"Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 282 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 маусымда № 22962 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15386 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi анықтамалар мен терминдер:

      1) авиажолаушылар туралы деректерді жинауға және өңдеуге арналған ақпараттық жүйе − Қазақстан Республикасының аумағына келетін (оның аумағынан кететін) немесе Қазақстан Республикасының аумағында ауысып мініп транзитпен жүретін авиажолаушылар туралы ақпаратты қамтитын Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық жүйесі;

      2) бас агент - шетелдік тасымалдаушы Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдарды сатуға уәкілеттік берген, шетелдік тасымалдаушымен шарт және оның атынан сенімхат негізінде шетелдік тасымалдаушы көрсететін қызметтер үшін жолаушылар алдында жауапты Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлға;

      3) "Е-Freight" ақпараттық жүйесі – әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды автоматтандыруға және мониторинг жасауға арналған жүк авиатасымалдау саласындағы қағазсыз құжат айналымының ақпараттық жүйесі;

      4) тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы - RVSM (бұдан әрі - RVSM)) - RVSM қолдана отырып, ұшуға рұқсаты бар әуе кемелерін эшелондау үшін қолданылатын тік эшелондау аралығы;

      5) шетелдiк әуемен тасымалдаушы - Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік, филиал немесе бас агенттік арқылы жұмыс iстейтiн, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдiк авиакомпания (бұдан әрі - шетелдік тасымалдаушы).";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Авиажолаушылар туралы деректерді жинауға және өңдеуге арналған ақпараттық жүйесін, сондай-ақ "Е-Freight" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптар ескеріледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Құжаттарды қарастыру мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнді құрайды.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және инфрақұрылымдық
      даму министрі Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министірінің
2021 жылғы 7 маусымдағы
№ 282 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасында
шетелдік әуемен
тасымалдаушыларды
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімдік арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызметті көрсету нысаны: электронды.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін.

7.

Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс істеу кестесі

1) портал - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау мен оның нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
1) өтініш;
2) шетелдік тасымалдаушы жарғысының электронды көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі немесе филиалы туралы ереженің немесе бас агент жарғысының электронды көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасында тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың электронды көшiрмелерi;
5) шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, немесе филиалының басшысына немесе бас агентке сенімхаттың электронды көшірмесі;
6) азаматтық әуе кемесін пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасының электронды көшірмесі;
7) Көрсетілетін қызметті алушыдан:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 527 бұйрығымен бекітілген Уәкілетті мемлекеттік органға және (немесе) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға ресімделген және (немесе) броньға қойылған билеттер туралы мәліметтерді беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12993 болып тіркелген) сәйкес авиажолаушылар туралы деректерді жинау және өңдеу үшін ақпараттық жүйеге мәліметтерді беруге оның дайындығын растайтын;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 1118 бұйрығымен бекітілген Әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтілімдерін және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12545 болып тіркелген) сәйкес әуе жүктері бойынша электрондық мәліметтерді "E-Freight" ақпараттық жүйесіне беру туралы кепілдік хаттың электрондық көшірмесі;
8) пайдаланушы куәлігінің және оған байланысты пайдалану ерекшеліктерінің электронды көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық әуе кемелерінің тіркеу туралы куәліктерінің электронды көшірмесі. Әуе кемесін экипажбен жалға алу кезінде әуе кемесінің ұшуларына басшылықты жүзеге асыратын пайдаланушыны көрсете отырып, пайдаланушы мемлекеттің азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның келісуі;
10) Қазақстан Республикасына ұшуларды орындауға жоспарланып отырған барлық әуе кемелерінің ұшу жарамдылық сертификатының электронды көшірмесі;
11) шетел тасымалдаушының жолаушылар және үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауаптылығының сақтандыру полисінің электронды көшірмесі;
12) Қазақстан Республикасына тұрақты рейстерді орындауға шетелдік тасымалдаушыны тағайындалғанын растайтын хаттың электронды көшірмесі ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себебі көрсетілген жауапты жолдайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Заңмен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтердің не қолданылу мерзімі өтіп кеткен мәліметтердің (құжаттардың) болуы негіз болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, Электронды нысан мен Мемлекеттік корпорация арқылы қоса алғанда басқа да талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған: ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімшесінде").
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болуы шартында электронды нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті порттар арқылы көрсеткен кезде нашар көретіндерге версия қолжетімді
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі бойынша ақпаратты алыс жердегі қолжетімділік режимінде порталда "жеке кабинет" арқылы көрсетілетін қызметті берушінің анықтамасы арқылы, және Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады