БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16575 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабы 16-тармақшасына, 26-бабының 10-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағының 1-3) тармақшасына және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын мәліметтер нысаны бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
агентігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 434 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығына 1-қосымша |
|
нысан |
20____ жылғы "___" ______________ 20___ жылғы "____" ________________ аралығындағы кезең үшін құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер
тенге |
№ реті бойынша№ | Коллекторлық агенттіктің атауы | Коллекторлық агенттіктің БСН* | Талап ету құқығын коллекторлық агенттікке берген кредитордың атауы | Коллекторлық агенттікке талап ету құқығын берген кредитордың (екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары) БСН* | Қарыз алушының (борышкердің) атауы/Т.А.Ә.*** | Қарыз алушының (борышкердің) ЖСН**/ БСН* | Қарыз шартының № |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
кестенің жалғасы
Қарыз шартын жасасу күні | Қарыз шартының аяқталған күні | Құқықтың (талап етудің) өту шарттарын қамтитын шартының № және шарт жасасудың күні | Талап ету құқығының сатып алу құны | Коллекторлық агенттік сатып алған берешек | Сатып алу кезінен бастап өспелі қорытындымен берешек өтелді | Есепті салық кезеңі үшін берешек өтелді | |||
Барлығы | негізгі борыш | сыйақы | айыппұл, өсімпұл және тағы басқалары түріндегі басқа есептеулер | ||||||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
Ескертпе:
* БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
** ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.
*** Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
17, 18 – бағандарды екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар толтырмайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 434 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығына 2-қосымша |
|
нысан |
20____ жылғы "___" ______________ жағдайы бойынша құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұсынатын мәліметтер
мың теңге |
Коллекторлық агенттіктің атауы | Коллекторлық агенттіктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Есепті кезеңде сатып алынған талап ету құқықтарының көлемі | |||
Барлығы | соның ішінде | ||||
Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары | Микроқаржы ұйымдар | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
кестенің жалғасы
Есепті кезеңде өндіріп алынған берешек сомасы | Есепті кезеңнің соңында иеленген талаптардың ағымдағы қалдығы | ||||||
Барлығы | соның ішінде | Барлығы | соның ішінде | ||||
Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары | Микроқаржы ұйымдар | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар | Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары | Микроқаржы ұйымдар | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар | ||
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |