"Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 322/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 165/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 мамырда № 22765 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы 322/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19656 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар бекітілсін.";

      қөрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 165/НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 25 қарашадағы
№ 322/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар

      1. Жалпы талаптар

      Осы Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына немесе терминалды жүйесіне, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың үйлестірілген жұмыс орнына қойылатын талаптар.

      Үйлестірілген жұмыс орнының аппараттық сипаттамалары:

Атауы

Қолданбалы бағдарламалы қамтылыммен жұмыс істеуге арналған жұмыс станциясы

Графикалық пакеттермен, үлгілеудің бағдарламалы қамтылым пакеттерімен және өзгелермен жұмыс істеуге арналған қуаты жоғары жұмыс станциясы

Ноутбук

1. Монитор

Экран өлшемі

1920х1080

1920х1080 немесе одан да көп

1920х1080

Диагональ

21.5 – 23.8 дюйм

23.8 – 27 дюйм

15,6 дюйм

Порттар

HDMI және VGA, DVI және/немесе Display Port

HDMI және VGA, DVI және/немесе Display Port

HDMI

Энергияны ақылды үнемдеу

Иә

Иә

Батарея сыйымдылығы кемінде 40 ватт/сағ

Қауіпсіз жарқылрежимі

Иә

Иә

Оқу режимі

Иә

Иә

Әрекетті динамикалық синхрондау

Иә

Иә

Салмағы

Ноутбуктің салмағы 2.0 кг артық емес

2. Процессор

Процессор

Базалық тактілік жиілігі:
2.4 ГГц – 3.6 ГГц;
Ядро саны: 2 – 4;
Кэш жады: 6 Мб – 8 Мб;
Өнімділігі:
Passmark-та кемінде 4000 балл
(https:// www. pas smar k. com/ pro duct s/ per form ance test/ dow nloa d. php);
Технологиялық процесс: 14 нм артық емес

Базалық тактілік жиілігі:
2.8 ГГц – 4.0 ГГц;
Ядро саны: 6 – 10;
Кэш жады: 8 Мб – 16 Мб;
Өнімділігі:
Passmark-та кемінде 6000 балл
(https:// www. pas smar k. com/ pro duct s/ per form ance test/ dow nloa d. php);
Технологиялық процесс: 14 нм артық емес

Ядро саны 2-ден кем емес;
Өнімділігі:
Passmark-та кемінде 5000 балл
(cpubenchmark.net/laptop.html);
Технологиялық процесс: 14 нм артық емес

Бейнекарта

Орнатылған
және/немесе дискретті, бейнежад көлемі: 2 Гб-тан көп емес

Дискретті
Бейнежад көлемі:
4 Гб – 8 Гб кем дегенде GDDR5 (кем дегенде 640 шейдерлік блок / процессор);
Өнімділігі:
Passmark-та кемінде 6000 балл
(https:// www. pas smar k. com/ pro duct s/ per form ance test/ dow nloa d. php)

Орнатылған және/немесе дискретті

Операциялық жүйе

Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар

Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар

Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар

Жедел жад

DDR4 кемінде 8 Гб

DDR4 кемінде 8 Гб

LPDDR4 немесе DDR4 кемінде 8 Гбайт

Деректерді сақтау құрылғысы

120 – 512 Гб SSD немесе 120 Гб SSD және 1 Тб HDD

120 – 512 Гб SSD немесе 120 Гб SSD және 1 – 4 Тб HDD

250 Гбайт SSD

Порттар және сымсыз деректерді беру жүйесі

Кемінде 5 порты бар:
4 USB (оның ішінде 2 корпустың алдында, кемінде 3.0);
1 аудио / микрофон немесе басқа орналасуы бар порттар үшін ағымдағы өлшемдерден жоғары;
Ethernet-жылдамдығы – 1 Гбит/сек кем емес

Кемінде 5 порты бар:
4 USB (оның ішінде 2 корпустың алдында, кемінде 3.0);
1 аудио / микрофон немесе басқа орналасуы бар порттар үшін ағымдағы өлшемдерден жоғары;
Ethernet-жылдамдығы – 1 Гбит/сек кем емес

Кемінде 3 порты бар:
2 USB (3.0-ден кем емес және бір Type-C форматынан кем емес);
1 аудио / микрофон немесе басқа орналасуы бар порттар үшін ағымдағы өлшемдерден жоғары;
Ethernet-жылдамдығы – 1 Гбит/сек кем емес;
Bluetooth 4.2 және Wi-fi AC пернесі мен BIOS арқылы өшіру мүмкіндігі бар

3. Пернетақта

Пернетақта

Сымды; тілдер: қазақша (кириллица)/орысша/ағылшынша әріптерді зауыттық орнатумен

Сымды; тілдер: қазақша (кириллица)/орысша/ағылшынша әріптерді зауыттық орнатумен

Тілдер: қазақша (кириллица)/орысша/ағылшынша әріптерді зауыттық орнатумен;
Цифрлық пернелер блогы (Numpad)

4. Тінтуір

Тінтуір

Сымды, оптикалық, USB

Сымды, оптикалық, USB

Сымды, оптикалық, USB

5. Web-камера

Web-камера

Түсіру рұқсаты кем дегенде 1280x720 нүктесі және бейне түсіру үшін кемінде 720PHD ажыратымдылығы бар

Түсіру рұқсаты кем дегенде 1280x720 нүктесі және бейне түсіру үшін кемінде 720PHD ажыратымдылығы бар

Түсіру рұқсаты кем дегенде 1280x720 нүктесі және бейне түсіру үшін кемінде 720PHD ажыратымдылығы бар

6. Құлаққап / микрофон

Құлаққап / микрофон

Орнатылған микрофоны бар құлаққаптар

Орнатылған микрофоны бар құлаққаптар

Орнатылған микрофоны бар құлаққаптар

      3. Мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың терминалды жүйесіне қойылатын талаптар

      Терминалды жүйе – қосымшалармен терминалды ортада немесе жіңішке клиент бағдарламаларымен клиенттік-серверлік архитектурада жұмыс істеуге арналған жіңішке немесе нөлдік клиент.

      Терминалды жүйеге арналған аппараттық сипаттамалар:

Атауы

Сипаттамалары

Процессор

Тактілік жиілігі:
1.2 ГГц – 2.8 ГГц;
Ядролардың саны: 2 – 8

Бейнекарта

Орнатылған

Операциялық жүйе

Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар

Порттар және сымсыз деректерді беру жүйесі

USB – кемінде 4 портты (2.0, 3.1);
Ethernet-жылдамдығы:
100 Мбит/сек – 1 Гбит/сек;
HDMI – 1 портты

      4. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің компоненттеріне қойылатын талаптар.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің компоненті – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісі сыныптауышының санаттарына сәйкес жиынтығында тұтастай бір, өзара байланысты элементтер құрамында белгілі бір функцияны немесе функциялар жиынтығын орындайтын бағдарламалық немесе техникалық құрал.

      1) Планшеттерге арналған аппараттық сипаттамалар:

Атауы

Сипаттамалары

Экран өлшемі

1920х1200 немесе одан да көп

Диагональ

10 дюймнан кем емес

Энергияны ақылды үнемдеу

Батарея сыйымдылығы:
6000 мАч кем емес

Қауіпсіз жарқыл режимі

Иә

Оқу режимі

Иә

Әрекетті динамикалық синхрондау

Иә

Процессор

Базалық тактілік жиілігі:
1.8 ГГц – 2,8 ГГц;
Ядро саны: 8-ден кем емес;
Технологиялық процесс 11 нм артық емес

Бейнекарта

Орнатылған, бейне жады көлемі-кемінде 2 Гб

Операциялық жүйе

Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар

Жедел жады

4 Гб-тан кем емес

Деректерді сақтау құрылғысы

64 Гб-тан кем емес

Порттар және сымсыз деректер жүйелері

USB Type-C
Micro-SD, 3G,4G (LTE) ұялы байланыс модулі
Wi-Fi 802.11 a/b/g/n/ac, 2.4 + 5ГГц;
Bluetooth v5;
Зарядтау/құлаққап порты (құлаққап үшін мүмкін
бөлек қосқыш (3.5 мм))

Пернетақта

Пернетақта-қаб (қажет болған жағдайда)

Web-камера

Алдынғы камера – 5 Мп, артқы камера – 8 Мп

Құлаққап/микрофон

Орнатылған динамиктер,
микрофон

Стилус

Иә

      2) Моноблоктарға арналған аппараттық сипаттамалар:

Атауы

Кеңсе қосымшаларымен жұмыс істеуге арналған орташа қуатты моноблок

Графикалық пакеттермен, үлгілеудің бағдарламалық қамтамасыз ету пакеттерімен және басқаларымен жұмыс істеуге арналған қуаты жоғары моноблок

Экран өлшемі

1920х1080

1920х1080 немесе одан да көп

Диагональ

21.5 – 23.8 дюйм

23.8 – 27 дюйм

Порттар

HDMI

HDMI және VGA, DVI және/немесе Display Port

Энергияны ақылды үнемдеу

Иә

Иә

Қауіпсіз жарқыл режимі

Иә

Иә

Оқу режимі

Иә

Иә

Әрекетті динамикалық синхрондау

Иә

Иә

Процессор

Базалық тактілік жиілігі:
2.4 ГГц – 3.6 ГГц;
Ядро саны: 2 – 4; Кэш жады: 6 Мб – 8 Мб
Өнімділігі:
Passmark-та кемінде 4000 балл;
Технологиялық процесс 14 нм артық емес

Базалық тактілік жиілігі:
2.8 ГГц – 4.0 ГГц;
Ядро саны: 6– 10; Кэш жады: 8 Мб – 16 Мб
Өнімділігі:
Passmark-та кемінде 6000 балл;
Технологиялық процесс 14 нм артық емес

Бейнекарта

Орнатылған және/немесе дискретті бейне жады көлемі-кемінде 2 Гб

Дискретті, Бейне жады көлемі:
4 Гб – 8 Гб
GDDR5 кем емес (640 шейдерлік блоктардан/процессорлардан кем емес);
Өнімділігі:
passmark-та кемінде 6000 балл

Операциялық жүйе

Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар

Мемлекеттік тілде графикалық интерфейсі бар

Жедел жады

DDR4
8 Гб кем емес

DDR4
8 Гб кем емес

Деректерді сақтау құрылғысы

120 – 512 Гб SSD немесе 120 Гб SSD немесе 1 Тб HDD

120 – 512 Гб SSD немесе 120 Гб SSD және 1 – 4 Тб HDD

Порттар және сымсыз деректер жүйелері

Кемінде 4 порттың болуы:
3 USB (3.0 кем емес);
1 аудио / микрофон немесе басқа орналасуы бар порттар үшін ағымдағы параметрлерден жоғары;
Ethernet - жылдамдық – 1 Гбит/сек кем емес

Кемінде 4 порттың болуы:
3 USB (3.0 кем емес);
1 аудио / микрофон немесе басқа орналасуы бар порттар үшін ағымдағы параметрлерден жоғары;
Ethernet -жылдамдық – 1 Гбит/сек кем емес

Пернетақта

Сымды; тілдер: қазақша (кириллица)/орысша/ағылшынша әріптерді зауыттық орнатумен

Сымды; тілдер: қазақша (кириллица)/орысша/ағылшынша әріптерді зауыттық орнатумен

Тінтуір

Сымды, оптикалық, USB

Сымды, оптикалық, USB

Web-камера

Түсіру рұқсаты кем дегенде 1280x720 нүктесі және бейне түсіру үшін кемінде 720 HD ажыратымдылығы бар

Түсіру рұқсаты кем дегенде 1280x720 нүктесі және бейне түсіру үшін кемінде 720 HD ажыратымдылығы бар

Құлаққап / микрофон

Орнатылған микрофоны бар құлаққаптар

Орнатылған микрофоны бар құлаққаптар

      Ескертулер:

      Гб – гигабайт;

      Гбит /сек – секундына гигабиттер;

      ГГц – гигагерц;

      Кг – килограмм;

      мАч – миллиампер сағатына;

      Мб – мегабайт;

      Мбит/сек – секундына мегабиттер;

      Мм – миллиметр;

      Мп – мегапиксель;

      Нм – нанометр;

      Тб – терабайт;

      BIOS – Basic Input/Output System;

      DDR4 – double-data-rate four synchronous dynamic random access memory;

      DVI – Digital Visual Interface;

      GDDR5 – Graphics Double Data Rate;

      HD – High Definition;

      HDD – hard (magnetic) disk drive;

      HDMI – High Definition Multimedia Interface;

      LPDDR4 – Low Power Double Data Rate;

      SD – Secure Digital Memory Card;

      SSD – Solid-State Drive;

      USB – Universal Serial Bus;

      VGA – Video Graphics Array;

      WI-FI – Wireless Fidelity;

      3G – third generation;

      4G (LTE) – fourth generation.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады