Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 54/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 мамырда № 22783 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 15 ақпандағы № 23/қе бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.02.2024 № 23/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 37-2) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділмановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Масимов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
17 мамырдағы № № 54/қе
бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы шекаралық кемелердің танып айыру белгілері және сыртқы бояуының сипаттамасы мен қолдану қағидалары "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Сипаттама және Қағида) 56-бабының 37-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын айқындайды.

      2. Осы бұйрықта қолданылатын негізгі түсініктер:

      1) кеменің су ығыстыртқыштығы - кеме корпусының су асты бөлігімен ығыстырылған су мөлшері;

      2) киль - кеме түбінің ортасынан оның алдыңғы жағының шетіне дейін өтетін және кеменің беріктігін қамтамасыз ету және орнықтылықты қамтамасыз ету үшін қызмет ететін төменгі көлденең арқалық;

      3) кеменің артқы жағы - кеме корпусының артқы шеті;

      4) конструктивтік ватерсызығы - судың тыныш бетінің жүзу кемесінің корпусымен жанасу сызығы;

      5) кеменің алдыңғы жағы - кеменің алдыңғы шеті;

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кемесі - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне тиесілі, осы бұйрықтың ережелеріне сәйкес келетін танып айыру белгілері және сыртқы бояуы бар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери қызметшісінің қол астында тұрған, корабль және катерлерде қызмет етуге арнайы дайындығы бар әскери экипаж.

      7) қондырма - соңғысы жоқ болған кезде – жоғарғы палубадан биік кеме бөлімі, төменгі жиек терезе ойығынан жоғары кеме бөлімі;

      8) мидель-шпангоут - кеменің теориялық сызбасының перпендикуляры арасындағы ұзындықтың жартысындағы тік көлденең жазықтықпен кеме корпусының қимасы;

      9) су үсті борты - палубалық сызықтың жоғарғы жиегінен шекті шөгу сызығының жоғарғы жиегіне дейінгі мидель - шпангоут бойынша бортқа тік өлшенген ара-қашықтық;

      10) Форштевень - корпустың алдыңғы шетінің сыртқы қаптамасы бекітілген және алдыңғы бөлігінде кильге өтетін кеменің алдыңғы жағындағы арқалық;

      11) Фальшборт - кемедегі палубаның борттық қоршауы.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидалары

      3. Өздерінің мақсаты бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері негізгі және қосымша болып бөлінеді.

      Негізгі танып айыру белгісі кеменің Қазақстан Республикасына тиістілігін айқындайды.

      Қосымша танып айыру белгілері кеменің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне тиістілігін айқындайды.

      Анық борттық жазбалар және борттың нөмірі кеменің қосымша танып айыру белгілері болып табылады.

      4. Кеменің сыртқы бояуының схемасы кеме үстінің түстік бояуы су үсті борты, фальшборт, қондырма және діңгек. Оның ішінде қондырма мен діңгек ақ түспен, су үсті борты мен фальшборт – қою жасыл түспен боялады.

      5. Негізгі танып айыру белгісі конструктивті ватерсызығы бойынша кеменің ұзындығының 1/20 бөлігінің жалпы ені көлбеулі екі түсті (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының түстері) жолақты білдіреді, бұл ретте түстік жолақтар келесідей тәртіпте жүреді:

      екі түсті жолақтың жалпы ұзындығының ені 1/40 көгілдір түсті жолақ;

      екі түсті жолақтың жалпы ұзындығының ені 1/10 алтын түсті жолақ;

      екі түсті жолақтың жалпы ұзындығының ені 7/8 көгілдір түсті жолақ.

      6. Негізгі танып айыру белгісі кеменің бортында, оның алдыңғы жағында орналасады.

      Жолақ конструкциялық ватерсызыққа қатысты кеменің алдыңғы жағының жоғарғы бөлігіне 70 градусқа еңкейтілген.

      Кеменің форштевні мен борттың танып айыру белгісінің негізі арасындағы арақашықтық конструкциялық ватерсызық бойынша кеменің ұзындығының 1/3 бөлігіне тең.

      7. Қосымша танып айыру белгісі JAǴALAÝ KÚZETİ және COAST GUARD борттық жазулары салмағы 15 тоннадан жоғары өзі жүретін кемелерге жазылады.

      8. JAǴALAÝ KÚZETİ борттық жазуы ақ түсті "Arial" шрифтімен жазылады, мидель-шпангоуттағы су үсті бортының биіктігі 1/3 жазуы әріптерінің биіктігі. Жазудың ұзындығы - конструктивтік ватерсызықтың 1/5 ұзындығы. Жазу симметриялы: мидель - шпангоуттың көлбеулігі бойынша, су үсті бортының биіктігі бойынша тігінен орналасады.

      9. COAST GUARD борттық жазуы қондырманың борттық бетінің жоғарғы бөлігіне қою жасыл түсті "Arial" шрифтімен жазылады. Жазудың әріптерінің биіктігі - борттық жазудың 1/3 биіктігіне тең. Жазудың ұзындығы – борттық жазудың 1/4 ұзындығына тең.

      10. Қосымша танып айыру белгісі борттық нөмірі үш таңбалы санмен белгіленеді және су үсті бортының биіктігі бойынша симметриялы, форштевеннен конструктивтік ватерсызықтың ұзындығының 1/5 қашықтығында ақ түсті "Arial" шрифтімен жазылады. Борттық нөмір сандарының биіктігі - түсіру орнында су үсті бортының 1/2 биіктігіне тең.

      11. Конструктивтік ерекшеліктерге және жердің жетіспеушілігіне байланысты танып айыру белгілері кеменің су үсті бортына жазуға мүмкін болмаған жағдайларда, соңғылары оның қондырмасына барынша рұқсат етілген пропорцияда орналастырылады.

      12. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының графикалық әлпеті және оның орналасуы осы Сипаттама және Қағиданың қосымшасында көрсетілген.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі кемелерінің
танып айыру белгілері мен
сыртқы бояуының сипаттамасы
және Қағидасына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілерінің сыртқы бояуының графикалық әлпеті



Об утверждении описания и правил применения опознавательных знаков и внешней окраски судов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 17 мая 2021 года № 54/қе. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 мая 2021 года № 22783. Утратил силу приказом Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 15 февраля 2024 года № 23/қе.

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Комитета национальной безопасности РК от 15.02.2024 № 23/қе (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 37-2) статьи 56 Закона Республики Казахстан от 16 января 2013 года "О Государственной границе Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые описание и правила применения опознавательных знаков и внешней окраски судов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      2. Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан – Директора Пограничной службы Дильманова Дархана Айткалиевича.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан
К. Масимов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Председателя Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан от
от 17 мая 2021 года
№ № 54/қе

Описание и правила применения опознавательных знаков и внешней окраски судов
Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие описание и правила применения опознавательных знаков и внешней окраски судов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (далее – Описание и Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 37-2) статьи 56 Закона Республики Казахстан от 16 января 2013 года "О Государственной границе Республики Казахстан" и определяют опознавательные знаки, порядок их применения и внешнюю окраску судов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      2. Основные понятия, используемые в настоящем приказе:

      1) водоизмещение судна - количество воды, вытесненное подводной частью корпуса судна;

      2) киль - нижняя горизонтальная балка, проходящая по середине днища судна от его носовой до кормовой оконечности и служащая для обеспечения прочности судна и обеспечения устойчивости;

      3) кормовая часть судна - задняя оконечность корпуса корабля;

      4) конструктивная ватерлиния - линия соприкосновения спокойной поверхности воды с корпусом плавающего судна;

      5) носовая часть судна - передняя оконечность судна;

      6) судно Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан - корабль или катер, принадлежащий Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, имеющий опознавательные знаки и внешнюю окраску, соответствующие положениям настоящего приказа, находящийся под командованием военнослужащего Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, с военным экипажем, имеющим специальную подготовку для службы на кораблях и катерах;

      7) надстройка - часть судна выше нижней кромки оконных вырезов, а при отсутствии последних - часть судна, расположенная выше верхней палубы;

      8) мидель - шпангоут сечение корпуса судна вертикальной поперечной плоскостью на половине длины между перпендикулярами теоретического чертежа судна;

      9) надводный борт - расстояние от верхней кромки палубной линии до верхней кромки линии предельной осадки, измеренное отвесно по борту в сечении по мидель - шпангоуту;

      10) форштевень - балка в носу судна, на которой закреплена наружная обшивка носовой оконечности корпуса и которая в носовой части переходит в киль;

      11) фальшборт - бортовое ограждение палубы на судне.

Глава 2. Описание и правила применения опознавательных знаков и внешней окраски судов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

      3. По своему назначению опознавательные знаки судов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан подразделяются на основной и дополнительные.

      Основной опознавательный знак определяет принадлежность судна к Республике Казахстан.

      Дополнительные опознавательные знаки определяют принадлежность судна к Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      Дополнительными опознавательными знаками судна являются четко различаемые бортовые надписи и бортовой номер.

      4. Внешняя окраска наносится на поверхность надводного борта, фальшборта, надстроек и мачт. При этом надстройка и мачта окрашиваются белым цветом, надводный борт и фальшборт – темно-зеленым цветом.

      5. Основной опознавательный знак представляет собой наклонную двухцветную полосу цветов Государственного флага Республики Казахстан общей шириной 1/20 части длины судна по конструктивной ватерлинии, при этом цветовые полосы наносятся по направлению от носовой в кормовую часть судна в следующей последовательности:

      полоса голубого цвета шириной 1/40 общей длины двухцветной полосы;

      полоса цвета золота шириной 1/10 общей длины двухцветной полосы;

      полоса голубого цвета шириной 7/8 общей длины двухцветной полосы.

      6. Основной опознавательный знак располагается на борту судна, в носовой его части.

      Полоса наклонена верхней частью в нос судна на 70 градусов относительно конструктивной ватерлинии.

      Расстояние между форштевнем судна и основанием бортового опознавательного знака равно 1/3 части длины судна по конструктивной ватерлинии.

      7. Дополнительные опознавательные знаки бортовые надписи "JAǴALAÝ KÚZETİ" и "COAST GUARD" наносятся на самоходные суда водоизмещением свыше 15 тонн.

      8. Бортовая надпись "JAǴALAÝ KÚZETİ" наносится шрифтом "Arial" белого цвета. Высота букв надписи - 1/3 высоты надводного борта на мидель-шпангоуте. Длина надписи - 1/5 длины конструктивной ватерлинии. Надпись располагается симметрично: по горизонтали относительно мидель-шпангоута, по вертикали относительно высоты надводного борта.

      9. Бортовая надпись "COAST GUARD" наносится на верхнюю часть бортовой поверхности надстройки шрифтом "Arial" чҰрного цвета. Высота букв надписи - 1/3 высоты бортовой надписи. Длина надписи - 1/4 длины бортовой надписи.

      10. Дополнительный опознавательный знак бортовой номер обозначается трехзначным числом и наносится шрифтом "Arial" белого цвета на расстоянии в 1/5 длины конструктивной ватерлинии от форштевня, симметрично по высоте надводного борта. Высота цифр бортового номера - 1/2 высоты надводного борта.

      11. В случаях, когда в силу конструктивных особенностей основной и дополнительные опознавательные знаки не могут быть нанесены на надводном борту судна, последние размещаются на его надстройке в максимально допустимых пропорциях.

      12. Графическое изображение опознавательных знаков и внешней окраски судов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан дано в приложении к настоящим Описанию и Правилам.

  Приложение к описанию и
правилам применения
познавательных знаков
и внешней окраски судов
Пограничной службы Комитета
национальной безопасности
Республики Казахстан

Графическое изображение опознавательных знаков и внешней окраски судов
Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан