Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 15 ақпандағы № 23/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 ақпанда № 34005 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы Ережесінің 15-тармағының 257) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын қолдану қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Казақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 54/қе бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22783 болып тіркелген) күші жойылды деп есептелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы 15 ақпандағы
№ 23/қе бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері және сыртқы бояуының сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы Ережесінің 15-тармағының 257) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын айқындайды.

      Осы бұйрықта қолданылатын негізгі түсініктер:

      1) кеменің артқы жағы - кеме корпусының артқы шеті;

      2) конструктивтік ватерсызығы - судың тыныш бетінің жүзу кемесінің корпусымен жанасу сызығы;

      3) кеменің алдыңғы жағы - кеменің алдыңғы шеті;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кемесі - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне тиесілі, осы бұйрықтың ережелеріне сәйкес келетін танып айыру белгілері және сыртқы бояуы бар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери қызметшісінің қол астында тұрған, корабль және катерлерде қызмет етуге арнайы дайындығы бар әскери экипаж.

      5) қондырма - соңғысы жоқ болған кезде – жоғарғы палубадан биік кеме бөлімі, төменгі жиек терезе ойығынан жоғары кеме бөлімі;

      6) мидель-шпангоут - кеменің теориялық сызбасының перпендикуляры арасындағы ұзындықтың жартысындағы тік көлденең жазықтықпен кеме корпусының қимасы;

      7) су үсті борты - палубалық сызықтың жоғарғы жиегінен шекті шөгу сызығының жоғарғы жиегіне дейінгі мидель - шпангоут бойынша бортқа тік өлшенген ара-қашықтық;

      8) форштевень - корпустың алдыңғы шетінің сыртқы қаптамасы бекітілген және алдыңғы бөлігінде кильге өтетін кеменің алдыңғы жағындағы арқалық;

      9) фальшборт - кемедегі палубаның борттық қоршауы.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасы

      3. Негізгі танып айыру белгісі конструктивті ватерсызығы бойыншакеменің ұзындығының 1/20 бөлігінің жалпы ені көлбеулі екітүсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының түстері жолақтыбілдіреді, бұл ретте түстік жолақтар келесідей тәртіпте жүреді:

      екі түсті жолақтың жалпы ұзындығының ені 1/40 көгілдір түсті жолақ;

      екі түсті жолақтың жалпы ұзындығының ені 1/10 алтын түсті жолақ;

      екі түсті жолақтың жалпы ұзындығының ені 7/8 көгілдір түсті жолақ.

      Жолақ конструкциялық ватерсызыққа қатысты кеменің алдыңғы жағының жоғарғы бөлігіне жетпіс градусқа еңкейтілген.

      4. Анық борттық жазбалар және борттың нөмірі кеменің қосымша танып айыру белгілері болып табылады.

      JAǴALAÝ KÚZETİ борттық жазуы ақ түсті "Arial" шрифтімен жазылады, мидель-шпангоуттағы су үсті бортының биіктігі 1/3 жазуы әріптерінің биіктігі. Жазудың ұзындығы - конструктивтік ватерсызықтың 1/5 ұзындығы. Жазу симметриялы: мидель - шпангоуттың көлбеулігі бойынша, су үсті бортының биіктігі бойынша тігінен орналасады.

      COAST GUARD борттық жазуы қондырманың борттық бетінің жоғарғы бөлігіне қою жасыл түсті "Arial" шрифтімен жазылады. Жазудың әріптерінің биіктігі - борттық жазудың 1/3 биіктігіне тең. Жазудың ұзындығы – борттық жазудың 1/4 ұзындығына тең.

      Қосымша танып айыру белгісі борттық нөмірі үш таңбалы санмен белгіленеді және су үсті бортының биіктігі бойынша симметриялы, форштевеннен конструктивтік ватерсызықтың ұзындығының 1/5 қашықтығында ақ түсті "Arial" шрифтімен жазылады. Борттық нөмір сандарының биіктігі - түсіру орнында су үсті бортының 1/2 биіктігіне тең.

      5. Қондырма мен діңгек ақ түспен, су үсті борты мен фальшборт – қою жасыл түспен боялады.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының графикалық әлпеті және оның орналасуы осы Сипаттама және Қағиданың қосымшасында көрсетілген.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі кемелерінің
танып айыру белгілері мен
сыртқы бояуының
сипаттамасына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілерінің сыртқы бояуының графикалық әлпеті


  2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын қолдану қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері және сыртқы бояуының сипаттамасын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы Ережесінің 15-тармағының 257) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын қолдану қағидаларын айқындайды.

      2. Осы бұйрықта қолданылатын негізгі түсініктер:

      1) кеменің су ығыстыртқыштығы - кеме корпусының су асты бөлігімен ығыстырылған су мөлшері;

      2) киль - кеме түбінің ортасынан оның алдыңғы жағының шетіне дейін өтетін және кеменің беріктігін қамтамасыз ету және орнықтылықты қамтамасыз ету үшін қызмет ететін төменгі көлденең арқалық;

      3) конструктивтік ватерсызығы - судың тыныш бетінің жүзу кемесінің корпусымен жанасу сызығы;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кемесі - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне тиесілі, осы бұйрықтың ережелеріне сәйкес келетін танып айыру белгілері және сыртқы бояуы бар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери қызметшісінің қол астында тұрған, корабль және катерлерде қызмет етуге арнайы дайындығы бар әскери экипаж.

      5) қондырма - соңғысы жоқ болған кезде – жоғарғы палубадан биік кеме бөлімі, төменгі жиек терезе ойығынан жоғары кеме бөлімі;

      6) мидель-шпангоут - кеменің теориялық сызбасының перпендикуляры арасындағы ұзындықтың жартысындағы тік көлденең жазықтықпен кеме корпусының қимасы;

      7) су үсті борты - палубалық сызықтың жоғарғы жиегінен шекті шөгу сызығының жоғарғы жиегіне дейінгі мидель - шпангоут бойынша бортқа тік өлшенген ара-қашықтық;

      8) форштевень - корпустың алдыңғы шетінің сыртқы қаптамасы бекітілген және алдыңғы бөлігінде кильге өтетін кеменің алдыңғы жағындағы арқалық;

      9) фальшборт - кемедегі палубаның борттық қоршауы.

      3. Өздерінің мақсаты бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері негізгі және қосымша болып бөлінеді.

      4. Негізгі танып айыру белгісі кеменің Қазақстан Республикасына тиістілігін айқындау үшін қолданылады және ол кеме бортында, оның алдыңғы жағында орналасады.

      5. Қосымша танып айыру белгілері кеменің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне тиістілігін айқындау үшін қолданылады.

      Қосымша танып айыру белгісі JAǴALAÝ KÚZETİ және COAST GUARD борттық жазулары салмағы он бес тоннадан жоғары өзі жүретін кемелерге жазылады.

      Жазу симметриялы: мидель - шпангоуттың көлбеулігі бойынша, су үсті бортының биіктігі бойынша тігінен орналасады.

      Қосымша танып айыру белгісі борттық нөмірі су үсті бортының биіктігі бойынша симметриялы, форштевеннен конструктивтік ватерсызықтың ұзындығының 1/5 қашықтығында орналасады.

      Кеменің форштевні мен борттың танып айыру белгісінің негізі арасындағы арақашықтық конструкциялық ватерсызық бойынша кеменің ұзындығының 1/3 бөлігіне тең.

      6. Сыртқы бояу су үсті борты, фальшборт, қондырма және діңгекке боялады.

      Конструктивтік ерекшеліктерге және жердің жетіспеушілігіне байланысты танып айыру белгілері кеменің су үсті бортына жазуға мүмкін болмаған жағдайларда, соңғылары оның қондырмасына барынша рұқсат етілген пропорцияда орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады