Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 наурызда № 16575 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 16) және 16-1) тармақшаларына, 26-бабының 10-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағының 1-3) тармақшасына және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.06.2023 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сатып алынған және өндіріп алынған қарыздардың көлемі бойынша ұсынатын мәліметтер нысаны;

      3) коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтер нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.06.2023 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі Төрағасы

      Д. Ақышев_________________

      20118 жылғы 26 ақпан

 
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 291 бұйрығына
1-қосымша
  нысан

20____ жылғы "___" ______________ 20___ жылғы "____" ________________ аралығындағы кезең үшін құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 06.05.2021 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  тенге

№ реті бойынша№

Коллекторлық агенттіктің атауы

Коллекторлық агенттіктің БСН*

Талап ету құқығын коллекторлық агенттікке берген кредитордың атауы

Коллекторлық агенттікке талап ету құқығын берген кредитордың (екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары) БСН*

Қарыз алушының (борышкердің) атауы/Т.А.Ә.***

Қарыз алушының (борышкердің) ЖСН**/ БСН*

Қарыз шартының №

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Қарыз шартын жасасу күні

Қарыз шартының аяқталған күні

Құқықтың (талап етудің) өту шарттарын қамтитын шартының № және шарт жасасудың күні

Талап ету құқығының сатып алу құны

Коллекторлық агенттік сатып алған берешек

Сатып алу кезінен бастап өспелі қорытындымен берешек өтелді

Есепті салық кезеңі үшін берешек өтелді

Барлығы

негізгі борыш

сыйақы

айыппұл, өсімпұл және тағы басқалары түріндегі басқа есептеулер

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18











      Ескертпе:

      * БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ** ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

      *** Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      17, 18 – бағандарды екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар толтырмайды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 291 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

20___ жылғы "___" ________ жағдай бойынша құқықтың (талап етудің) өту
жағдайларын қамтитын, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі сатып алынған және өндіріп алынған қарыздардың
көлемі бойынша ұсынатын мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.06.2023 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      мың теңге

Коллекторлық агенттіктің атауы

Коллекторлық агенттіктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Есепті кезеңде сатып алынған талап ету құқықтарының көлемі, оның ішінде

Барлығы

Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдары

Микроқаржы ұйымдар

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Есепті кезеңде өндіріп алынған берешек сомасы, оның ішінде

Есепті кезеңнің соңында ағымдағы қалдығы сатып алынған талаптар құқығы, оның ішінде

Барлығы

Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары

Микроқаржы ұйымдар

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

Барлығы

Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдары

Микроқаржы ұйымдар

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар

7

8

9

10

11

12

13

14









  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 291 бұйрығына
3-қосымша
  нысан

20____ жылғы "___" __________ бастап 20___ жылғы "___" ___________ кезең үшін
коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын, коллекторлық агенттікпен
жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша
өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске
асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтер

      Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.06.2023 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      мың теңге

Коллекторлық агенттіктің атауы

Коллекторлық агенттік БСН

Талап ету құқығын берген кредитордың атауы

Талап ету құқығын басқаға берген кредитордың (екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезиденті- банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары) БСН

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кредитордың ТАӘ/атауы

1

2

3

4

5

6







      кестенің жалғасы

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кредитордың ЖСН/БСН

Қарыз алушының (борышкердің)ТАӘ/ атауы

Қарыз алушының (борышкердің) БСН/ЖСН

Қарыз шартының

Қарыз шартын жасасу күні

Қарыз шартының аяқталу күні

Шарттыңжәне құқықтың (талаптың) ауысу талаптарын қамтитын шартты жасасу күні

7

8

9

10

11

12

13








      кестенің жалғасы

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кредитордың сатып алған берешегі

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап есептелген сыйақы

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап айыппұлдар, өсімпұлдар және басқалар түріндегі өзге де есептеулер

Барлығы

негізгі қарыз

сыйақы

айыппұлдар, өсімпұлдар және басқалар түріндегі өзге де есептеулер

14

15

16

17

18

19







      кестенің жалғасы

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша есептелген сыйақылар мен өзге де есептеулерді қоспағанда, сатып алынған сәттен бастап өспелі қорытындымен берешек өтелді

Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап өспелі қорытындымен есептелген сыйақылар мен өзге де есептеулер өтелді

Есепті салық кезеңі үшін коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша есептелген сыйақыларды және құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап өзге де есептеулерді қоспағанда, сатып алынған сәттен бастап өспелі қорытындымен берешек өтелді

Есепті салық кезеңі үшін коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап өспелі қорытындымен есептелген сыйақылар мен өзге де есептеулер өтелді

20

21

22

23





      Аббревиатураларды ашып жазу:

      СН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке-сәйкестендіру нөмірі. ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде).

      Ескертпе:

      18, 19, 20, 21, 22 және 23-бағандарды – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар толтырмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады