярах Заявления.

      4. Отметка о подтверждении факта уплаты косвенных налогов проставляется во втором разделе Заявления и заверяется:

      подписью должностного лица, проставившего отметку, с указанием его фамилии, имени и отчества (при его наличии), даты проставления отметки;

      подписью руководителя (заместителя руководителя) органа государственных доходов, с указанием его фамилии, имени и отчества (при его наличии), даты подписи;

      печатью органа государственных доходов.

      5. Один экземпляр Заявления остается в органе государственных доходов, три экземпляра с отметками возвращаются налогоплательщику (налоговому агенту) либо его законному или уполномоченному представителю (далее – представитель).

      При этом налогоплательщик либо его представитель получают соответствующие три экземпляра Заявления под роспись в журнале регистрации заявлений о ввозе товаров и уплате косвенных налогов по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      6. Мотивированный отказ в подтверждении факта уплаты косвенных налогов производится органом государственных доходов в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня поступления Заявления на бумажном носителе и в электронной форме путем направления налогоплательщику (налоговому агенту) мотивированного отказа в подтверждении факта уплаты косвенных налогов на бумажном носителе по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      В мотивированном отказе в подтверждении указываются выявленные несоответствия (нарушения), а также обязанность представления налогоплательщиком Заявления с устранением нарушений в течение 15 (пятнадцати) календарных дней с даты получения мотивированного отказа в подтверждении.

      Мотивированный отказ в подтверждении выдается в двух экземплярах, один экземпляр которого остается в органе государственных доходов, второй экземпляр мотивированного отказа в подтверждении с тремя экземплярами Заявления вручается налогоплательщику (налоговому агенту) либо его представителю.

Глава 3. Порядок подтверждения факта уплаты косвенных налогов по Заявлениям, представленным только в электронной форме либо мотивированного отказа в подтверждении

      7. Подтверждение органами государственных доходов факта уплаты косвенных налогов по Заявлениям, представленным только в электронной форме, заверенной электронной цифровой подписью, в соответствии с пунктом 4 статьи 456 Налогового кодекса, производится в течение 3 (трех) рабочих дней со дня его поступления путем направления налогоплательщику (налоговому агенту) уведомления о подтверждении факта уплаты косвенных налогов в электронной форме, заверенной электронной цифровой подписью должностного лица, по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      8. Мотивированный отказ в подтверждении факта уплаты косвенных налогов производится органом государственных доходов в течение 3 (трех) рабочих дней со дня поступления Заявления в электронной форме, заверенной электронной цифровой подписью, путем направления налогоплательщику (налоговому агенту) мотивированного отказа в подтверждении в электронной форме, заверенной электронной цифровой подписью должностного лица, по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      В мотивированном отказе в подтверждении указываются выявленные несоответствия (нарушения), а также обязанность представления налогоплательщиком (налоговым агентом) в органы государственных доходов Заявления с устранением нарушений в соответствии с пунктом 9 статьи 456 Налогового кодекса в течение 15 (пятнадцати) календарных дней с даты получения мотивированного отказа в подтверждении.

  Приложение 1 к Правилам
подтверждения органами
государственных доходов факта
уплаты налога на добавленную
стоимость по импортированным
товарам и акциза по
импортированным подакцизным
товарам с территории
государств-членов Евразийского
экономического союза в
заявлении о ввозе товаров и
уплате косвенных налогов путем
проставления соответствующей
отметки либо мотивированного
отказа в подтверждении
  форма

Журнал регистрации заявлений о ввозе товаров и уплате косвенных налогов

Регистрационный номер

Дата представления Заявления в орган государственных доходов

Наименование Фамилия Имя Отчество (при его наличии) налогоплательщика

Бизнес идентификационный номер/индивидуальный идентификационный номер….

Количество листов заявления

Фамилия Имя Отчество (при его наличии) должностного лица органа государственных доходов, осуществившего регистрацию Заявления

Подпись должностного лица органа государственных доходов, осуществившего регистрацию Заявления

Дата проставления отметки органа государственных доходов на Заявлении

Дата выдачи на руки (направления по почте) трех экземпляров Заявления

вручено на руки

направлено по почте

1

2

3

4

5

 6

7

8

9

10





















      Продолжение таблицы

Фамилия Имя Отчество (при его наличии) лица, получившего 3 (три) экземпляра Заявления с отметкой органа государственных доходов

Подпись лица, получившего 3 (три) экземпляра Заявления с отметкой органа государственных доходов

Фамилия Имя Отчество (при его наличии) должностного лица, проставившего отметку (подготовившего уведомление об отказе в проставлении отметки)

Дата отправки налогоплательщику уведомления об отказе в проставлении отметки органа государственных доходов

11

12

13

14









  Приложение 2 к Правилам
подтверждения органами
государственных доходов факта
уплаты налога на добавленную
стоимость по импортированным
товарам и акциза по
импортированным подакцизным
товарам с территории
государств-членов Евразийского
экономического союза в
заявлении о ввозе товаров и
уплате косвенных налогов путем
проставления соответствующей
отметки либо мотивированного
отказа в подтверждении
  форма

      Мотивированный отказ в подтверждении факта уплаты косвенных налогов

      На основании пункта 8 статьи 456 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и
других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс)
_____________________________________________________________________________
            наименование органа государственных доходов
уведомляет Вас _________________________________________________________________
                  фамилия, имя и отчество (при его наличии) или наименование
налогоплательщика (налогового агента) Бизнес-идентификационный номер (БИН) или
индивидуальный идентификационный номер (ИИН)
_______________________________________________________________________________
об отказе в подтверждении факта уплаты косвенных налогов по Заявлению о ввозе товаров
и уплате косвенных налогов (форма 328.00)
Номер и дата Заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов
Номер _____________________________
Дата _______________________________
Регистрационный номер Заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов
_______________________________________________________________________________
Налоговый период: месяц __________ год ______________________________

По следующим причинам (укажите Х в соответствующей ячейке):


1) установления несоответствия сведений, указанных в Заявлении, сведениям, содержащимся в представленных налогоплательщиком документах, предусмотренных пунктом 2 статьи 456 Налогового кодекса;



2) несоответствия данных, указанных в Заявлении, представленном на бумажном носителе, данным Заявления, представленному в электронном виде, заверенному электронной цифровой подписью налогоплательщика;



3) неуплаты, а также уплаты не в полном объеме исчисленных сумм косвенных налогов, указанных в Заявлении;



4) занижения размера облагаемого импорта и (или) сумм косвенных налогов по импортированным товарам, в связи с которым осуществляется корректировка размера облагаемого импорта;



5) заполнения Заявления не в соответствии с Правилами заполнения и представления налоговой отчетности "Заявление о ввозе товаров и уплате косвенных налогов (форма 328.00)", утвержденным приказом Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 20 января 2020 года № 39 "Об утверждении форм налоговой отчетности и правил их составления" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19897);



6) непредставления документов, предусмотренных пунктом 2 статьи 456 Налогового кодекса.



      Суть выявленных нарушений _______________________________________________
В соответствии с пунктом 9 статьи 456 Налогового кодекса Вы представляете новое
Заявление с устранением нарушений в течение 15 (пятнадцати) календарных дней с даты
получения Мотивированного отказа в подтверждении.
Руководитель (заместитель руководителя) органа государственных доходов:
_______________________________________________________________________________
            фамилия, имя и отчество (при его наличии), подпись
Место для печати
Отметка о вручении (отправлении) налогоплательщику (налоговому агенту)
_______________________________________________________________________________
            фамилия, имя и отчество (при его наличии) должностного лица
            государственного органа, подпись, дата
Отметка о получении
_______________________________________________________________________________
      фамилия, имя и отчество (при его наличии) налогоплательщика
            (налогового агента), подпись, дата
Дата получения_____________________________________________________

  Приложение 3 к Правилам
подтверждения органами
государственных доходов факта
уплаты налога на добавленную
стоимость по импортированным
товарам и акциза по
импортированным подакцизным
товарам с территории
государств-членов Евразийского
экономического союза в
заявлении о ввозе товаров и
уплате косвенных налогов путем
проставления соответствующей
отметки либо мотивированного
отказа в подтверждении
  форма

            Уведомление о подтверждении факта уплаты косвенных налогов

      Идентификационный номер покупателя ХХХХХХХХХХХ

      Наименование покупателя ________________________________________________

      Реквизиты заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов
№ ХХХХХХХХ от ХХ.ХХ.ХХХХ

      Налоговый период: ______________________________________________________

      Входящий (регистрационный) номер заявления о ввозе товаров и уплате косвенных
налогов ______________________________________________________________________

      Дата регистрации заявления о ввозе товаров и уплате косвенных налогов

      Входящий (регистрационный) номер отзываемого заявления о ввозе товаров и уплате
косвенных налогов _____________________________________________________________

      Входящий (регистрационный) номер корректируемого заявления о ввозе товаров
и уплате косвенных налогов ______________________________________________________

      Код органа государственных доходов ХХХХ

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) должностного лица органа
государственных доходов, подтвердившего факт уплаты косвенных налогов
________________________________________________________________________________

      Дата подтверждения факт уплаты косвенных налогов ___________________

Наименование

Сумма

Код валюты




      Подпись прикладного сервера Идентификационный номер налогоплательщика\Регистрационный номер Заявления\Лист из

  Приложение 2 к приказу
Министра финансов
Республики Казахстан
от 4 мая 2021 года № 425

Случаи подтверждения органами государственных доходов факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам либо мотивированного отказа в подтверждении

      1. При отсутствии случаев, по которым выносится мотивированный отказ органами государственных доходов, производится подтверждение факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам согласно поданному заявлению о ввозе товаров и уплате косвенных налогов (далее – Заявление).

      2. Мотивированный отказ в подтверждении факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам осуществляется в случаях:

      1) непредставления документов, предусмотренных пунктом 2 статьи 456 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Налоговый кодекс);

      2) установления несоответствия сведений, указанных в Заявлении, сведениям, содержащимся в представленных налогоплательщиком документах, предусмотренных пунктом 2 статьи 456 Налогового кодекса;

      3) несоответствия данных, указанных в Заявлении, представленном на бумажном носителе, данным Заявления, представленном в электронной форме, заверенной электронной цифровой подписью налогоплательщика;

      4) несоответствия заполнения Заявления Правилам заполнения и представления налоговой отчетности "Заявление о ввозе товаров и уплате косвенных налогов (форма 328.00)", утвержденным приказом Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 20 января 2020 года № 39 "Об утверждении форм налоговой отчетности и правил их составления" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19897);

      5) занижения размера облагаемого импорта и (или) сумм косвенных налогов по импортированным товарам, в связи с которым осуществляется корректировка размера облагаемого импорта;

      6) неуплаты, а также уплаты не в полном объеме исчисленных сумм косвенных налогов, указанных в Заявлении.