БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы 322/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19656 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы";
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар бекітілсін.";
қөрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар
1. Жалпы талаптар
Осы Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына қойылатын талаптар.
Үйлестірілген жұмыс орнының аппараттық сипаттамалары:
Атауы | Қолданбалы бағдарламалы қамтылыммен жұмыс істеуге арналған жұмыс станциясы | Графикалық пакеттермен, үлгілеудің бағдарламалы қамтылым пакеттерімен және өзгелермен жұмыс істеуге арналған қуаты жоғары жұмыс станциясы | Ноутбук |
1. Монитор | |||
Экран өлшемі | 1920х1080 | 1920х1080 немесе одан да көп | 1920х1080 |
Диагональ | 21.5 – 23.8 дюйм | 23.8 – 27 дюйм | 15,6 дюйм |
Порттар | HDMI және VGA, DVI және/немесе Display Port | HDMI және VGA, DVI және/немесе Display Port | HDMI |
Энергияны ақылды үнемдеу | Иә | Иә | Батарея сыйымдылығы кемінде 40 ватт/сағ |
Қауіпсіз жарқылрежимі | Иә | Иә | – |
Оқу режимі | Иә | Иә | – |
Әрекетті динамикалық синхрондау | Иә | Иә | – |
Салмағы | – | – | Ноутбуктің салмағы 2.0 кг артық емес |
2. Процессор | |||
Процессор |
Базалық тактілік жиілігі: |
Базалық тактілік жиілігі: |
Ядро саны 2-ден кем емес; |
Бейнекарта |
Орнатылған |
Дискретті | Орнатылған және/немесе дискретті |
Операциялық жүйе | Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар | Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар | Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар |
Жедел жад | DDR4 кемінде 8 Гб | DDR4 кемінде 8 Гб | LPDDR4 немесе DDR4 кемінде 8 Гбайт |
Деректерді сақтау құрылғысы | 120 – 512 Гб SSD немесе 120 Гб SSD және 1 Тб HDD | 120 – 512 Гб SSD немесе 120 Гб SSD және 1 – 4 Тб HDD | 250 Гбайт SSD |
Порттар және сымсыз деректерді беру жүйесі |
Кемінде 5 порты бар: |
Кемінде 5 порты бар: |
Кемінде 3 порты бар: |
3. Пернетақта | |||
Пернетақта | Сымды; тілдер: қазақша (кириллица)/орысша/ағылшынша әріптерді зауыттық орнатумен | Сымды; тілдер: қазақша (кириллица)/орысша/ағылшынша әріптерді зауыттық орнатумен |
Тілдер: қазақша (кириллица)/орысша/ағылшынша әріптерді зауыттық орнатумен; |
4. Тінтуір | |||
Тінтуір | Сымды, оптикалық, USB | Сымды, оптикалық, USB | Сымды, оптикалық, USB |
5. Web-камера | |||
Web-камера | Түсіру рұқсаты кем дегенде 1280x720 нүктесі және бейне түсіру үшін кемінде 720PHD ажыратымдылығы бар | Түсіру рұқсаты кем дегенде 1280x720 нүктесі және бейне түсіру үшін кемінде 720PHD ажыратымдылығы бар | Түсіру рұқсаты кем дегенде 1280x720 нүктесі және бейне түсіру үшін кемінде 720PHD ажыратымдылығы бар |
6. Құлаққап / микрофон | |||
Құлаққап / микрофон | Орнатылған микрофоны бар құлаққаптар | Орнатылған микрофоны бар құлаққаптар | Орнатылған микрофоны бар құлаққаптар |
3. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың терминалды жүйесіне қойылатын талаптар
Терминалды жүйе – қосымшалармен терминалды ортада немесе жіңішке клиент бағдарламаларымен клиенттік-серверлік архитектурада жұмыс істеуге арналған жіңішке немесе нөлдік клиент.
Терминалды жүйеге арналған аппараттық сипаттамалар:
Атауы | Сипаттамалары |
Процессор |
Тактілік жиілігі: |
Бейнекарта | Орнатылған |
Операциялық жүйе | Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар |
Порттар және сымсыз деректерді беру жүйесі |
USB – кемінде 4 портты (2.0, 3.1); |
4. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің компоненті – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі сыныптауышының санаттарына сәйкес жиынтығында тұтастай бір, өзара байланысты элементтер құрамында белгілі бір функцияны немесе функциялар жиынтығын орындайтын бағдарламалық немесе техникалық құрал.
1) Планшеттерге арналған аппараттық сипаттамалар:
Атауы | Сипаттамалары |
Экран өлшемі | 1920х1200 немесе одан да көп |
Диагональ | 10 дюймнан кем емес |
Энергияны ақылды үнемдеу |
Батарея сыйымдылығы: |
Қауіпсіз жарқыл режимі | Иә |
Оқу режимі | Иә |
Әрекетті динамикалық синхрондау | Иә |
Процессор |
Базалық тактілік жиілігі: |
Бейнекарта | Орнатылған, бейне жады көлемі-кемінде 2 Гб |
Операциялық жүйе | Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар |
Жедел жады | 4 Гб-тан кем емес |
Деректерді сақтау құрылғысы | 64 Гб-тан кем емес |
Порттар және сымсыз деректер жүйелері |
USB Type-C |
Пернетақта | Пернетақта-қаб (қажет болған жағдайда) |
Web-камера | Алдынғы камера – 5 Мп, артқы камера – 8 Мп |
Құлаққап/микрофон |
Орнатылған динамиктер, |
Стилус | Иә |
2) Моноблоктарға арналған аппараттық сипаттамалар:
Атауы | Кеңсе қосымшаларымен жұмыс істеуге арналған орташа қуатты моноблок | Графикалық пакеттермен, үлгілеудің бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерімен және басқаларымен жұмыс істеуге арналған қуаты жоғары моноблок |
Экран өлшемі | 1920х1080 | 1920х1080 немесе одан да көп |
Диагональ | 21.5 – 23.8 дюйм | 23.8 – 27 дюйм |
Порттар | HDMI | HDMI және VGA, DVI және/немесе Display Port |
Энергияны ақылды үнемдеу | Иә | Иә |
Қауіпсіз жарқыл режимі | Иә | Иә |
Оқу режимі | Иә | Иә |
Әрекетті динамикалық синхрондау | Иә | Иә |
Процессор |
Базалық тактілік жиілігі: |
Базалық тактілік жиілігі: |
Бейнекарта | Орнатылған және/немесе дискретті бейне жады көлемі-кемінде 2 Гб |
Дискретті, Бейне жады көлемі: |
Операциялық жүйе | Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар | Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар |
Жедел жады |
DDR4 |
DDR4 |
Деректерді сақтау құрылғысы | 120 – 512 Гб SSD немесе 120 Гб SSD немесе 1 Тб HDD | 120 – 512 Гб SSD немесе 120 Гб SSD және 1 – 4 Тб HDD |
Порттар және сымсыз деректер жүйелері |
Кемінде 4 порттың болуы: |
Кемінде 4 порттың болуы: |
Пернетақта | Сымды; тілдер: қазақша (кириллица)/орысша/ағылшынша әріптерді зауыттық орнатумен | Сымды; тілдер: қазақша (кириллица)/орысша/ағылшынша әріптерді зауыттық орнатумен |
Тінтуір | Сымды, оптикалық, USB | Сымды, оптикалық, USB |
Web-камера | Түсіру рұқсаты кем дегенде 1280x720 нүктесі және бейне түсіру үшін кемінде 720 HD ажыратымдылығы бар | Түсіру рұқсаты кем дегенде 1280x720 нүктесі және бейне түсіру үшін кемінде 720 HD ажыратымдылығы бар |
Құлаққап / микрофон | Орнатылған микрофоны бар құлаққаптар | Орнатылған микрофоны бар құлаққаптар |
Ескертулер:
Гб – гигабайт;
Гбит /сек – секундына гигабиттер;
ГГц – гигагерц;
Кг – килограмм;
мАч – миллиампер сағатына;
Мб – мегабайт;
Мбит/сек – секундына мегабиттер;
Мм – миллиметр;
Мп – мегапиксель;
Нм – нанометр;
Тб – терабайт;
BIOS – Basic Input/Output System;
DDR4 – double-data-rate four synchronous dynamic random access memory;
DVI – Digital Visual Interface;
GDDR5 – Graphics Double Data Rate;
HD – High Definition;
HDD – hard (magnetic) disk drive;
HDMI – High Definition Multimedia Interface;
LPDDR4 – Low Power Double Data Rate;
SD – Secure Digital Memory Card;
SSD – Solid-State Drive;
USB – Universal Serial Bus;
VGA – Video Graphics Array;
WI-FI – Wireless Fidelity;
3G – third generation;
4G (LTE) – fourth generation.