ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізу немесе алып тастау туралы шешімдер қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі |
Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасының | |
сауда және интеграция министрінің | |
2021 жылғы 1 маусымдағы | |
№ 384-НҚ бұйрығымен | |
бекітілген |
Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімдерінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізу немесе алып тастау туралы шешімдер қабылдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізу немесе алып тастау туралы шешімдер қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізу немесе алып тастау туралы шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) сәйкестікті бағалау жөніндегі орган – сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
2) сәйкестікті растау жөніндегі орган – Заңның 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
3) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар – Заңның 7-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;
4) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі – зертхана) – сынақтарды (зерттеулерді) жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі;
5) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – техникалық реттеу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізу немесе алып тастау туралы шешімдер қабылдау тәртібі
3. Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі – Тізілім) ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізуді немесе алып тастауды уәкілетті орган құратын Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізу немесе алып тастау мәселесін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың өтінішін қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады. Өтініш уәкілетті органның мекенжайына еркін нысанда жіберіледі.
4. Өтініш берушінің осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген Тізілімге енгізу шарттарына сәйкестігін тексеру мақсаттары үшін уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестікті бағалау жөніндегі органның сәйкестігі туралы ақпаратты қоса бере отырып, өтінішті тексереді және Комиссияның қарауына енгізеді.
5. Комиссияның өтінішті қарау мерзімі уәкілетті органнан келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған оның мүшелері қол қояды және ұсынымдық сипатта болады.
6. Комиссия сәйкестікті бағалау жөніндегі органның өтінішін және уәкілетті органның ақпаратын сәйкестікті бағалау жөніндегі органның мынадай шарттарға сәйкестігін қарайды:
1) сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін:
Қазақстан Республикасының мәлімделген саладағы сәйкестікті бағалау саласындағы заңнамасына сәйкес қолданыстағы аккредиттеу аттестатының болуы;
аккредиттеу саласындағы сәйкестікті растау жөніндегі органда Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауға жататын өнімнің (өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін) немесе бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің (бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін) болуы;
аккредиттеу саласына сәйкес қызметтің барлық бағыттары бойынша сәйкестікті растау жөніндегі бір органда еңбек шарты негізінде қызметін жүзеге асыратын өнім бойынша сарапшы-аудиторлардың сәйкестікті растау жөніндегі органның штатында болуы;
сәйкестікті растау жөніндегі орган басшылығында өтелмеген немесе алынбаған: сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттарды заңсыз беруге байланысты туындаған қылмыстық сотталғандықтың немесе сәйкестікті бағалау саласындағы әкімшілік сотталғандықтың болмауы;
аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе нормативтік құжаттарға (бірыңғай тізбеге енгізілген өнім үшін) не Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығаруға әкеп соққан, бір жыл ішінде анықталған бұзушылықтардың, сондай-ақ аккредиттеу аттестатының қолданылу уақытында бір техникалық регламентке қатысты жаппай бұзушылықтардың (бес және одан көп) және (немесе) үш және одан да көп техникалық регламенттер бойынша көптеген бұзушылықтардың (он және одан көп) немесе жүйелі бұзушылықтардың (мерзімді қайталанатын бұзушылықтар үш және одан көп), сәйкестік сертификаттарын негізсіз беру жағдайларының болмауы;
заңды негізде сәйкестікті растау жөніндегі органда Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне аккредиттеу саласына енгізілген өнімнің (өнім топтарының) сипаттамаларына (көрсеткіштеріне) зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізуді қамтамасыз ететін кемінде 50 (елу) пайыз көлемдегі үй-жайлардың және жабдықтың, сондай-ақ бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің болуы;
сәйкестікті растау жөніндегі орган штатында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе нормативтік құжаттардың (бірыңғай тізбеге енгізілген өнім үшін) талаптарына не Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығаруға әкеп соққан, бір жыл ішінде анықталған бұзушылықтардың, сондай-ақ аккредиттеу аттестатының қолданылу уақытында бір техникалық регламентке қатысты жаппай бұзушылықтардың (бес және одан көп) және (немесе) үш және одан да көп техникалық регламенттер бойынша көптеген бұзушылықтардың (он және одан көп) немесе жүйелі бұзушылықтардың (мерзімді қайталанатын бұзушылықтар үш және одан көп), сәйкестік сертификаттарын негізсіз беру жағдайларының болмауы;
өтініш берілген күннен бұрын 1 жыл ішінде аккредиттелген тұлғалармен сәйкестікті растау жөніндегі бірлескен жұмыстарды жүргізу кезінде, оның ішінде шет мемлекеттердің сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының нәтижесінде сәйкестікті растау туралы құжаттарды жаппай немесе жүйелі түрде негізсіз беру жағдайларына жол берілген бұзушылықтардың дәлелденген фактілерінің болмауы;
құрылымдық бөлімшесі сәйкестікті растау жөніндегі орган ретінде ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген заңды тұлғада міндетті сертификаттау жөніндегі жұмыстардың мәлімделген көлемінде орындалуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде жұмыстарға тапсырыс берушілер алдында жауапкершілікті, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау қағидаларының бұзылуына байланысты туындаған залалдар үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының (сақтандыру сомасы немесе жарғылық капиталдың мөлшері) болуы.
Аккредиттеу субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан және бұл ретте міндетті сертификаттау шеңберінде берілген өнімге өздері берген сәйкестік сертификаттарының қолданысын тоқтатпаған не инспекциялық бақылау жүргізу жөніндегі функцияларды басқа сәйкестікті растау жөніндегі басқа органдарға беруді жүзеге асырмаған сәйкестікті растау жөніндегі орган Тізілімге енгізілмейді.
2) зертханалар үшін:
Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы заңнамасына сәйкес қолданыстағы аккредиттеу аттестатының болуы;
аккредиттеу саласындағы зертханада Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін бағалауға жататын өнімнің (өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын зертханалар үшін) немесе бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің (бірыңғай тізбеге енгізілген өнімнің сәйкестігін бағалау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын зертханалар үшін) болуы;
зертхана басшылығында өтелмеген немесе алынбаған сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттарды заңсыз беруге байланысты туындаған қылмыстық сотталғандықтың немесе сәйкестікті бағалау саласындағы әкімшілік сотталғандықтың болмауы;
зертхана басшысының және оның орынбасарларының мамандығы және (немесе) даярлау бағыты бойынша аккредиттеудің барлық саласына немесе оның бөлігіне сәйкес келетін жоғары білімінің, сәйкестікті бағалау саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, бұл ретте зертхананың өтініш жіберген күннен бұрынғы 10 (он) жыл ішіндегі жұмыс тәжірибесі ескеріледі;
аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе нормативтік құжаттардың (бірыңғай тізбеге енгізілген өнім үшін) талаптарына не Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығаруға әкеп соққан, бір жыл ішінде анықталған бұзушылықтардың, сондай-ақ аккредиттеу аттестатының қолданылу уақытында бір техникалық регламентке қатысты жаппай бұзушылықтардың (бес және одан көп) және (немесе) үш және одан да көп техникалық регламенттер бойынша көптеген бұзушылықтардың (он және одан көп) немесе жүйелі бұзушылықтардың (мерзімді қайталанатын бұзушылықтар үш және одан көп), сәйкестік сертификаттарын негізсіз беру жағдайларының болмауы;
өтініш берілген күннен бұрын 1 (бір) жыл ішінде аккредиттелген тұлғалармен сәйкестікті растау жөніндегі бірлескен жұмыстарды жүргізу кезінде, оның ішінде шет мемлекеттердің сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының нәтижесінде сәйкестікті растау туралы құжаттарды жаппай немесе жүйелі түрде негізсіз беру жағдайларына жол берілген бұзушылықтардың дәлелденген фактілерінің болмауы;
құрылымдық бөлімшесі зертхана ретінде ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген заңды тұлғада міндетті сертификаттау жөніндегі жұмыстардың мәлімделген көлемінде орындалуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде жұмыстарға тапсырыс берушілер алдында жауапкершілікті, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының (сақтандыру сомасы немесе жарғылық капиталдың мөлшері) болуы.
7. Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті орган сәйкестікті бағалау жөніндегі органды Тізілімге енгізу туралы шешім қабылдайды, бұл туралы сәйкестікті бағалау жөніндегі органға хабарлама жіберіледі.
8. Сәйкестікті бағалау жөніндегі орган осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген Тізілімге енгізу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, күнтізбелік 10 (он) күн ішінде сәйкестікті бағалау жөніндегі органды Тізілімге енгізуден бас тартады.
9. Сәйкестікті бағалау жөніндегі органды Тізілімнен алып тастау уәкілетті органның шешімімен 2 (екі) жұмыс күні ішінде мына жағдайларда ресімделеді:
1) уәкілетті органға Тізілімнен алып тастау туралы сәйкестікті бағалау жөніндегі органнан өтініштің түсуі;
2) сәйкестікті бағалау жөніндегі органның аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, оның қолданылуын тоқтату, тоқтата тұру, одан айыру, күшін жою;
3) сәйкестікті бағалау жөніндегі органның осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген Тізілімге енгізу шарттарына сәйкес келмеуі.
10. Тізілімде қамтылған мәліметтер ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.