БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15386 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi анықтамалар мен терминдер:
1) авиажолаушылар туралы деректерді жинауға және өңдеуге арналған ақпараттық жүйе − Қазақстан Республикасының аумағына келетін (оның аумағынан кететін) немесе Қазақстан Республикасының аумағында ауысып мініп транзитпен жүретін авиажолаушылар туралы ақпаратты қамтитын Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық жүйесі;
2) бас агент - шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдарды сатуға уәкілеттік берген, шетелдік тасымалдаушымен шарт және оның атынан сенімхат негізінде шетелдік тасымалдаушы көрсететін қызметтер үшін жолаушылар алдында жауапты Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға;
3) "Е-Freight" ақпараттық жүйесі – әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды автоматтандыруға және мониторинг жасауға арналған жүк авиатасымалдау саласындағы қағазсыз құжат айналымының ақпараттық жүйесі;
4) тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы - RVSM (бұдан әрі - RVSM)) - RVSM қолдана отырып, ұшуға рұқсаты бар әуе кемелерін эшелондау үшін қолданылатын тік эшелондау аралығы;
5) шетелдiк әуемен тасымалдаушы - Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік, филиал немесе бас агенттік арқылы жұмыс iстейтiн, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпания (бұдан әрі - шетелдік тасымалдаушы).";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Авиажолаушылар туралы деректерді жинауға және өңдеуге арналған ақпараттық жүйесін, сондай-ақ "Е-Freight" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құжаттарды қарастыру мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнді құрайды.";
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Индустрия және инфрақұрылымдық | |
даму министрі | Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті. |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары) | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Тегін. |
7. | Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс істеу кестесі |
1) портал - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау мен оның нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады); |
8. | Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебі көрсетілген жауапты жолдайды: |
10. | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, Электронды нысан мен Мемлекеттік корпорация арқылы қоса алғанда басқа да талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған: ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімшесінде"). |