Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.05.2023 № 192 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11745 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - жәрдемақыға құқығы бар азаматтарға жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай, оның ішінде электрондық ақшамен төленетін төлем;";
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде Заңның 4-бабының 1-1), 7), 8), 8-1) тармақшаларында көрсетілген адамдар мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 223 Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне жүгінеді.";
1, 1-1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М.Әукеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын және оған 1-қосымшаны қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы |
Е. Аукенов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2021 жылғы 28 мамырдағы № 187 бұйрыққа 1-қосымша |
|
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Ауданның коды ____________________
Қазақстан Республикасы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ______________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Өтініш
Азамат (ша)_____________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні ____ жылғы "___" _____________, мынадай мекенжай бойынша тұратын:
________________________________________________________________________
Жеке шотының № __________________
Банктің атауы ___________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ___________________________________________
Жеке куәлігінің (паспортының) деректері: № _________________________________,
кім берген ________________________, берілген күні __________________________
Маған ______________________________________________________________
(санатын көрсету)
ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраймын.
Зейнетақы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы (керегін сызу) аламын.
Сіз арнаулы әлеуметтік жәрдемақыны өзге негіздер бойынша аласыз ба
________________________________________________________________________
(иә, жоқ; алатын болсаңыз, қандай негіз бойынша екенін көрсету)
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабардар етуге келісім беремін.
Төленетін жәрдемақының тоқтатылуына, тоқтатыла тұруына, мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғатын барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығу), анкеталық деректерімнің, банктік реквизиттерімнің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне 10 жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шоты және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияны ашылған жағдайда, осы шоттағы ақшаны, оның ішінде электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейді.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны ____________ ұялы ____________ Е-маіl ______________
"___" _____________ 20____ жыл
Өтініш берушінің қолы ____________________
Азамат (ша) _________________________________________ өтініші 20___ жылғы "___" ____________ № ___________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы және қолы ______________________________________
__________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтар саны | Ескертпе |
2021 жылғы 28 мамырдағы № 187 бұйрыққа 2-қосымша |
|
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 1-1-қосымша |
"Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері |
2 | Мемлекеттік қызмет ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
Жұмыс кестесі: |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі |
1. Өтініш беруші (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту негіздері |
Мыналар: |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
2021 жылғы 28 мамырдағы № 187 бұйрыққа 3-қосымша |
|
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына 2-қосымша |
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу
1. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіден өтініш берушінің санатына байланысты жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдаған кезде өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне мынадай:
1) жеке басын куәландыратын;
2) өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы;
3) "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң) 4-бабы 7) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау кезінде жасына байланысты зейнетақы төлемін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін тағайындау туралы;
4) Заңның 4-бабы 7) тармақшасында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау кезінде "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлеміне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі қосымша төлем алу туралы;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітіліген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10589 тіркелген) 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамалар;
6) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік реквизиттері туралы;
7) орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің коды туралы мәліметтерді алу үшін сұрау салуларды қалыптастырады.
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінен сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, екінші деңгейдегі банктердің және "электрондық үкімет" шлюзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.